Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


«Бейнелеу өнері» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар



бет6/25
Дата30.01.2022
өлшемі0,54 Mb.
#116109
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Оқу бағдарлама Бейнелеу өнер 1-4 кл

4 «Бейнелеу өнері» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

Оқу бағдарламасына сәйкес әр сыныпқа арналған сағат саны:




Сынып

Апталық сағат саны

Жылдық сағат саны

1

1 сағат

33 сағат

2

1 сағат

34 сағат

3

1 сағат

34 сағат

4

1 сағат

34 сағат


«Бейнелеу өнері» пәнінен сабақ беруге арналған кабинет

Кабинет сабақтарды өткізуге ыңғайлы және оқушылардың кіші және үлкен топтарда еркін жұмысын қамтамасыз ету үшін жылжымалы үстелдер мен орындықтары бар үлкен бөлме болуы керек. Дәл осы кабинеттердегі жиһаздар оқушылардың жас ерекшелігіне сай орналастырылуы тиіс. «Бейнелеу өнері» пәніне байланысты түрлі іс-әрекеттер үшін қосымша жабдықталған орындар ұсынылады.

Кабинетте тиісті желдету, табиғи және жасанды жарықтандыру көздері, стационарлық жарықтандыру құралдары, жалюздер мен терезені қараңғылауға арналған жүйелер болуы керек. Кабинетте қолды және құрал-саймандарды жууға арналған раковина орнату қажет.

Бейнелеу өнері кабинетінде материалдар, арнайы жабдықтар мен аспаптарды сақтауға арналған кем дегенде бір қосымша бөлменің болғаны дұрыс.

Міндетті түрде кабинетте демонстрациялық, маркерлік, интерактивтік тақталары, көрнекі құралдарды сақтауға арналған шкафтар (материалдарға қолжетімді, ыңғайлылықты қамтамасыз етеді), шығармашылық жұмыстарды кептіруге арналған бағандар, сөрелер болу керек.
«Бейнелеу өнері» пәнін тиімді оқытуға кабинетте келесі құрал-жабдықтар болуы қажет:


  • компьютер (мұғалімнің жұмыс орнында орналасқан: монитор, жүйелі блок, пернетақта, тышқан мен колонкалар, желілік фильтрлер);

  • бағдарламалық жасақтама;

  • DVD проектор;

  • интерактивті тақта;

  • оқушыларға арналған ноутбуктер (топта жұмыс істеуге);

  • түрлі түсті принтер;

  • сканер;

  • бейнекамера;

  • фотоаппарат;

  • гипстік денелер: геометриялық (текше, шар, призма, пирамида, конус, цилиндр); анатомиялық (қол, көз, мұрын, ерін, құлақ); бедерлі өрнектер (ою-өрнектер, гүлдер, өсімдіктер); капителдер (ионикалық, дорилік, коринфтік);

  • табиғи саз (ақ, қызыл және/немесе сұр, сары), модельдеуге арналған мүсіндік ермексаз, сақтауға арналған ыдыстар;

  • мүсіндеуге арналған құрал-саймандар мен материалдар: тістеуік, қысқаш, пышақтар, ағаш таяқшалар, сызғыштар, әртүрлі диаметрлі сым, кескіш;

  • түрлі түсті жұқа киіз;

  • түрлі түсті, түрлі қалыңдықтағы жүн және мақта жіптер;

  • бантикке арналған материалдар мен құрал-саймандар, бояулар (жиынтықтар);

  • мата түрлері;

  • шығармашылыққа арналған керек-жарақтар (галантереялық өнімдер);

  • қолмен тігуге және кестелеуге арналған жиынтық;

  • түрлі текстурадағы, түстегі, тығыздықтағы және өлшемдегі қағаз бен қатырма қағаздар;

  • бояулар жиынтығы: түрлі түсті гуашь, акрил бояулар, акварель

  • түрлі түсті сия, тушь, қауырсын қаламдар;

  • барлық типті және өлшемді қылқаламдар жиынтығы (тиін, қыл, сарыкүзен);

  • шпательдер және мастихиндар жиынтығы;

  • қайшы;

  • желім: ПВА, кеңсе желімі, қарындаш-желім, «Момент» желімі, «Титан» желімі;

  • әртүрлі көлемді, түрлі түсті және екі жақты скотчтер;

  • түрлі түсті қарындаштар жиынтығы;

  • көмір, графит;

  • бор түрлері: балауызды, майлы, пастель;

  • палитра;

  • бояуларға арналған лотоктар;

  • көркем планшеттер 50*60 см;

  • жеке қорғану құралдары (қорғану көзілдіріктер, қолғаптар, жеңқаптар, алжапқыштар, биялай) үстелдерге арналған клеенкалар.

Әртүрлі жұмыстарды орындау барысында еңбек гигиенасы ережелері мен қауіпсіздік техникасын қадағалау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет