Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»


I Жалпы мәлімет 1 «Дүниетану» пәнінің маңыздылығы



бет2/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,51 Mb.
#86896
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
Оқу бағдарлама Дүниетану Бастауыш мектеп

I Жалпы мәлімет




1 «Дүниетану» пәнінің маңыздылығы


«Дүниетану» пәні оқушыларға қоршаған ортаны, түрлі қоғамдық, мәдени және табиғи үдерістер мен құбылыстарды толық, өзара байланыста танып-білуге мүмкіндік береді. Олардың қызығушылығын оятып: Біз кімбіз? Қайдан шықтық? Қайда тұрып жатырмыз? Бізді не қоршап жатыр? Біздің өткеніміз бен келешегіміз қандай? - деген сұрақтар аясында ойлануына мүмкіндік береді.


«Дүниетану» пәнінің бағдарламасы Қазақстан халқының әлеуметтік, моральдік, шығармашылық және коммуникативтік өмір тәжірибесі жөнінде кеңінен мағлұмат береді. Оқушылар өзі, өз үйі мен отбасы туралы ой қозғаудан бастап, қоршаған ортаның, дүниенің сырларын да түсіне бастайды.
«Дүниетану» пәнін оқыту:

  • оқушыларда өзіндік, қоғамдық және ұлттық сана мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырады;

  • оқушыларға қоршаған ортасы туралы ғылыми негіздерді меңгерте отырып, тарихи, географиялық тұрғыдан ойлауын дамытады;

  • оқушылар қазақстандық қоғам және өзін қоршаған әлеуметтік ортаның барлық деңгейі: өз үйі, отбасы, жергілікті және ұлттық қоғамдастық туралы білімді меңгереді;

  • оқушылар Қазақстан географиясының негіздерін, оның ландшафты және табиғи жағдайы туралы біледі;

  • Қазақстанның және бүкіл әлемнің өткен және бүгінгі күн оқиғалары, олардың себептері, өзгерістері, сабақтастығы, ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы білім қалыптастырады;

  • өткен замандағы оқиғалардың қазіргі әлемнің қалыптасуына және бүгінгі таңдағы оқиғалардың болашақтың қалыптасуына қандай әсер тигізетіні туралы түсінеді;

  • адамның тіршілік әрекетінің қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы біліп, оның тұрақты болашақтың дамуына қажеттілігін түсінеді;

  • оқушыларда өз халқының және өзге халықтардың мәдениеті, дәстүрін сыйлай білу, ұлттық және жалпы адами құндылықтарды құрметтеу сезімі қалыптасады, олар адамдардың құқықтары мен міндеттерін түсінеді;

  • қоғамдық тәртіп нормаларын біледі, оларды ұстану қажеттілігін түсінеді және әлеуметтік ортада қауіпсіздік тәртіп ережелерін сақтай білумен танысады;

  • адамгершілік қасиеттерді, толеранттылықты қалыптастырады.

«Дүниетану» пәні бойынша бағдарлама тарих, география және қоғамтану ғылымдары бойынша оқушылардың алғашқы білімдері мен түсініктерін қалыптастыруға ықпал ететін ойлау дағдыларын дамытады. «Дүниетану» пәні бағдарламасының құрылымы аталған ғылымдардың мазмұнын кіріктіру және оқу материалдары мен оқу мақсаттарын анықтауда «спираль» принципін ұстану негізінде құрастырылған. Оқу бағдарламасының мазмұны: отбасы, қоғам, қауымдастық, ұлт, мемлекет, қарым-қатынас, елді мекендер, климат, ландшафт, табиғи және техногендік апаттар, мәдениет, дін, денсаулық және т.б қоршаған ортаның негізгі аспектілерін қамтиды.
Бағдарлама пән мазмұнын меңгеру, қажетті оқу және практикалық (зерттеу, коммуникативтік, өмірлік) дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет