Байланысты: Оқу бағдарлама Дүниетану Бастауыш мектеп
Оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуда үш тілді оқытуды қолдау Жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуына көмектесе отырып, үштілділік саясатының енгізілуін қолдауы қажет. Пәнді меңгерту мақсатында мұғалімдер белгіленген пәнге сай оқушылардың «ғылыми тілін» дамытады. Бұл өз кезегінде әр сабаққа арналған тілдік мақсаттарды қамтиды. Мысалы, оқушылар Қазақстанның ауа райының ерекшеліктерін сипаттай алады. Пән мұғалімдері оқушылардың ғылыми тілді қолдануына назар аударуы және олардың тілді меңгерудегі жетістіктерін бағалауына көмек көрсетуі тиіс.
Сонымен қатар, оқушылардың ғылыми тілін қалыптастыру мақсатында мұғалім жүйелі түрде тілдік қолдау көрсетіп отыру керек, диалогте және жазба тілде қолдануға болатын тиімді тіркестерді беру арқылы.