6 Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру
Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктерді қажет етеді. Бұл құзыреттіліктер оқушылардың әлеуметтік және кәсіби орталарда, көпмәдениетті қоғамда тиімді әрі конструктивті әрекет етуіне мүмкіндік береді.
Дүниетану бағдарламасында оған жатады:
тұлғааралық құзыреттілікті дамытуға мүмкіндік беретін өзара ынтымақтастық пен тыңдауға бағытталған жұптық, топтық жұмыстарды қолдану;
түрлі ұлт өкілдері оқушыларынан тұратын топтар, жұптар құру (мысалы, қазақтілді және орыстілді оқушылардан);
өзге адамның пікіріне, дәлелдеулеріне назар аудару және құрметтей білу;
«Дүниетану» пәні тақырыптарына сәйкес сұрақтарды талқылау және диалог құру.
Достарыңызбен бөлісу: |