Музыкалық – ырғақты қимыл
Мақсаты – балалардың ырғақтық қабілеттерін мен есін, есту қабілетін дамыту.
Жаттығудың мақсаты – музыканы тыңдауды үйрету, оны қызықтыру, музыканы бөлісіп тыңдауға дайындау.
Сабақты ұйымдастырған кезде оның мақсатын ескеру керек. Ең дұрысы сабақты әнмен бастаған дұрыс немесе орындықта қолдармен және аяқпен ойнау керек.
Әдістеме
Жаттығуларды таңдау (жасы, топтағы балалардың ерекшеліктері, дене дамуы).
Тәрбиешімен алдын ала жұмыс. Әрқашан нақты және бірдей ырғақты көрсету керек, өзге қимылдарды көрсетсе балалар жаңылысады.
Кешіктірілме көрсету (3-4 сабақтан). Музыка жетекшісі көріністерді ойнайды, ал тәрбиеші көрсетуде кешігеді. Балалардың жартысы өз еркімен қимылдарды қайталайды, өзгелері тәрбиешіні күтеді.
Атрибуттарды қолдану (сылдырмақтар, қоңыраулар, қуыршақ, жалаушалар).
Бір жасқа дейін
Бала бір жасқа дейін 20-30 секунт ішінде ғана музыканы белсенді тыңдай алады. Бір сабақ 2-3 миунтқа созылады.
Екі жасында
Тыңдаудың белсенді кезеңі 40 секунтқа ғана созыла алады, үзіліс 1-2 секунтты құрайды. Сабақ 2-3 минут. Жылына репертуарда 10-12 көрініс.
Үш жасында
Тыңдау кезеңінің белсенділігі 1-1,5 минут. Үзіліс 1-2 секунт. Сабақ 4-5 минут. Жылына репертуарда 12-15 көрініс.
Достарыңызбен бөлісу: |