Аяз Ата: Жарайсың, балапаным! /бетінен сүйеді/
Тәрбиеші: Кәне, бізде шырша жағуға көмектесейік, әнімізді айтайьқ.
Балалар қайырмасын айтып жатқанда, Аяз Ата Ақшақарды қасына шақырып, шырша шамын жаққызады.
«Аяз Ата» әні.
«Кім көп қар түйіршігін жинайды?" ойыны ойналады.
Балалар:
1. Жылдың әнін бастайын,
Аяз Ата кеп қалды.
Майысады жас қайың,
Көтере алмай көп қарды.
2. Бақша іші мереке,
Ойын күлкі асқақ ән.
Жақсы әпкелер жаңа кеп,
Мерекені бастаған.
3. Жаңа жылды қарсы алдың,
Мініп алып күймеге.
Мен де бүгін ән салдым,
Араластым биге де.
4. Оралдың өлкеме,
Жаңа жыл армысың.
Оранды ақ көрпеге,
Асқартау, қарлы шың.
5. Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да.
Аяз ата сағынған,
Сәлем бepді жұртына.
6. Безендіріп шыршаны
Жыл қуантты баршаны.
Той-маскарад басталды,
Аяз оны басқарды.
7. Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.
8. Қалып едік сағынып,
Kүтіп қалдық жабылып.
Жолын қойдық жарық қып,
Шыршаларға шам іліп
9. Аяз Ата ойды қырды
Аралап жүр түгел шолып.
Қарсы алғалы жаңа жылды,
Ол да көптің бірі болып.
Қайда қызық болса думан,
Аяз Ата сонда болды.
Күндіз үйде ойнап бізбен,
Балалармен бірге болды.
Достарыңызбен бөлісу: |