Жүргізуші: Енді, биге кезек берейік.
Би: «Қоштасу вальсі»
Таза пәк бала көңілмен қимас жандарға алғыс айтатын кезде таяп қалған секілді, ортаға балаларды шақырайық.
Ерасыл: Меңгеруші апай Рәзия,
Тасыған көңіліңіз дария.
Сіз дархансыз, мейірімді анасыз
Қастерлейтін, қамқоршымыз, данасыз
Ұшыратын жас қанатты қатайтып
Балаларға әрқашанда панасыз
Меңгерушіге мың рахмет!
Бейбарыс: Ұстаздардың ұстазы,
Тәрбиенің ұстасы.
Ырза сізге бәрі де,
Ұмытпаймыз сізді де.
Жибек Ғизатқызына мың алғыс!
Жүргізуші: Айналайын гүлдерім,
Ақ шуақты күндерім.
Ерекше қызық тілдерің,
Естен кетпес үндерің.
Ортаға вокал тобын шақырайық
«Біз мектепке барамыз» әні.
Әлішер: Арайлы атқан таңдай жылы жүзі,
Сүйсіндірген баршаны әрбір ісі.
Бала үшін еңбек еткен аянбай
Мың алғыс өзіңізге Ақжарқын Бәделқызы!
Индира: Есеп- қисап жүргізетін,
Бақшаға кіріс кіргізетін.
Апайымыз Арайға,
Біз айтамыз мың алғыс!
Дәлел: Витамин жеп қолынан,
Өскен сәби баламыз.
Дәрігер Айгүл, Айжан апайға,
Алғыс айтып барамыз!
Сандықша: Сендер қазақ, орыс тілінде ғана сөйлейсіңдер ме? Әлде басқа тілде де сөйлей аласыңдар ма, соны білгім келеді.
Жүргізуші: Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте - дегендей біздің балалар өз тілдерін құрметтей отырып ағылшын тілінде де ән сала алады.
Ән ағылшын тілінде.
Кезекті құттықтауға берейік.
Әділет: Суға түсіп шомылып,
Бойымызды жаздық біз.
Денемізді тік ұстап,
Сұлу болып өстік біз.
Жазира апай сізге айтамыз мың алғыс!
Нұрбол: Тамылжытып ән салдырып үйреткен,
Мың бұралта белімізді билеткен.
Сазгер апай Ирина Сергеевна сізге де алғыс айтамыз,
Мың қайтара сәби бала жүрекпен!
Камила: Балабақшам бесігім
Қайсын айта берейін
Қабыл алшы гүлімді
Айгүл Сайранқызы сізге сыйлап кетейін!
Жүргізуші: Би билеп, бойымызды сергітіп алайық,
«Көңілді балалар» биі
(Жалқаубек пен Дымбілмес кіреді)
Ойын: «Нешеге оқисың?»
Сандықша: Сендердің болашаққа деген арман- тілектеріңді білгім келеді.
Жүргізуші: Балалар арман- тілектерін ән арқылы жеткізгілері келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |