1. Пән туралы ақпарат Пәннің атауы Сөйлеу тілі зақымдалған балаларға тілді оқыту технологиясы
Кредит саны 3
Курс, семестр 3 курс, 4 жылдық, 5 семестр, оқу жылы 2022-2023
Білім бағдарламасының атауы және шифры «6В01902-Арнайы педагогика» (логопедия)
Институт «Педагогика және психология институты»
Кафедра «Арнайы педагогика»
Оқытушының аты-жөні, дәрежесі,ғылыми атағы,қызметі PhD, аға оқытушы Б.А. Сабденова
Қатынас ақпарат (телефон, e-mai) 87473225946, boken_888@mail.ru
2. Бақылау түрі («Ашық кітап» эссе жазу түріндегі емтихан)* «Ашық кітап» бойынша жазбаша емтихан прокторингтік жүйесінсіз (Take-home open book exam) жүргізіледі. Сұрақтардың ішінен өзіне белгіленген 1 сұраққа білімалушыға үй жағдайында тапсырманы орындауға 1 апта уақыт беріледі. Білімалушы тапсырманы емтиханның белгіленген күнінен кешіктірмей жүйеге ілуі қажет. Білімалушының зерттеушілік және талдай алу дағдыларымен бірге тақырыпқа қатысты өз ойын тұжырымдап жазуы бағаланады. Oquluq жүйесіндегі антипогиаттан шектік 40% өткен білімалушының жұмысы бағаланады.
Бағалау критерийлері: Үй тапсырмаларының немесе СӨЖ мерзімдері Абай атындағы ҚазҰПУ академиялық саясатына сәйкес жеңілдететін жағдайларда (ауру, шұғыл жағдайлар, күтпеген жағдайлар және т.б.) ұзартылуы мүмкін. Сындарлы сұрақтар, диалог, пікірталастарға қатысу, жаттығулар жасау және кері байланыс құпталады және көтермеленеді, ескеріледі және бағаланады:
1. Әр сабаққа тақырыпқа сәйкес, кестеге сәйкес алдын-ала дайындалу керек.
2. Үй тапсырмалары пән кестесінде көрсетілгендей семестр бойы бөлінеді.
3. Үй тапсырмаларының көпшілігінде бірнеше сұрақтар/тапсырмалар болады.
4. Семестр бойы Сіз оқылатын материалды пайдаланасыз.
СӨЖ көрсетілген мерзімде орындалуы тиіс. Көрсетілген мерзімнен кейін СӨЖ қабылданбайды.