33
|
«МІҚ малдың экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы аясында мал бордақылайтын ірі мамандандырылған субъектілерін құру
|
бірлік
|
Мәлімет
|
(АШБ), аудан әкімдері
|
МІҚ малын бордақылау бойынша жыл қорытындысында облыста 5920 басқа арналған мал бордақылау алаңдары бар (2 жылдық жоспар -191%-ға орындалды), оның ішінде 3620 басқа арналған 9 бордақылау алаңы 2013 жылы құрылды.
|
34
|
«МІҚ малдың экспорттық әлеуетін дамыту» жобасы аясында облыстың аудандарында репродуктор-шаруашылықтарын құру
|
бірлік
|
Мәлімет
|
(АШБ), аудан әкімдері
|
Асыл тұқымды мал репродукторларын құру мақсатында облысқа соңғы екі жылда шет елдік МІҚ малының 1037 аналық басы, оның ішінде 2013 жылы «Афион-Қордай» ЖШС-мен 221 бас әкелінді.
|
35
|
"Альфа" Шаруа қожалығының Ара орталығын құру инвестициялық жобасын жүзеге асыру
|
млн. тенге
|
Ақпарат беру
|
(АШБ), Жуалы ауданының әкімдігі"Альфа" Шаруа қожалығы
|
2013 жылы ара орталығын құру үшін 300 гектар жер телімі бөлінді. 50 карпатты асыл тұқымды балды ара ұясы, ара шаруашылығына қажетті жабдықтар мен бал өндіретін контейнерлер алынды. Өндірісті кеңейту мақсатында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на қажетті керек-жарақтарды алу үшін тапсырыс берілді.
|
36
|
"Джей Ди Агро" ЖШС-нің ауыл шаруашылығы саласында "АГРО КОМПАС" Білім тарату орталығын құру жобасын жүзеге асыру
|
млн. тенге
|
Ақпарат беру
|
(АШБ), Жамбыл ауданының әкімдігі "Джей Ди Агро" ЖШС-гі
|
Кореялық кәсіпкерлерге визалық құжаттарын рәсімдеу мерзімінің ұзақтылығына байланысты, ауыл шаруашылығы саласында "АГРО КОМПАС" Джей Ди Агро" ЖШС Білім тарату орталығы құрылмады және жоспарланған қаржы игерілмеді.
|
|
Жер қатынастар басқармасы
|
37
|
Саяжайлар жерлерін түгендеу
|
саны/
млн.теңге
|
Мәлімет
|
Жер қатынастары басқармасы (ЖҚБ)
|
Талас, Т. Рысқұлов және Сарысу аудандарында саяжайлар жерлеріне түгендеу жұмыстары жүргізілді, оған облыстық бюджеттен 3,0 млн. теңге бөлініп, игерілді.
|
38
|
Иесіз мүлік ретінде есепке алынған ауылшаруашылық жерлерін мемлекетке қайтару
|
мың га
|
Мәлімет
|
(ЖҚБ)
|
Иесіз мүлік ретінде есепке алынған ауыл шаруашылығы жерлерінің 2013 жылы 17,0 мың га немесе 100,0% мемлекет қорына қайтарылды.
|
39
|
Бүлінген жерлерді түгендеу
|
млн.
теңге
|
Мәлімет
|
(ЖҚБ)
|
Жамбыл, Қордай, Меркі, Мойынқұм, Т.Рысқұлов, Талас, және Сарысу аудандарында бүлінген жерлерді түгендеу жұмыстары жүргізілді, бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 16,9 млн. теңге бөлініп, игерілді.
|
40
|
Мемлекет мұқтажы үшін жер учаскелерін алу оның ішінде сатып алу және осыған байланысты жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару
|
млн.
теңге
|
Мәлімет
|
(ЖҚБ)
|
Автобекет маңындағы жер учаскелерін сатып алуға 147,2 млн. теңге, Сүлейменов көшесі соңындағы жер учаскелеріне – 44,8 млн. теңге, Киров көшесінің соңындағы Элеватор маңындағы жер учаскелеріне 50,0 млн. теңге жұмсалды.
|
|
Мақсат 4.1.4.: ШОБ және сауданы дамыту
|
|
Міндет 4.1.4.1. Кәсіпкерлік секторларын дамыту
|
41
|
Бизнес өкілдері үшін адал бәсекелестікті насихаттау бойынша шараларды өткізу (оның ішінде конференциялар дөңгелек үстелдер, семинарлар және т.б.)
|
|
Өткізілген іс-шаралар туралы ақпарат беру
|
КИИДБ
|
2013 жылы жергілікті атқарушы органдар тарапынан кәсіпкерлік мәселесі жөнінде бірнеше іс шара өткізілді:
-ақпанда моноқалалардағы ірі компаниялармен шағын және орта бизнесті дамыту бойынша Әріптестік бағдарламасын дамыту жөнінде кеңес өткізілді, онда Сарысу және Талас аудандарының ірі компаниялары қажетті тауарларды аудан кәсіпкерлерінен сатып алу мәселесі қаралды. Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімдігі мен «Казфосфат» ЖШС-і арасында шағын және орта бизнесті қолдаудағы іскерлік байланысты орнату жөнінде Меморандумға қол қойылды.
-наурызда экспортерлар Кеңесінің отырысы өткізілді, кеңес барысында Қазақстан Республикасы индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілдері тарапынан (КAXNEX, КазЭкспортгарант) экспортқа бағытталған кәсіпорындарға «Экспорт 2020» бағдарламасы шеңберінде көрсетілетін мемлекеттік қолдау жөнінде түсініктеме берілді.
- сондай-ақ, наурызда құрылыс индустриясы кәсіпорындарының арасында Әріптестік бағдарламасы бойынша кеңес өткізілді, онда ірі құрылыс компаниялары құрылысқа қажетті құрылыс материалдарын жергілікті тауар өндірушілерден сатып алатындығы туралы шешімге келді.
- маусымда облыс әкімдігінің кәіспкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы «Нұр Отан» облыстық филиалымен бірлесіп мемлекеттік қадағалаушы органдар мен кәсіпкерлердің қатысуымен «сұрақ - жауап» форматында кеңес өткізілді, сондай-ақ, облыстық телеарнаның «Көкейкесті» айдарында ҮИИД және «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының жүзеге асуы туралы тікелей эфирде сұхбат берді.
|
42
|
Адал бәсекелестікке кедергі келтіретін іс-әрекеттерге бағытталған кәсіпкерлердің өтініштеріне талдау жүргізу
|
|
Талдау
|
КИИДБ
|
2013 жылы адал бәсекелестікке кедергі келтіру бойынша кәсіпкерлер тарапынан шағымдар түскен жоқ.
|
43
|
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін коммуналдық меншіктегі жылжымайтын мүлік объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету
|
|
ақпарат
|
КИИДБ, аудан және Тараз қаласы әкімдері
|
2013 жылы Тараз қаласының әкімдігі тарапынан кәсіпкерлікке әкімшілік ғимараттар, кафелер, дүкендер, жазғы алаңшалар және басқада нысандар соғуға жалпы көлемі 377,0436 гектар болатын 1045 жер телімі берілген.
|
44
|
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің облыс экономикасында үлесін арттыру үшін жан – жақты көмек көрсетуді жалғастыру
|
|
ҚР ЭБЖМ және ИЖТМ есеп
|
КИИДБ
|
Елбасының тапсырмасын орындау және өңірге ірі инвесторларды тарту мақсатында 2013 жылдың қарашасында Тараз қаласында жергілікті атқарушы органдардың ұйымдастыруымен кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша аймақаралық конференция өткізілді, Конференцияға Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің өкілдері, «Даму «КДҚ» АҚ-ы, Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кәсіпкерлері қатысты.
Конференция барысында кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шаралары түсіндірілді, сондай-ақ Әріптестік бағдарламасын іске асыру бойынша өзара ынтымақтастық және тауарлар мен қызметтерді сатып алу жөнінде меморандумдарға қол қойылды.
|
45
|
«Жамбыл облысындағы Қазақстанның үздік тауары» конкурсын ұйымдастыру
|
млн. теңге
|
Қаражаттың игерілу барысы және байқау туралы ақпарат, хаттама
|
КИИДБ
|
Байқау-көрме 2013 жылдың 30 мамырында Тараз қаласында өткізілді, онда облысымыздың 57 кәсіпорындары қатысты. Аймақтық байқаудың жеңімпаздары мен лауреаттары болып келесі кәсіпорындар танылды:
«Өндірістік мақсаттағы үздік тауар» - бірінші дәрежелі дипломмен «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» ЖШС, екінші дәрежелі дипломмен – «Құрылыс полимер» ЖШС, үшін дәрежелі дипломмен – «Фабрика ПОШ Тараз» ЖШС;
«Халық тұтынатын үздік тауарлар» - бірінші дәрежелі дипломмен – «ТаразКожОбувь» ЖШС, екінші дәрежелі дипломмен – «Карат - V» ЖШС, үшінші дәрежелі дипломмен – «Триана Тараз» ЖШС;
«Үздік азық түлік тауарлары» - бірінші дәрежелі дипломмен – «Бурный ірімшік зауыты» ЖШС, екінші дәрежелі дипломмен – «Kaz Ir Agro» ЖШС, үшінші дәрежелі дипломмен – «Куликовский молочный продукт» ЖШС марапатталды.
|
46
|
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылай көмек көрсету
|
млн. теңге
|
Қаражаттың игерілу барысы туралы ақпарат
|
КИИДБ
|
Гранттық қаржыландыру тетігі бойынша көрсеткіштер орындалды, 2013 жылы Аймақтық үйлестіру кеңесімен жалпы құны 24 млн. теңгені құрайтын 8 жоба мақұлданды.
|
47
|
Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы аясында
шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылай көмек көрсету
|
млн. теңге
|
Қаражаттың игерілу барысы туралы ақпарат
|
КИИДБ
|
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының екінші бағыты бойынша көрсеткіш орындалды. Бағдарлама шеңберінде 2013 жылы республикалық бюджеттен шағын несие беру үшін 1 417,6 млн. теңге бөлінді, Аймақтық өкілетті мекеме («АШҚҚҚ» АҚ-мен) арқасында 696 қатысушыға несие берілді. Қөрсеткіш орындалды.
|
48
|
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылай көмек көрсету
|
млн. теңге
|
Қаражаттың игерілу барысы туралы ақпарат
|
КИИДБ
|
«Пайыздық ставканы субсидиялау» тетігі бойынша Аймақтық үйлестіру кеңесімен сомасы 781,6 млн. теңгені құрайтын барлығы 71 жобаны қаржыландыруға мақұлдады. Аталмыш тетіктер бойынша көрсеткіш орындалды.
|
49
|
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілеріне қаржылай көмек көрсету
|
млн. теңге
|
Қаражаттың игерілу барысы туралы ақпарат
|
КИИДБ
|
«Банк кредиттері бойынша кепілдік беру» тетігі бойынша Аймақтық үйлестіру кеңесімен сомасы 26,0 млн. теңгені құрайтын 15 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Аталмыш тетіктер бойынша көрсеткіш орындалды.
|
50
|
«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай көмек көрсету
|
млн. теңге
|
Қаражаттың игерілу барысы туралы ақпарат
|
КИИДБ
|
Бағдарламаның 4 бағытының аясында 2013 жылы сомасы 120 млн. теңгені құрайтын 154 кәсіпкерге сервистік қолдау көрсетілді. Аталмыш тетіктер бойынша көрсеткіш орындалды.
|
51
|
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020» жылдарға арналған бағдарламасы аясында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай көмек көрсету
|
млн. теңге
|
Қаражаттың игерілу барысы туралы ақпарат
|
КИИДБ
|
«Моноқалаларды дамытудың 2012-2020» жылдарға арналған бағдарламасының екінші бағытының шеңберінде 2013 жылы республикалық бюджеттен шағын несие беру үшін 120 млн. теңге бөлінді. 2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға «Мерке-Финанс-Кредит» ШНҰ ЖШС-і барлығы 48 қатысушыны мақұлдап, 120 млн. теңге несие берді. Аталмыш Бағдарлама бойынша көрсеткіш орындалды.
|
|
Мақсат 4.1.4.: ШОБ және сауданы дамыту
|
|
Міндет 4.1.4.2. Сауданы дамыту
|
52
|
Облыстың сыртқы сауда айналымының көлемін ұлғайту
|
|
ҚР ҚМ Кедендік статистика комитетінің мәліметтері
|
КИИДБ, Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті
|
Сыртқы сауда айналымы 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 600,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңінен 35,9%-ға өскен, оның ішінде экспорт – 175,6 млн. АҚШ доллары (18,6%-ға), импорт – 424,9 млн. АҚШ доллары (44,6%-ға).
|
53
|
Жамбыл облысы мен бірыңғай Кедендік одаққа кіретін елдердің сыртқы экономикалық байланысына мониториг жасау
|
бірлік
|
Есеп
|
КИИДБ
Жамбыл облысы статистика департаменті
|
2013 жылғы қаңтар-қарашада облыстың Кеден одағы елдерімен өзара сауда 66,5 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2012 жылғы қаңтар-қарашаға қарағанда 43,9%-ға кеміген, оның ішінде экспорт – 13,7 млн. АҚШ доллары (63,5%-ға), импорт – 52,8 млн. АҚШ доллары (34,8-ға).
Экспорттағы ең төменгі көрсеткіш ферросиликомарганецтің 82,6%-ға азаюы - «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-де пештерді жөндеу және жаңартуға байланысты болған. 2012 жылдың қаңтар-қарашасымен салыстырғанда импорт құрылымындағы ең төменгі көрсеткіш аммоний нитратының 90,3%-ға, тас көмірдің – 73,6%-ға, балалар жөргегінің – 24,0%-ға азаюынан болған.
|
54
|
Бөлшек сауда айналымының көлемін ұлғайту
|
бірлік
|
Жамбыл облысы статистика
департаментінің мәліметтері
|
КИИДБ
|
Бөлшек тауар айналымының көлемі 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 146,2 млрд. теңгені құрап, 2012 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,8%-ға артқан.
|
55
|
Сауда терминалдары арқылы пластикалық карталардың көмегімен есеп айырысатын сауда кәсіпорындары және әлеуметтік сауда орындары, бөлімдердің санын арттыру
|
бірлік
|
Есеп
|
КИИДБ, ҚР Ұлттық банкі, ЕДБ, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері
|
01.12.2013 жылғы ҚР ҰБ-нің мәліметтері бойынша облыста тұрғындарға қызмет көрсететін 864 нысанда РОS-терминалдар орнатылған.
|
56
|
Тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар тауарларды және ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей сату жәрмеңкелерін өткізу
|
бірлік
|
Есеп
|
КИИДБ, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (АШБ), аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері
|
2013 жылы коммуналдық базарда 104 жәрмеңке өткізіліп, сатылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 333,5 млн. теңгені құраған.
|
57
|
Шекара маңындағы сауданы дамыту
|
бірлік
|
Есеп
|
КИИДБ, шекара маңы аудандарының әкімдіктері
|
Қазақстан-қырғыз үкіметаралық кеңесінің жанындағы Шекара маңы ынтымақтастығы жөніндегі кіші комиссиясының 1-ші отырысы хаттамасына сәйкес «Айша бибі – Чон-Какпа», «Аухатты – Кен булун» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталықтарының (ХШМЫО) және «Кеген-Каркара» шекара маңы сауда орталығының құрылысын жүргізу бойынша бірлескен жұмысты жүргізудің мақсатқа лайықтылығын зерделеу және үш айдың ішінде ұсыныстар беру жөнінде келісім жіүргізілді.
Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Қырғыз Республикасының Үкіметіне 14.01.2013 ж. «Айша бибі – Чон-Какпа», «Аухатты – Кен булун» ХШМЫО-н салудың мақсатқа лайықты еместігі туралы хат жолдады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |