Бағдарламасының мониторингі бойынша жедел есептілік Есепті кезең 2013 жыл



бет7/18
Дата19.02.2017
өлшемі2,9 Mb.
#10677
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18


58

Ішкі нарықты толтыру және облысқа елдегі басқа аумақтардан жеткізілетін өнім бағаларының өсуін тұрақтандыру туралы меморандумдар жасасу

бірлік

Меморандумдар

КИИДБ, АШБ, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері

Ішкі нарықты қанықтыру және әлеуметтік-маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру жөнінде сауда кәсіпорындарымен 134 меморандум жасалынды (үстемені 10-15%-дан асырмау жөнінде).

59

Облыстағы сауда базарларына санаттар беру

бірлік

Есеп

КИИДБ

Облыс әкімдігінің 27.12.2012 ж. қаулысымен облыстың сауда базарларына санаттар беру жөніндегі Комиссия құрылды. Бүгінгі күні базар басшылығымен оларды ҚР заңнамасына сәйкестендіру үшін оларды жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жаңғырту аяқталған соң және бірқатар базарлар көшірілгеннен кейін оларға санаттар берілетін болады.

60

Сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сауда қызметі субъектілерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларын мөлшерден асырмауы бойынша шаралар қолдану

бірлік

Есеп

КИИДБ, АШБ, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы №665 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (бұдан әрі – ӘМАТ) бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидасының 10-тармағына сәйкес КИИДБ-ның бастамасы бойынша облыс әкімдігі 2013 жылдың 4-тоқсанында ҚР ЭБЖМ-не ӘМАТ-ның бағалары шекті мәндерінен асқандарына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қажеттігі туралы ұсыныс жолданған болатын.

Дегенмен, 2013 жылдың соңында ОАО-дағы кадрлық өзгерістерге байланысты ҚР Үкіметінің жанындағы ӘМАТ-на бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына өзгерістер енгізу қажеттігі туындады. Ұсынысты қарау мерзімінің созылып кетуіне және бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерінің өзгеруіне байланысты 09.01.2014 жылы облыс әкімдігі уәкілетті органға ұсынысты қараусыз қалдыру туралы хат жолдады.

ӘМАТ-на бөлшек сауда бағалары шекті мәндерінен артқан жағдайда ҚР ЭБЖМ-ге осы тауарларға шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қажеттігі туралы ұсыныс қайта жолданатын болады.





Мақсат 4.1.5 Инвестицияны тарту арқылы инновацияны дамыту және технологиялық жетілдіруге ықпал ету




Міндет 4.1.5.1. Инновациялық өнімдерді өндіруге инвестицияларды тарту.

61

Кәсіпорындар және әкімдіктермен

ииновация әзірлеуші басымды бастамашылар арасында жаңа технологиялар әзірлеу және енгізу






Ақпарат

Су шаруашылығы ҒЗИ, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, КИИДБ, АШБ, аудандар мен Тараз қаласының әкімдері және облыс кәсіпорында-ры

2013 жылы «Запчасть» АҚ-да құймалардағы немесе пішіндегі легірленбеген болат шағару бойынша жаңа болат құю цехі іске қосылды, Шу локомотив жөндеу зауытында маневрлі тепловоздарды жинау бойынша цехі жұмыс істеуде. Армирленген пленкалар, жалпақ дәнекерленген геоторлар, қалыпқа салынған бұйымдар, қасбеттік торлар, ұстайтын, декоративті-қорғағыштар өндіру бойынша «Құрылыс – Полимер» ЖШС-і инвестжобасы іске қосылды




Мақсат 4.1.5.2 Қазақстандық үлесті арттыру

62

Облыс тауар өндірушілердің арасында жергілікті қамтуды дамытудың механизмдерін түсіндіру жөнінде семинар-кеңестер өткізу; аймақта көшпелі жиналыстар өткізу; республикамыздағы ірі компаниялар мен кәсіпорындарға жергілікті өнімдерді өткізу жөнінде меморандумдарға қол қоюда ықпал ету




Семинарлар кездесулер және меморандумдарға қол қойғызу

КжИИДБ, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері, облыс кәсіпорындары

Елбасының Әріптестік бағдарламасын дамыту бойынша тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімдігімен, ірі компаниялар және шағын және орта бизнес өкілдерінің қатысуымен 2 үлкен кеңестер өткізілді. Кәсіпорындармен өндірлген өнімдердің өткеру нарығын кеңейту және көлемін ұлғайту үшін жергілікті тауар өндірушілерде ұлттық компаниялар тарапынан тапсырыстарды арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, бұл тұста нақты шаралардың бірі - ірі жүйе құраушы кәсіпорындардың маңында шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.

2013 жылдың қарашасында Тараз қаласында «Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мәселелері бойынша» өткен аймақаралық конференция барысында шағын, орта және ірі кәсіпорындар арасында 13 меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.



63

Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жүйе құрушы кәсіпорындардың жұмыстар мен қызметтерді сатып алуларындағы қазақстандық үлесті арттыру бойынша шаралар қабылдау




ҚР ЭБЖМ, ИЖТМ-не ақпарат

КжИИДБ, аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері, облыс кәсіпорындары

«Салалық және өңірлік қазақстандық қамтуды дамытудың қысқа (1 жылға дейін) және ұзақ мерзімге (5 жылға дейін) персективалық жоспарын жасау» жөніндегі Бағдарламаны іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарының 18 тармағына сәйкес, облысымызда қазақстандық қамтуды дамытудың қысқа және ұзақ мерзімге арналған жоспары жасалып, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде бекітілді.

Сонымен қатар, «Тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет көрсетудегі қазақстандық қамтуды дамытуды мониторингілеуге жататын мекемелердің тізімін бекіту туралы» 2009 жылғы 20 наурыздағы ҚР Үкіметінің №366 Қаулысына өзгерістер енгізу туралы, ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 13 мамырдағы №554 қаулысына сәйкес, тауарларды сатып алу, жұмыс және қызмет көрсетудегі қазақстандық қамтуды дамытуды мониторингілеуге жататын мекемелердің тізімі бекітілді. Аталған тізімге 5 кәсіпорын енгізілді:

«Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС, «Жамбылгипс» АҚ, «ТаразКожОбувь» ЖШС, «Та-Мак» ЖШС және «Фабрика ПОШ-Тараз» ЖШС, бұлар бойынша тиянақты түрде қазақстандық қамтуды арттыру жөнінде жоспарлар әзірленіп, әрбір тоқсан сайын атқарылған жұмыстар жөнінде ҚР ИЖТМ –не есеп беріп отырады.

Облысымыздағы отандық тауар өндірушілердің каталогы жасалып, республикамыздың басқа өңірлеріне «NADLoC» АҚ, ірі компаниялар мен кәсіпорындарға жолданды. Каталог облыс әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының сайтына орналастырылып, үнемі жаңартылып және қосымша ақпараттар енгізіліп тұрады.

Отандық тауар өндірушілердің қатысуымен тұрақты көрмелер өткізуде. 2013 жылдың мамыр айында өткізілген «Қазақстанның үздік тауары» атты байқау-көрмесіне облысымыздың 57 кәсіпорыны қатысты. 2013 жылдың шілде айында өткізілген республикалық «Қазақстандық қамту» атты форумға облысымыздың көптеген кәсіпорындарының қатысуы қамтамасыз етілді.








БАҒЫТ 2. «Әлеуметтік саланы дамыту және халықтың өмір сүру сапасы деңгейін арттыру, тұрақтылықты және қауіпсіздікті қамтамасыз ету»




Мақсат: 4.2.1. Білім берудің қол жетімділігін және сапасын қамтамасыз ету, балалардың құқығын және заңды мүдделерін қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру




Міндет 4.2.1.1.: Педагог кадрлардың біліктілігін және мұғалім мамандығының престижін жоғарылату

1

Педагогтарды, оның ішінде жас мамандарды үймен және әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету бойынша жергілікті атқарушы органдармен жұмыс

млн. теңге

Есеп

Облыс әкімдігінің білім басқармасы,

Облыс әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы (АШБ)аудандар мен Тараз қаласының әкімдіктері,



Ауылға барған әр жас маманға жетпіс еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада (121 мың 170 теңгеден) әлеуметтік көтерме жәрдемақы беріледі.

Сонымен қатар, ауылдық жерге барған жас мамандарға (егер жас маманға қажеттілігі болса) әлеуметтік қолдау мақсатында 1500 еселік айлық есептік көрсеткіште тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредит берілетін болады. Кредит 15 жыл мерзімге беріледі, кредит бойынша сыйақы ставкасы кредит сомасынан жылдық 0,01 пайыз мөлшерін құрайды.



2

Педагог мамандығын насихаттайтын іс-шаралар (жаңашыл педагогтардың слеттары, форумдары және т.б,), оның ішінде БАҚ-да жариялауды ұйымдастыру және жүргізу

млн. теңге

Есеп

Облыс әкімдігінің білім басқармасы

2013 жылы Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы облыстық оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен 12 педагогикалық десант, 54 семинар-практикум, 32 семинар-тренинг, 8 акция, 12 дөңгелек үстел, 36 он-лайн семинар, 6 он-лайн кеңес, 6 коучинг, 2 форум, 1 педагогикалық оқу, 4 ғылыми-практикалық конференция, жаратылыстану-математика бағытындағы пән мұғалімдері арасында 1 қашықтық олимпиадасы ұйымдастырылып, аталған 174 іс-шараларға облыстағы 11700 (52,3%) педагог қызметкерлер қамтылды.

3

Жалпы орта білім беру жүйесінің педагог қызметкерлеріне білікті арттыру курстарын ұйымдастыру

млн. теңге

Облыс әкімдігінің білім басқармасының бұйрығы

Облыс әкімдігінің білім басқармасы

2013 жылы біліктілікті арттыру бойынша үш айлық курстарды 1100 мұғалім өтті.






Міндет 4.2.1.2.: Жалпы орта білім беру қызметінің сапасын жоғарылату




Бейінді мектептер құрылысын салу




-







4

Апатты жағдайдағы мектептердің орнына мектептер құрылысын салу

млн. теңге

Пайдалануға қосу актісі

Білім басқармасы

Апатты жағдайдағы мектептердің санын азайту мақсатында Республикалық бюджеттен 2 мектеп: Жамбыл ауданы Жасөркен ауылы М.Әуезов атындағы 300 орындық, Қордай ауданы Сортөбе ауылындағы 300 орындық мектеп, Облыстық бюджеттен 2 мектеп: Жамбыл ауданы Қаратау учаскесінде 120 орындық және Жуалы ауданы Ақтөбе ауылында 150 орындық мектеп құрылысы салынды. Тағы 2014 жылы пайдалануға берілетін 3 мектеп құрылысы салынуда (Жамбыл ауданы Еңбек (120 орындық) және Жаңаөткел (50 орындық) ауылдарында және Қордай ауданы Алға ауылындағы 180 орындық)

5

3 ауысымдылықты жою үшін мектеп құрылысын салу

млн. теңге

Пайдалануға қосу актісі

Білім басқармасы

Жаңа құрылыс есебінен Қордай ауданы Масаншы ауылында 825 орындық мектеп пайдалануға берілді. 2014 жылы 1 тоқсанда Кенен ауылында 600 орындық мектептін құрылысы аяқталады.

6

Мектепке күрделі жөндеу мен сейсмикалық бекіту жүргізу

млн. теңге

Пайдалануға қосу актісі

Білім басқармасы

2013 жылда жоспарланған 47 білім ғимараттарының күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, республикалық және облыстық бюджеттерінен бөлінген 3616,7 млн. тенгенің 2014 жылдың 1 қаңтарына 3591,6 млн.тенгесі немесе есептік кезеңнің жоспарына 99,3% игерілді.

7

Мектептің ғимаратына жапсарлас құрылыс салу

млн. теңге

Пайдалануға қосу актісі

Білім басқармасы

Тараз қаласы Айша бибі атындағы қыздарға арналған 250 орындық қазақ-түрік мектеп-интернаты ғимаратына жапсарлас құрылыс салынды. Қордай ауданы Қасық ауылында №23 және Қарасай ауылында №21, Т.Рысқұлов ауданы Б.Момышұлы атындағы орта мектеп және Талас ауданы М.Қыстаубайұлы атындағы мектептерге қазандық салынды.

8

Орта білім беру объектілерінің құрылысы

млн. теңге

Пайдалануға қосу актісі

Білім басқармасы

Облыстық бюджеттен Мойынқұм ауданы Мыңарал стансасына бастауыш мектеп орнына 120 орындық орта мектеп салынды. Бұдан басқа республикалық бюджеттен 2015 жылы аяқталуы жоспарланған Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылында 300 орындық орта мектеп құрылысы жүргізілуде

9

Жалпы білім беретін мектепке спорт залын соғу

млн. теңге

Пайдалануға қосу актісі

Білім басқармасы

Тараз қаласыдағы ұлдарға арналған қазақ-түрік мектеп-интернаты ғимаратына жапсарлас спорт залы салынды.

10

Жалпы білім беретін мектепке асхана құрылысын соғу

млн. теңге

Пайдалануға қосу актісі

Білім басқармасы

Тараз қаласындағы дарынды балаларға арналған үш тілде білім беретін арнайы мектепке жапсарлас асхана салынды.

11

Қосымша білім беру мекемелерінің желісін дамыту (үйірмелер, секциялар)

млн. теңге

Есеп

Білім басқармасы

Қосымша білім ұйымдастыру жүйесі 5 бірлікке көбейді. 2014 жылы 1 қантарына облыста 30376 оқушы немесе 16,4% мектеп жасындағы балалар 51 (46 мемлекеттік, 5 жекеменшік) мектептен тыс мекемелерінде қосымша біліммен қамтылған .

12

Облыстың 10 аудандарында 10 тіреу мектептер құру және дистанциялық білім бағдармалар еңгізу

млн. теңге

Есеп

Қалалық және аудандық білім бөлімдері

2013 жылы екі ауданда 2 тіректі мектеп ашылды, облыста барлығы 6 тіректі мектеп жұмыс істеуде.

13

Жасөспірімдерді бейімдеу орталығының құрылысы және мектеп-интернат ғимаратына жапсарлас құрылыс салу




Есеп

Білім басқармасы

Тараз қаласыдағы кереңдер мен нашар еститіндерге арналған "Мейірім" мектеп-интернаты ғимаратына жапсарлас (спорт залы мен шеберхана) құрылыс салынды. Тараз қаласында Н.Тілендиев атындағы мектеп-интернаты ғимаратына жапсарлас монша-кір жуу бөлме салынды, объект 2014 жылғы өтпелі

14

Мәлімет жіберуге кепілдендірілген жылдамдығы бар кең ауқымды Интернет желісіне қосу , оның ішінде.

млн. теңге

-

-

2013 жылы кең ауқымды интернет желісіне қосылған мектептер саны 435 бірлікті немесе мектептердің жалпы санынан 95% құрады. Облыс бойынша 1 компьютерге 15 оқушыдан келеді, ауылдық жерлерде 13 оқушыдан (республикалық көрсеткіш - 13 оқушыдан).




жалпы білім беретін мектептерге













ТжКБ оқу мекемелерге










15

Жалпы білім беретін мектептерді компьютерлік техникамен жабдықтау

млн. теңге

Есеп

Қалалық және аудандық білім бөлімдері

149,2 млн.тенгеге жергілікті бюджет есебінен 1091 дана компьютерлік техникасы алынды.

16

Заманауи копьютерлік және серверлік, мультимедиялық, перифериялық құралдармен, жарақтандыру. Локалді және корпоративтік есептеуіш желілер

млн. теңге

Есеп

Қалалық және аудандық білім бөлімдері

224,83 млн.тенгеге жергілікті бюджет есебінен 14 физика кабинеті, 11 биология кабинеті, 17 лингафонды-мультимедиялық кабинеті, 12 химия кабинеті сатып алынды.

17

Интернет-порталды, интернет-сайтты, электронды жоспарлау мен журналды енгізу, электрондық мұғалімдер бөлмесін, кітапханалар құру, ата-аналарды СМС хабарландырулар енгізу

млн. теңге

Есеп

Білім басқармасы

2014 жылдың 1 қаңтарына 76 білім ұйымдарында E-learning электрондық жүйесін оқыту енгізілген, оның ішінде 2013 жылы 31 мектепте.



18

Мекемелерді 4-тен 10 ЖБит/сек жылдамдықтағы кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету

млн. теңге

Есеп

Тараз қ. және аудандар әкімдері

76 білім ғимараттарында кең ауқымды интернетке қосылу жылдамдығы 4 мбит/сек бастап 10 мбит/сек дейін қамтамасыз етілген.




Міндет: 4.2.1.3. Даму мүмкіндігі шектеулі балардың білім беруге қол жетімділікті қамтамасыз ету

19

Арнайы түзету мекемелерінің, жалпы орта білім беретін мектептердегі түзету сыныптарының желісін сақтау және кеңейту

млн. теңге

Білім басқармасының бұйрығы

Білім басқармасы

Инклюзивтік білім алуға жағдай жасаған мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі 18,8% ( 81 мектептерінде) құрады. 2013 жылы 1 мектеп және 7 бала-бақшаларында 8 логопедтік пункттер ашылды. Облыста 5 психолого-медико-педагогикалық консультациялары жұмыс істеуде, 7 психолого-педагогикалық түзету кабинеттері, 2 арнайы логопедтік МДБҰ, 8 МДБҰ логопедтік топтармен, 13 лого-пунктілері, 20 мектепте 62 түзету сыныптары және 1 реабилитациялық орталық ашылды.

20

Инклюзивті білім беретін мектепке дейінгі және орта білім беру мекемелерінің желісін кеңейту

млн. теңге

Білім басқармасының бұйрығы

Білім басқармасы

Мүгедек және мүмкіншілігі шектеулі балалар үшін кедергісіз қолжетімділікті қамтамасыз ететін мектептер саны 81 бірлікті құрады.

2013 жылы 7 балабақшада логопедтік пункттер ашылды.



21

«Білім мекемелерінің білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің, оның ішінде ақысыз және жеңілдіктермен қамтамасыз ету» стандартын дайындау және енгізу

млн. теңге

Есеп

Білім басқармасы

Аз қамтамасыз етілген отбасылардан 21245 бала ыстық тамақпен қамтамасыз етілген, бұл аз қамтамасыз етілген отбасылардың 100% құрады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет