Кілт сөздер:
Деңгейлік мақсаттылық, өзін-өзі бағалау,
Жоспары:
1. 9-11 сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау процедурасының кезеңдеңдері 2. Жоғары сынып оқушыларын
критериалды бағалау процедурасына қойылатын талаптар.
3. 5-8сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау процедурасының кезеңдеңдері, талаптары
4. Өзін-өзі бағалау және оқушылардың өзара бағалауы.
Дәріс тезистері:
Мұғалімнің қызметінде оқушының жетістіктерін тиімді бағалауды жоспарлауда бағалаудың мақсатын білу қаншалықты
маңызды болса, оның жеке түрлерін білу соншалықты маңызды. Осы параметрлер бойынша бағалау мынандай үш түрге
бөлінеді: диагностикалық, формативтік (қалыптастырушы), суммативтік (жинақтаушы).
Диагностикалық бағалау –
оқушының білімінің, іс-әрекетінің, дағдысы мен құзіреттілігінің қалыптасуының алғашқы
деңгейін анықтау. Диагностикалық бағалау әдетте оқу жылының басында немесе бір тақырыпты, тарауды оқытудың
алғашқы сабағында жүргізіледі.
Бағалаудың бұл түрі оқушыға да, мұғалімге де қазіргі жағдай мен талаптар туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Диагностикалық бағалаудың қажеттілігі мыналар арқылы анықталады:
а) оқушылардың даярлық деңгейінің әр түрлілігі;
б) оқыту мазмұнын тізбектей қалыптастыру;
в) оқушының білім алу процесі мен оқытуда «таяу арадағы даму аймағына» сәйкес талаптар мен мүмкіндіктерін көре білу
қажеттілігі.
Достарыңызбен бөлісу: |