топырақта аз болады және майда бөлшектер құрамында кездеседі. Біріншілік минералдар
топырақтың агрофизикалық қасиеттеріне ғана әсер етіп қоймай, ондағы қоректік
элементтердің қоры болып табылады.
Топырақ құрамына кіретін екіншілік минералдардың мөлшері біріншілік
минералдарға қарағанда аз. Оларға: қарапайым тұздар демірдің, алюминидің тотық және
гидрототықтары мен балшықты минералдар жатады. Қарапайым тұздарға біріншілік
минералдардың үгілуі және топырақ құралуы процесінде пайда болған кальцит (СаСО
3
),
магнезит (МgCO
3
), доломит ([Ca, Mg](СО
3
)
2
), ғаныш (CaSO
4
2H
2
0), мирабилит (Na
2
SO
4
10H
2
0), галит (Na Cl), фосфаттар, нитраттар жатады. Оксид және гидроксид минералдарға
опал (SiO
2
nH
2
O), бемит (Al
2
O
3
H
2
O), гематит (Fе
2
О
3
), гетит (Fe
2
O
3
H
2
O), гидрогетит (Fe
2
O
3
3H
2
O) және т.б. жатады.
Балшықты минералдарға екіншілік алюмосиликаттар жатады (
n
SiO
2
. AI
2
O
3
HO;) олар
бастапқы минералдардың бұзылуынан пайда болған қарапайым өнімдерден синтезделініп
пайда болады. Сонымен бірге өсімдік қалдықтарының минерализацияланып ыдырауы
арқылы биогендік жолмен де пайда болуы ықтимал.
Көп тараған балшықты минералдарға монтмориллонит, каолинит, сулы слюда,
хлоридттер және аралас қабыршақты минералдар жатады.
Монтмориллонит тобындағы минералдардың бөлшектері өте майда. Құрамында 60%-
ға дейін коллоидты бөлшектер және көп мөлшерде размерлері 0,001 мм-ден кіші бөлшектер
болады. Олардың сіңіру қабілеті – 100 г топырақта 80-100м-экв. Ылғалдылық қасиеттері
қолайсыз. Өсімдіктерге тиімсіз ылғал қоры көп, ылғалданғанда ісінеді, ал құрғағанда
тығыздалынып жарылады, су өткізгіштігі шамалы.
Каолинит тобына кіретін минералдар ылғалданғанда ісінбейді, өте майда бөлшектері
шамалы. Сіңіру қабілеті 100 г топырақта 25 м-экв-тен аспайды. Каолинит тобындағы
минералдары мол топырақтардың сіңіру қасиеті төмен болады, су өткізгіштігі жақсы және
жабысқақтығы аз.
Гидрослюда тобына (немесе иллит тобына) жататын минералдардың сіңіру қабілеті
100 г топырақта 45-50 м-экв. болады. Олардың құрамында 6-8% калий тотығы кездеседі.
Ылғалданғанда ісінбейді.
Достарыңызбен бөлісу: