Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


 Топырақты қорғау және қалпына келтіру



Pdf көрінісі
бет50/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

2. Топырақты қорғау және қалпына келтіру
Еліміздің топырақ жамылғысы, ауыл шаруашылығына пайдалану көрсеткіштеріне 
байланысты, әр түрлі сапалық көрсеткіштерге ие. 
Топырақ құнарлылығының төмендеуі негізінен антропогендік факторларға 
байланысты болғандықтан, келесідей жағдайлар топырақтың тозуына акеліп соғады 
Эрозия - Латын тілінде «эrosio» – бүліну деген мағынаны білдіреді. Яғни топырақтың 
беткі қабатының судың (жауын-шашын сулары, еріген қар сулары, тасқын сулар) немесе 
желдің әсерінен бүлінуін айтады. Сонымен қатар топырақ тозуының жайылымдық
өндірістік және биологиялық эрозиясы сияқты түрлеріде кездеседі.
Топырақтың эрозияға ұшырау қарқынына байланысты геологиялық және 
жылдамдатылған деп екі топқа бөледі. Геологиялық эрозия өте ұзақ уақытқа созылады, яғни 
топырақтың майда бөлшектерінің желмен ұшуы немесе сумен шайылуы. Осы жағдайларда 
нашарлаған топырақ құнарлығы табиғи топырақ пайда болу процесі әсерінен қайтадан 
толықтырылады. Ал жылдамдатылған эрозия орман ағаштарын кесу, топырақты ауыл 
шаруашылығында дұрыс пайдаланбау, мал жайылымдарының тұияқ кесті болуы және т.б. 
жағдайларда пайда болады. 
Жел эрозиясы деп топырақтың жел әсерінен бұзылып, ыдырап, шаң болып ұшып, 
бүлінуін айтады. Топырақтың жел эрозиясына шалдығуына, аймақтардағы жауы-шашын 
мөлшерінің жеткіліксіздігі және жиі қайталанатын жылдамдығы жоғары жел әсер етеді. 
Сонымен қатар жер бедерінің жазық, орман мен өсімдік жамылғысының сирек болуы бұл 
құбылыстың әсерін арттыра түседі. Жел эрозиясының екі түрі бар:
1. Қара (шаңды) дауыл 
2. Күнделікті (жергілікті) 
Қара дауыл желдің жылдамдығы 10-20 м/с дәрежеге жеткенде байқалды және зияны 
өте жоғары. Ал күнделікті (жергілікті) жел эрозиясы шамалы ауданды қамтиды және 
шаңның көтерілуі адам бойынан аспайды.
Топырақтың ластануы – топырақ биосферадағы көптеген химиялық заттарды өз 
бойына сіңіріп ұстап тұрады, осы қасиетіне байланысты ауыл шаруашылығына 
қолданылатын тыңайтқыштар мен пецтициттерден жинақталатын әр түрлі зиянды заттар, 
оның құнарлылық қасиеттеріне кері әсерін тигізеді.
Топырақтың техногенді ластануының келесідей түрлері бар: минералды техногенді 
қалдықтар, улы органикалық және металлоорганикалық қосылысты қалдықтар және 
радиоактивті заттар. 
Минералды техногенді қалдықтар негізінен өнеркәсіп орындарының мұнай немесе газ 
және аэрозольді қалдықтарды жағудың нәтижесінде пайда болады. Техногенді қалдықтардың 
құрамына көптеген элементтер кіреді, олардың ішінде уыттылығы жоғарыларға Cr, As, Ni, S, 
Pb, Mn, Cd, Hg, Ta жатады. Техногенді қалдықтардың әсерінен топырақ ортасының 
реакциясы өзгеріп, ондағы микробиологиялық және биологиялық құбылымдар өзгеріске 


ұшырайды. Сонымен қатар улы элементтердің топыраққа түсуі ондағы өсімдіктерге, одан 
кейін оны пайдаланатын жануарлар мен адамдар организіміне зиянын тигізеді.
Органикалық және металлоорганикалық қосылысты қалдықтар – көп мөлшерде 
топырақта жинақталуы пестицидтерді қолдануға байланысты болады. Олардың көбі 
топырақта бірнеше айдан ондаған жылдар бойы сақталып, улы және аса улы метаболиттерді 
түзеді. Топырақтың пестициттермен ластануының келесідей зияндылығы бар: олар, адам мен 
жануарлардың интоксикациясы (организмнің улы заттармен улануы), биоценоз 
популяциясының бұзылуы, пестициттерге төзімді зиянкестердің пайда болуы, топырақтың 
биологиялық белсенділігінің өзгеруі және т.б. зиянды қасиеттерге акеліп соғады.
Топырақтың радиоактивті заттармен ластануы негізінен атмосферадағы ядролық 
сынақтар жүргізуге байланысты. Топыраққа ядролық сынақтардан түсетін 90Sr, 137Cs және 
басқа нуклидтер алдымен өсімдіктерге, одан кейін қоректік заттар арқылы адам ағзасына 
түсіп, әр түрлі қатерлі ауыруларға шалдықтырады. 
Топырақ рекультивациясы жыл сайын пайдалы қазбаларды өндірудің нәтижесінде, 
сонымен қатар әр түрлі құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында көптеген жерлердің 
өсімдік жамылғысы мен топырағы толықтай жарамсыз болып қалады. Осыған байланысты 
қазіргі таңда топырақ рекультивациясын жүргізудің маңызы өте зор.
Топырақ рекультивациясы дегеніміз - әр түрлі факторлардың әсерінен өзгеріске 
ұшырап бұзылған, құнарлылығын жоғалтқан топырақ жамылғысы мен ландшафтарды 
жүйелі түрде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуді айтады. Қазіргі кезде елімізде қайта 
қалпына келтіруді қажет ететін топырақ жамылғысының көлемі өте ауқымды (169,7 мың га.). 
солай бола тұрсада, бұл жұмыстардың атқарылуы төмен деңгейде жүргізілуде.
Пайдалы қазбаларды өндіріп алу кезінде бүлінген жерлерді рекультивациялау үш 
кезеңнен тұрады.
Бірінші – дайындық кезеңі. Бұл уақытта бүлінген алқаптарды зерттеп, жүргізілетін 
рекультивация 
жұмыстарының 
бағытын 
анықтайды, 
техникалық-экономикалық 
негізделмесін және рекультивациялау жобасын құрастырады. 
Екінші – техникалық рекультивация кезеңі. Пайдалы қазбаны қазып алу барысында 
топырақтың қарашірінділі қабатын және зардапсыз бос тау жыныстарын келесі кезектегі 
рекультивациялау жұмысына қолдану үшін бөлек үйеді. Яғни қазба жұмыстары аяқтағаннан 
кейін реті бойынша топырақ қабаттарын қайта орнына қояды.
Үшінші кезең – биологиялық рекультивация. Бұл жұмыс техникалық рекультивация 
кезінде дайындалған жерге құнарлы қабат қалыптастырып, осы жерді орман алқабына 
немесе ауыл шаруашылығы алқабына айналдыруды даярлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет