Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


Минералдардың кесек күйінде түсі



Pdf көрінісі
бет52/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

Минералдардың кесек күйінде түсі. 
Минералдардың түсі химиялық құрамының
құрылысының ерекшеліктеріне, олардың ішінде химиялық және механикалық қосындылар 
болуына байланысты, басқа қасиеттерін өзгертпей, түсін өзгертуі мүмкін. Сондықтан бір 
минералдың әр түрлі түсі болуы мүмкін. Мысалы, ақ, сары, жасыл, көк, қоңыр және қызыл 
түсті корунд болады.
Сонымен қатар, әр түрлі минералдар бір түсті болуы мүмкін (қызғылт гипс және 
қызғылт галит). Түсті жаңа сынықта байқау керек, өйткені бұзылу әсерінен түсі өзгеруі 
мүмкін.
Минералдың сызықтағы түсі
(ұнтақ түсі). Минералдардың кейбіреулерінің ұнтақ 
күйінде түсі кесектегіден басқаша. Минералдың ұнтақтағы түсін анықтау үшін оны 


ұнтақтамай-ақ, оның сызықтағы түсін анықтаса болады. Яғни, жылтырлатылмаған фарфор 
пластикаға сызу керек. Мысалы, пириттың түсі қызыл- ұнтақта қара, гематит кесекте қара
ұнтақта шиелі-қызыл.
Мөлдірлік
– жарық өткізу қасиеті. Бұл қасиетіне байланысты минералдар келесі 
түрлерге бөлінеді: 

Мөлдір – жарықты жақсы өткізеді (тау хрусталы, кальцит, галит), минерал 
арқылы басқа заттар көрінеді; 

Жартылай мөлдір – жарықты ішінара өткізеді, олар өте жіңішке пластикаларда 
мөлдір (опал, халцедон); 

Жарықты шала өткізетін –жарық сәулесін сәл ғана өткізеді, олар тек қана жұқа 
шетінде ғана мөлдір болады (дала шпаты). 

Мөлдір емес- жарық өткізбейді (пирит, графит, магнетит). 
Минералдар жылтырлығы
дегеніміз - минералдар бетінің әр түрлі дәрежеде 
жарықты шығылыстыруы. Жылтырлық металл сияқты және металл сияқты емес болып 
бөлінеді. Металл тәрізді жылтырлықта минералдар беті жаңа өнделген металлға ұқсайды. 
Мұндай жылтырлық саф элементтерде, сульфидтерде және кейбір тотықтарда болады 
(алтын, геленит, пирит). Металл тәрізді емес жылтырлық түрлері:

алмазды-өте жарық, жылтырайды, алмаз ұшқыны сияқты (сфалерит, киноварь); 

шынылы-шыны бетінің жылтырлығы сияқты (кальцит, тау хрусталы); 

жібекті- жібек жібінің жылтырлығына ұқсайды (асбет, гипс); 

құлпырма-әр түрлі жарықта өзінің қарқындығын кемпірқосақты реңінде 
өзгереді (слюда, тальк); 

майлы – минералдың беті май немесе парафин жағып қойған сияқты (кварц, 
күкірт); 

күңгірт –көмескі, минерал беті жылтырамайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет