Бағдарламасының құрылымы (Силлабус)


бір қабаттан екінші қабатқа алмасуы



Pdf көрінісі
бет60/79
Дата23.02.2023
өлшемі4,27 Mb.
#169955
түріБағдарламасы
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79
Байланысты:
2 trimestr 2022-2023 umkd orman top raktanu

бір қабаттан екінші қабатқа алмасуы 
сипатына
көңіл аударады. Егер бір қабат түсі екінші қабат түсіне алмасуы 5 см –ге созылса, 
ол біртіндеп алмасу, ал ол 2-5 см болса анық, ал 2 см – ге дейін болса бірден алмасу деп 
сипатталады. 
Генетикалық қабаттардың ерекшеліктеріне байланысты барлық топырақ кескіндері 
бірнеше типтерге бөлінеді (1-сурет).
Қарапайым
– бұл кескін топырақ құралуының алғашқы сатыларында қалыптасады, 
топырақ құралуы жыныстардың беткі қабатында ғана өтеді. Кескін қабаттарға әлсіз 
жіктелген, қалаңдығы бірнеше сантиметр ғана. 
Толық дамымаған (жетілмеген) 
– тығыз кристальды-массивті жыныстарда немесе 
құлама беткейлерде қалыптасады (кескіннің қалыңдығы бірнеше санитиметр, бірақ 
генетикалық қабаттары түгел) – көбіне таулы жерлерде болады.
Кәдімгі кескін.
Топырақ кескінінде генетикалық қабаттары толық және жақсы 
дамыған топырақ кескінің кең тараған түрі.
Әлсіз жіктелген кескін.
Тез бұзылатын минералдары аз топырақтарда қалыптасды 
(кварцті құмдар, көне-фералитті). Жалпы кескін қабаттарға нашар бөлінген.
Бұзылған кескін
жерді жыртқаннан, су немесе жел эрозиясына әр дәрежеде 
шалдыққан топырақтар .
Қалдықты кескін
– күрделі, осы кескінде генезисы әр түрлі көмілген қабаттар 
(кескін түгел) кездеседі. Олар алдындағы топырақ құралу үрдістерінде пайда болып, 
кейіннен көміліп үстіне жаңа топырақ кескіні пайда болған. 
 
Көп мүшелі кескін.
Әр
 
түрлі құрылысты топфрақ түзуші жыныстары көбіне 100 см 
тереңдікке дейін кездескенде қалыптасады.
Полициклді кескін.
Топырақ түзуші материалдарды кезеңді шөгілу жағдайында 
қалыптасатын топырақтарға сай кескін. Мысалы, жайылма топырақтарда. 
Аударылған кескін
– кескіндерде астыңғы топырақ қабаттар жасаңды түрде 
жоғарыға шығарылып, жоғарғы қабаттар астына түсірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет