«Орман топырақтануы» пәні бойынша зертханалық-практикалық жұмыстары
1-тақырып Минералдардың физикалық қасиеттері және тау жыныстары
туралы түсінік
Сабақтың мақсаты:
Минералдар туралы ұғыммен, олардың физикалық қасиеттерімен және
тау жыныстарының қасиеттерімен, классификациясымен танысу.
Тапсырма:
1. Минералдардың физикалық қасиеттерін зерделеу.
2. Минералдардың коллекциясын қолданып оларды физикалық қасиеттері бойынша сипаттап
минералдарды бір бірінен ажырата білу.
3. Тау жыныстарының негізгі сыртқы белгілерін сипаттау.
4. Белгілерін қарастыру нәтижесінде тау жыныстарының үлгілік
коллекциясын топтарға
бөлу. Мәліметтерді қорытындылау.
Көрнекті құралдар:
Алғашқы және туынды минералдардың коллекциясы. Тау жыныстары
коллекциясы.
Қолданылатын әдебиеттер:
1.
Тайжанов Ш.Т. Топырақтану және геология негіздері. - Астана: Фолиант, 2014.
- 392 б.
2.
Кенжеғұлова С.О. Топырақтану. - С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ. – Астана,
2016. – 106 бет.
3.
Рамазанова Р.Х., Кекілбаева Г.Р. Жлапы геология С.Сейфуллин атындағы
ҚАТУ. – Астана, 2016. – 106 бет
Минерал деп тұрақты химиялық құрамды, өзіне тән морфологиялық белгілері және әр
түрлі физикалық қасиеттері бар, табиғи денені айтамыз.
Табиғатта минералдар пайда болуына байланысты екі топқа бөлінеді: бастапқы және
туынды
минералдар, олар тау жыныстардың негізін, топырақтың қатты фазасын құрайды
және топырақтың физикалық–механикалық, химиялық қасиеттерін анықтайды.
Минералдарды зерттеулердің әр түрлі тәсілдері бар:
көзбен немесе микроскоппен
анықтау, далалық жағдайда олардың физикалық қасиеттеріне, яғни түсіне, жылтырлығына,
қаттылығына, кристалдардың мүсініне қарай анықтайды.
Ал
зертханада, даладан алып келген минералдар мен тау жыныстарын дәл тәсілдер
арқылы
зерттейді:
минералдардың
оптикалық
константы,
кристалдық
қасиеті,
радиобелсенділігі, люминисценциясы,
магниттілігі, физикалық және химиялық талдау
арқылы минералдардың нақтылы химиялық құрамын анықтайды,
мұнда рентген және әр
түрлі қыздыру тәсілдері қолданылады.
Минералдарды зерттеп, сипаттап, атын анықтау үшін олардың физикалық қасиеттерін
зерделейді. Минералдардың физикалық қасиеттеріне оның түсі, кристаллдарының пішіні,
мөлдірлігі, қаттылығы,
тығыздығы, жымдастығы, бөлінуі, жылтырлығы, радиобелсенділігі
және т.б. жатады.
Достарыңызбен бөлісу: