Пән бойынша оқыту
бағдарламасының (Syllabus)
титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/37
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультеты
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
05060600 – Химия мамандығының студенттеріне арналған
Циклді қосылыстар химиясы
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Павлодар
Пән бойынша оқыту
бағдарламасының (Syllabus)
титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/38
|
БЕКІТЕМІН
ХТжЖ факультетінің деканы
_________ Ахметов К.К.
20 __ж. «___»_________
Құрастырушы: профессор, х.ғ.д. Әміреев Р.А.
Химия және химиялық технологиялар кафедрасы
05060600 – Химия мамандығының күндізгі оқу нысанының студенттеріне арналған Циклді қосылыстар химиясы
ПӘНІ БОЙЫНША ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ (Syllabus)
Бағдарлама 20__ж . «__» _______ бекітілген жұмыс оқу бағдарламасының негізінде әзірленді.
Кафедра отырысында ұсынылды 20__ж. «__» _______ №____хаттама
Кафедра меңгерушісі _________Жапарғазинова К.Х. 20__ж. «__» _______
Химия технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды 20_ж. «___» ________№__хаттама
ОӘК төрағасы ______________Бүркітбаева Ұ.Д. 20__ж. «___» _________
1 Оқытушылар туралы мәліметтер және байланысу ақпараттары
Әміреев Рақыш Әміреұлы - химия ғылымдарының докторы, химия және химиялық технлогиялар кафедрасының профессоры. Химия және химиялық технологиялар кафедрасы негізгі оқу корпусында (Ломов көшесі, 64) А-509 аудиторияда орналасқан. Байланысу телефоны 68-73-06.
2 Пән туралы мәліметтер
3 Пәннің еңбек сыйымдылығы
Семестр
|
Кредиттер саны
|
Аудиториялық сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны
|
Студенттің өздік жұмысының сағат саны
|
Бақы-лау түр-лері
|
бар-лығы
|
дә-ріс
|
прак-тика
|
зерт-хана-лық
|
сту-дия-
лық
|
жеке
|
барлы-ғы
|
СОӨЖ
|
6
|
2
|
30
|
15
|
15
|
|
|
|
60
|
30
|
емти-хан
|
Бар-лығы
|
2
|
30
|
15
|
15
|
|
|
|
60
|
30
|
|
4 Пәннің мақсаты және міндеттері
Пәннің мақсаты – құрамында тұйықталған тізбегі бар органикалық қосылыстар химиясынан студенттерге терең білім беру мақсатында карбоциклді және гетероциклді қосылыстардың ең маңызды алу әдістері және химиялық қасиеттері бойынша іргелі білім беру, циклді органикалық қосылыстардың химиялық айналуларына студенттердің ғылыми көзқарасын тәсілдеру, оларды ғылыми әдебиетпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Пәннің міндеттері – студенттерді алициклді, ароматты және гетероциклді қосылыстардың құрылысы, изомериясы, атаулары, негізгі алу әдістері, химиялық қасиеттері, маңызды реакцияларының механизмі және стереохимиясымен таныстыру.
5 Білімге, икемділікке және дағды-машақтарға қойылатын талаптар
Осы пәнді меңгеру нәтижесінде студенттердің:
-карбоциклді және гетероциклді қосылыстар химиясы саласында қазіргі кездегі жетістіктер;
-циклдді органикалық заттар айналуларының жалпы заңдылықтары жөнінде түсініктері болуы;
-алициклді, ароматты және гетероциклді қосылыстардың өте маңызды алу әдістері мен химиялық қасиеттерін, олардың негізгі реакцияларының механизмдері мен стереохимиясын;
-циклді органикалық қосылыстардың құрылымы мен әрекеттесуге қабілеттілігі арасындағы байланысты білуі керек;
-органикалық химияның теориялық негіздері және органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы пәндерінен алынған теориялық және практикалық білімдерді пайдаланып циклді қосылыстар химиясының түйінді мәселелерін шешуге;
-циклді органикалық қосылыстардың ең маңызды топтарын синтездеудің өте тиімді әдістерін таңдауға икемді болуы;
-циклді органикалық қосылыстардың маңызды топтарының жаңа алу әдістері мен химиялық айналуларына байланысты оқылған ғылыми әдебиет бойынша өз көзқарасымен баяндауға;
-циклді қосылыстар химиясы саласындағы ғылыми тақырыптарға әңгімелер жүргізуге практикалық машықтарды иемденуі қажет.
6 Пререквизиттер
Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машықтар қажет:
Органикалық химияның теориялық негіздері;
Органикалық молекулалардың функционалды туындыларының химиясы.
7 Постреквизиттер
Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және дағды-машақтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет:
Органикалық синтез;
Стереохимия.
8 Тақырыптық жоспар
№
р/с
|
Тақырыптардың атауы
|
Сабақ түрлері бойынша байланыс сағаттарының саны
|
дәрістер
|
практикалық (сем)
|
СӨЖ
|
1
|
Циклді органикалық қосылыстар химиясына кіріспе. Циклді қосылыстардың жіктелуі
|
1
|
|
2
|
2
|
Алициклді қосылыстар. Құрылысы, атаулары және изомериясы
|
1
|
2
|
6
|
3
|
Циклопропан және циклобутан, олардың туындылары
|
2
|
2
|
8
|
4
|
Циклопентан және циклогексан, олардың туындылары
|
2
|
2
|
8
|
5
|
Циклоалкандардың конформациялық талдауы
|
2
|
|
6
|
6
|
Бициклді қосылыстар. Стероидтар
|
1
|
|
4
|
7
|
Ароматтылық. Аннулендер
|
1
|
2
|
4
|
8
|
Полициклді арендер
|
1
|
3
|
6
|
9
|
Бес мүшелі гетероциклді қосылыстар
|
2
|
2
|
8
|
10
|
Алты мүшелі гетероциклді қосылыстар
|
2
|
2
|
8
|
БАРЛЫҒЫ
|
15
|
15
|
60
|
9 Пәннің қысқаша сипаттамасы
Құрамында тұйықталған көміртек атомдарының тізбегі бар органикалық қосылыстардың маңызы өте зор. Табиғатта циклді қосылыстардың саны орасан көп. Құрамында циклдері бар гем, хлорофилл, ДНҚ, РНҚ, витаминдер, ферменттер, антибиотиктер, гормондар, стероидтар, көмірсулар және басқа көптеген заттардың тірі организмдердің тіршілігінде маңызы өте үлкен. Циклді органикалық қосылыстар ациклді заттар реакцияларының механизмдерін зерделеу үшін пайдаланылады. Циклді молекулалар көптеген ациклді молекулаларға тән емес стереохимиялық қасиеттерге де ие. Циклді органикалық қосылыстарға теориялық және практикалық маңызы өте үлкен алициклді, ароматты және гетероциклді заттар жатады.
10 Курстың компоненттері
Дәрістік сабақтар тақырыптарының тізбесі
1 тақырып. Циклді органикалық қосылыстар химиясына кіріспе. Циклді қосылыстардың жіктелуі.
2 тақарып. Алициклді қосылыстар. Құрылысы, атаулары және изомериясы.
3 тақырып. Циклопропан және циклобутан, олардың туындылары.
4 тақарып. Циклопентан және циклогексан, олардың туындылары.
5 тақырып. Циклоалкандардың конформациялық талдауы.
6 тақарып. Бициклді қосылыстар. Стероидтар.
7 тақырып. Ароматтылық. Аннулендер.
8 тақарып. Полициклді арендер.
9 тақырып. Бес мүшелі гетероциклді қосылыстар.
10 тақарып. Алты мүшелі гетероциклді қосылыстар.
Практикалық сабақтар тақырыптарының тізбесі
2 тақарып. Алициклді қосылыстар. Құрылысы, атаулары және изомериясы.
3 тақырып. Циклопропан және циклобутан, олардың туындылары.
4 тақарып. Циклопентан және циклогексан, олардың туындылары.
7 тақырып. Ароматтылық. Аннулендер.
8 тақарып. Полициклді арендер.
9 тақырып. Бес мүшелі гетероциклді қосылыстар.
10 тақарып. Алты мүшелі гетероциклді қосылыстар.
11 Курстың саясаты
Курстың кейбір құрауыштарының сіздің білімдеріңіздің деңгейі балдармен бағаланады. Айталық бір сағаттық сабаққа қатысқаны, сабаққа дайындық, топтағы белсенді жұмыс үшін лекциялық сабақ бойынша 2,0 бал, және бір сағаттық практикалық сабақ бойынша 2,0 бал қойылады.
Мен сізден оқу үдерісіне белсенді қатысуыңызды сұраймын.Оқу үдерісіне белсенді қатысу дегеніміз - сабақтарға қатысу,талқылауларда және топ жұмысында белсенді болу, курста бірге оқитындырға көмектесу. Топ жұмысына қатысу сапасы сандық қарағанда маңыздырақ. Топ жұмысына қатысу сапасы сандық көрсеткішке қарағанда маңыздырақ. Мен сізден сабақтарға кешікпеуіңізді сұраймын. Сабақтардағы кез келген тәртіп бұзушылық тіпті аудиториядан шығарып жібергенге дейін жазаланады. Сабақтарды жібергені үшін мен мындай айыптау шараларын белгілеймін:
себепсіз лекцияға қатыспағаны үшін 2,0 бал алынып тасталады;
себепсіз бір сағаттық практикалық сабаққа қатыспағаны үші 2,0
бал алынып тасталады;
жіберген практикалық сабақта жұмыспен өтегені үшін 1,0 бал
қойылады.
Барлық аудиториялық уақыт лекцияларға, оқығанды талқылауға, өз ойларын айтуға, практикалық сабақтар бойынша тапсырмаларды орындауға бөлінеді. Сіздің дайындығыңыз бақылау жұмыстарымен, коллоквиумдар тапсырумен, ауызша, жазбаша және түйдектеп сұраумен, тестлермен тексеріледі. Барлық тапсырмалар дер кезінде орындалуы керек. Кешіктіріліп орындалған тапсырмалар 2,0 балға кем бағаланады. Емтихандарда немесе сұрақтарға жауап бергенде, жазбаша бақылау жұмыстарын орындағанда, коллоквиумдар тапсырғанда көшіріп жазуға тиым салынады. Егер кейбір себептермен бақылау шараларын жүргізген кезде сіз оған қатыспаған болсаңыз, онда сізге келесі сабақ басталғанға дейін тапсыруға мүмкіншілік беріледі. Олай болмаған жағдайда сіз «0» бал аласыз.
Әрбір семестірде екі аралық бақылау белгіленген. Онда тақырыптар бойынша коллоквиумдар, жазбаша бақылау жұмыстарын немесе сәйкес бөлімдердің материалдары бойынша тестілеу өткізу көзделген. Қорытынды емтихан жазбаша түрде билеттер бойынша және тестілеу түрінде өткізіледі.
12 Әдебиеттер тізімі
Негізгі
1) Реутов О.А., Курц А.Л., Бутин К.П. Органическая химия. Часть 2. – М.: Бином. Лаборатория знаний, 2007.
2) Реутов О.А., Курц А.Л., Бутин К.П. Органическая химия. Часть 3. – М.: Бином. Лаборатория знаний, 2004.
3) Сейтжанов Е.Ф. Органикалық химия. – Алматы: Print-s, 2005.
4) Березин Б.Д., Березин Д.Б. Курс современной органической химии. – М.: Высшая школа, 2003.
Қосымша
5) Ким А.М. Органическая химия. – Новосибирск: Сиб.унив.изд-во, 2004.
6) Иванов В.Г. Практикум по органической химии. - М.:Академия, 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |