Бағдарламасының тарихи негіздері


Өзін рухани өмірге арнаған адам үшін ең қиыны – сананың жоғары деңгейіне қол жеткізу ғана емес, оны ұстана білу



бет8/9
Дата14.02.2023
өлшемі1,75 Mb.
#168699
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ТАРИХ - ЖАНАТ

Өзін рухани өмірге арнаған адам үшін ең қиыны – сананың жоғары деңгейіне қол жеткізу ғана емес, оны ұстана білу.
  • «Адамзат рухы дегеніміздің мәнісі жер бетінде адам болып өмір сүру деген мағынаны білдіреді». 
  • «Ең бастысы, адамзаттың рухы дегенді түсіну керек. Рух адамдарды бір-біріне қажет ететін күш».

«Рух болмаса, адамзатта ортақ іс болмас еді». 
  • Парасат дегеніміздің өзі, бір жағынан, рухани ізденістін формасы болса, екінші жағынан рух болмысын сезіну, әрі рухты ансаушылық болса керек. Біз рухты адамға қатысты айтқанымызбен, ол – адамзатқа дейін болған шындық. Мәселенің аса күрделілігі, әрі қиындығы сонда. Рухтың қуаты – оның тылсымдығында.

Ғарифолла Есім
«Әр бала – керемет рухани күш иесі. Ол шетсіз шексіздікті танып білуге ұмтылады. Мұндай ұмтылыс адам баласының бойында дүниеге келген сәтінде-ақ пайда болады. Сондықтан да кез келген мұғалім әр балаға рухани күш иесі ретінде қарауы керек.
Мұғалімнің мұндай көзқарасы баланың белсенділігін арттырады. Білімге деген құштарлығын көбейтеді. Балаға сеніммен қарау баланы тек қуаттандыра түседі».
Ш. Амонашвили
«Әр бала – керемет рухани күш иесі».

«Руханиатсыз білім жоқ!»

«Руханиатсыз және рухани білімсіз ғылым – аса қауіпті және бос. Сондықтан да зайырлы және рухани білімдердің бірлесуі қажет. Надандық – барлық қасіреттер мен проблемалардың себебі. Сондықтан да біз шынайы, жанды білімге ұмтылуымыз қажет.


 Д.М.Маллаев
Совет-Хан ҒАББАСОВ
“Адам дегеніміз үш түрлі жүйеден (Тән, Жан, Рух) тұратын тіршілік иесі”.
  • «Адам табиғатындағы үш жүйенің: Тән, Жан, Рухтың тәрбиесі түзелмей, әділетті қоғам да, мейірімді мемлекет те болуы мүмкін емес!...»
  • «Көкірек көзі адамның табиғи қасиеттерінің ішіндегі ең бір тылсымы мол тамаша сипаты болып табылады. Жүрек тәрбиесімен көкірек көзі ашылған адам таңғы-махшар нұрын да, тіршілік атаулының болашақ өмірлерін де, тіпті табиғаттың түсінікке сыймайтын сырларын да, бар болмысы арқылы сезінуімен қоса, тіпті көзбен көріп, қолмен ұстағандай көріпкелдік жасайтындары жайлы мысал көп». 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет