ОӘК төрайымы __________ Ш.Қ.Сулейменова 20__ж. «___»_________
Тарих және құқық
факультетінің деканы _____________ А.А. Акишев «___» _________ 20__ж.
ОӘБ бастығы _____________ Е.Н. Жуманкулова «___» _______ 20__ж.
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
20__ж. «___»___________, №___ Хаттама
1 Пән бағдарламасының паспорты
Қоғамдық-саяси пәндерді оқытудың әдістемесі пәні
Міндетті компонент пәні
Кредиттердің саны және оқу мерзімі
Барлығы – 2 кредит
Курс: 4
Семестр: 3
Аудиториялық сабақтарының барлығы – 30 сағат
Діріс - 15 сағат
Тәжірибелік /семинарлық сабақ - 15 сағат
СОЖ– 60 сағат, оның ішінде СОӨЖ – 15 сағат
Жалпы еңбектену - 90 сағат
Бақылау түрі
Ағымды бақылау – 4 және 11 аптада
Межелік бақылау – 8 және 15 аптада
Қорытынды бақылаудың түрі – аралас емтихан (60% тестік тапсырма түрінде қабылданады және 40% жазбаша түрінде қабылданады) семестрдің аяғында
Пререквизиттер:
Осы пәнді меңгеру үшін келесі пәндерді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар керек:
- Саяси тарих;
- Саяси ілімдер тарихы;
- қолданбалы саясаттану
Постреквизиттер:
Осы пәнді оқып-үйрену нәтижесінде қалыптасқан білімдер мен дағдылар келесі пәндерді меңгеру үшін керек:
- Салыстырмалы саясаттану;
2 Оқытушы туралы мәлімет
Каппасова Гульсара Маданиқызы - аға оқытушы, саясаттану магистрі (дәріс,тәжірибе)
Әлеуметтану және саясаттану кафедрасы А корпусында 517 аудиторияда орналасқан
тел. 67-36-87 (ішкі 1124)
Е-mail: gulsara_k@bk.ru
3 Пәннің мақсаты мен міндеттері
Қоғамдық-саяси пәндердің пәні – екі сипатта қарастырылады: ғылым және оқу пәні ретінде. Қоғамдық-саяси пәндер ғылым ретінде қоғамның тарихты, қоғам мен адамды, саяси саланы, саяси ойдың пайда болуы мен дамуын, саяси жүйе, саяси қатынастар мен үрдістер, саяси сана мен саяси мәдениет, халықаралық саяси үрдісті зерттейді.
Қоғамдық-саяси пәндер пән ретінде оқушыларға саяси мәселелер бойынша нақты білім жүйесін береді, нақты саяси шындықтың мәні мен болашақта дамуын, негізгі саяси институттар, ұйымдар, қозғалыстар мен үрдістер, саяси қатынастар жүйесіндегі жеке тұлғаның құқықтық жағдайы мен оның саяси өмірге қатысу жолдарын жан-жақты ашып көрсетеді. міндетті пән ретінде оқытылады.
Пәннің оқыту мақсаты:
- қоғамдық-саяси пәндердің теориялық білімдердің бүкіл спектрінің оқытуға үйрету;
- қоғамдық-саяси шындық жайлы, оның негізгі принциптері, саяси тәртіптің нормалары туралы жүйеленген ғылыми түсінік қалыптастыру;
- студенттердің жалпы дүниетанымдық және теориялық-әдістемелік өрістерін дамыту;
- қоғамдық-саяси жүйе және тәртіптің негізгі бағыттарымен студенттерді таныстыру;
- мемлекеттік қоғамдық басқарма және басқарудың заманға сай мәселелерін шеше алатын, шығармашылық потенциалды дамытуға жағдай жасай алатын елдің жоғары білікті мамандық потенциалын қалыптастыру, болашақ мамандардың пәндік білімінің іргетасын қалау.
Пәннің оқыту міндеттері:
- қоғамдық-саяси пәндердің негізгі оқытатың әдіс-тәсілдермен таныстыру және оларды жүзеге асыру. Берілген теориялық білімдерді сабақ барысында, өзіндік жұмыста және басқа да оқу процессінде пайдалануға үйрету.
- студенттердің жалпы және саяси мәдениетін жоғарлату, оларда қоғамдық-саяси процестер және қоғамдық-саяси ғылымдар жайлы жалпы түсінік қалыптастыру, бұл , өз кезегінде, қазіргі дүниежүзілік қоғамдық-саяси шындықты өз еркімен ойлап, бағалай білуін дамыту;
- түсінік аппаратын білу және тәжірибелік қоғамдық-саяси негізгі тәсілдерімен таныстыру;
- қоғамдық-саяси пәндердің институционалдық және әлеуметтік-мәдени аспектілерінің байланысу тәсілдерін, бұл ғылымның функционалдық-прагматикалық бағалы өлшемдерін ашу;
4 Білімге, істей білуге, компетенцияларға қойылатын талаптар
Пәнді оқыту нәтижесінде студенттер:
білуі керек:
- түрлі қоғамдық-саяси пәндердің оқытудағы пайдаланатын әдістерді;
- қоғамдық-саяси пәндерді оқыту кезіңдегі қызметтерді;
- қоғамдық ой қалыптастырудағы қазіргі қоғам дамуында қоғамдық-саяси пәндердің рөлін және мәнін;
- қоғамдық-саяси ғылымның негізгі түсініктерін, қоғамдық-саяси зерттеудің басты әдістерін, қоғамдық ғылымдарда тәжірибелік қоғамдық-саяси пәндердің алатын орнын және рөлін;
- азматтық қоғам және мемлекеттің өзара қарым-қатынастың, саяси өмірдің әлеуметтік негізін, саясатта топтық мүддені жүзеге асыру тетіктерін;
жасай алуы керек:
- түрлі сабақтардың жоспар-конспектерің құрастыру;
- қоғамдық-саяси пәндерді тереңірек меңгеру үшін заманауи әдістерді падалану;
- қоғамдық-саяси пәндерге тарихтың, саясаттың, саяси үрдістің тәжірибелік мәселелеріне талдау жасай білуі;
- қоғамдық-саяси ұйымдардың және саяси жүйенің, мемлекеттік институттардың қалыптасуымен дамуының заңдылықтарын аша білуі;
- күрделі қоғамдық-саяси жағдайды түсіне білуі және сол жағдайда обьективті дұрыс позиция қабылдай білуі.
Тәжірибелік дағдыларға ие болуы керек:
- қоғамдық-саяси пәндерді заманауи, отандық және шетелдік әдістерді пайдаланып жүргізе алу.
- ғылыми жұмыс дағдыларына;
- елде, әлемде болып жатқан тарихи, қоғамдық-саяси, экономикалық үрдістерді бағалау және талдау;
- болашақ жұмысында берілген білім және машықтарды қолдануы
компетентті болу:
қоғамдық-саяси пәндерді жүргізуде, әдептің нормаларына, адамның және азаматтық құқықтары және бостандықтарына, замани өркениетке сай қоғамдық-саяси пәндердің оқиғаларының ерекшеліктеріне, саяси мәдениеттің негізгі белгілерінде.
5 Оқыту пәннің тақырыптық жоспар
Академиялық сағаттарды сабақтардың түрлері бойынша бөлу
№ п/п
|
Тақырыптың атауы
|
Сағат саны сабақтардың түрлері бойынша
|
СӨЖ
|
дәріс
|
тәж., сем.
|
лаб., студ.жеке
|
барлығы
|
СӨЖМ мен бірге
|
1
|
Колледж, мектепте қоғамдық-саяси пәндерді оқытудың әдістемесі
|
1
|
-
|
|
3
|
1
|
2
|
ХХ ғасырдағы саясаттануды оқыту әдістемесі пәні
|
1
|
2
|
|
3
|
1
|
3
|
Қазіргі ОБМ қоғамдық-саяси пәндерді білім беру
|
1
|
1
|
|
3
|
1
|
4
|
Оқулық- маңызды білім көзі және оқу құралы
|
1
|
1
|
|
3
|
1
|
5
|
Оқытудың әдістері мен тәсілдері
|
1
|
1
|
|
3
|
1
|
6
|
Әдістері мен тәсілдерді топтастыру
|
1
|
1
|
|
3
|
1
|
7
|
Көрнекті құралдарды пайдалана отырып, оқыту жұмысынын тәсілдері
|
1
|
1
|
|
3
|
1
|
8
|
Қоғамдық-саяси пәндерді оқытудағы жоспарлар (перспективті, сабақсайын)
|
1
|
1
|
|
3
|
1
|
9
|
Қоғамдық-саяси пәндердің материалдардың құрылымы
|
1
|
1
|
|
3
|
1
|
10
|
Басты тарихи деректердің мазмұндау тәсілдері
|
1
|
1
|
|
3
|
1
|
11
|
Теориялық оқу материалын оқып-үйрену
|
1
|
1
|
|
3
|
1
|
12
|
Қоғамдық-саяси пәндердерді оқытудағы көрнекілік
|
1
|
1
|
|
3
|
1
|
13
|
Картографиялық көрнекі құралдар
|
1
|
1
|
|
3
|
1
|
14
|
Қоғамдық-саяси пәндерді оқытудағы хронология
|
1
|
1
|
|
3
|
1
|
15
|
Жоғары сыныптардағы оқу сабақтары
|
1
|
1
|
|
3
|
1
|
|
Барлығы – 90 сағат (2 кредит)
|
15
|
15
|
-
|
60
|
15
|
6 Дәріс сабақтарының мазмұны
№1 тақырып Колледж, мектепте қоғамдық-саяси пәндерді оқытудың әдістемесі
Жоспар:
1 ҚСП оқыту әдістемесі пәні
2 ҚСП оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары
3 ҚСП отқытудағы әдістемесінің орны мен рөлі
ҚСП оқыту әдістемесі, даму ерекшеліктері. Оқушылардың Қазақстан тарихы пәніндегі танымдық қабілетін дамытуда және білімін сыныптан тыс жүмыстың ролі. Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстың мазмұны, түрі және әдістері. Кейбір оқушылардың тапсырманы орындаудағы жекелеген өздік жұмыстары.
ҚСП оқыту әдістемесінің пәні мен мақсаты.Тарихты оқыту әдістемесі - мектептегі тарих курсьшының мазмүлын, мақсатын, оқыту кұралдарын, әдістері мен тәсілдерін анықтайтын ғылыми педагогикалық пән. Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту методикасының орны. Тарихты оқытудың методикалық жүйесінің пайда болуы. Әдістеменің ғылым ретінде қалыптасуын анықтайтын факторлар. Тарихты оқыту әдістемесінің тарихи және саяси - әлеуметгік пәндермен байланысы. Тарихты оқытудың зерттеу әдістері. Мектеп оқушыларын оқыту және тәрбиелеу процесіндегі тарихи пәндердің ролі. Қазақстан Республикасы мектептеріндегі тарихтан білім берудің казіргі кұрылымы.
Әдебитеттер тізімі:
1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.
2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К., т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық.
Павлодар: Кереку. 2010.
№ 2 тақырып ХХ ғасырдағы саясаттануды оқыту әдістемесі пәні
Жоспар:
1 Саяси білім тарихта (Аристотельден бастап)
2 ХХ ғасыр басындағы саяси білім беру
3 ҚСП білім берудің теориясы мен практикасын жетілдіру
Ежелгі Грекия мен Римдегі саяси идеялар. Саяси өмірді теориялык зерттеудін негіздерін алғашкылардың бірі болып Сократ калаған еді (б.д.д. 470-399 жж.). Ол жазба деректер калдырған жок, бірак Платон мен Ксенофонт жеткізген оның ауызша әнгімелерінде, моральдык-саяси философияның ірге тасы каланған-ды, онын айтарлыктай бөлігі кұкык туралы. саясат, мемлекет жөнінде пайымдауға арналған болатын. Сократ саяси өмірді, оның көрінісіндегі бүкіл формаларын елестету, болжамдау және мифтерденгейінде карастырмай, белгілі бір категориялар жүйесінде таныған. Сократтың теориялык акылы оның саяси ғылымдар үшін манызы аса кұнды корытындылар жасауға дейін көтерілуіне мүмкіндік берді. Ол мемлекеттік (полистік) өмірдін негізін заң кұрайды деген корытындыға келді.
ХХ ғасырда көбінде ҚСП Кеңес Одағында мүлдем зерттелген жоқ, оларды ғылым деп таныған жоқ бұлар жалған ғылым деп атайтын. Осы мәселе сол кездегі Кеңес Одағындағы тоталитарлық саяси режиммен байланысты.
Әдебитеттер тізімі:
1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.
2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К., т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010
№ 3 тақырып Қазіргі ОБМ қоғамдық-саяси пәндерді білім беру
Жоспар:
1 90-жылдардағы ҚСП білім беру құрылымы
2 Мектеп бағдарламалары және ҚСП білім беруді қалыптастыруға арналған мемлекеттік құжаттар
3 Оқу-әдістемелік кешендері және мектепте ҚСП оқытуды жоспарластыру
1990 жылдан бастап халық ағарту саласында болып жатқан үлкен өзгерістерге және де Қоғамтану, Қоғам және адам, Қазақстан тарихының мектептің оқу жоспарына дербес пән болып енуіне байланысты ол құрамындағы көптеген әдістемелік ұсыныстардың қазіргі талаптарға жауап бере алмайтыны түсінікті.
Ал қазіргі күнде мектепте тарихты оқыту жайындағы көзқарас өзгертумен сипатталады. Оны өзгертудегі басты бағыттар мыналар:
-Тарихи білімнің нәтижеге бағдарлануы;
-оқушының дайын білімді енжар алушыдан білімдегі процесстің белсенді субъектісіне айналуын талап ететін білімдік моделді қалыптастыруға бағытталуы;
-мектепте үзіліссіз білім беру жүйесінде тарих пәнінің білімдік,
танымдық және тәрбиелік рөлін күшейту;
Авторлар оқыту әдістемесінің бұл типтік бағдарламасын жоғары оқу орындарында білікті маман дайындауға көмегі бар деп сенім артады.
Әдебитеттер тізімі:
1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.
2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К., т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010
№ 4 тақырып Оқулық- маңызды білім көзі және оқу құралы
Жоспар:
1 ҚСП оқулығы және оның құрауыштары
2 ҚСП сабақтарында оқулықпен жұмыс істеу жүйесі
а) оқулықпен жұмыс істеу дағдылары
ә) оқулық бойынша тапсырма беру
б) оқулық иллюстрациясымен жұмыс
Оқушылардың таным белсенділігін арттырудың бірден-бір жолы-оқулықпен жұмыс. Білім көзі-оқулықта .Оқулықпен жұмыс істеуді дұрыс жолға қою арқылы оқушылардың өздігінше ізденіп,білімін толықтыруын қамтамасыз етуге болады. Оқулық ғылыми тұрғыдан қанша дұрыс болса да, материалды өз дәрижесіне сапалы меңгерту мұғалімнің әдістемелік шеберлігін, оқушылармен жұмыс істеу тәсілінің тиімділігін қажет етеді. Бұл мақсатта жалпы білім беретін оқу орындарындағы ҚСП оқулықтарындағы негізгі мәліметтерді жүйелеу қажет деп біледі.
Әдебитеттер тізімі:
1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.
2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К., т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010
№ 5 тақырып Оқытудың әдістері мен тәсілдері
Жоспар:
1 Оқыту әдістері және оларды топтастыру
2 Сөздік, көрнекі және практикалық әдістер
3 Тәсілдердің көптүрлігі
Педагогтар оқыту әдісі туралы тусінікті әр түрлі етіп дәлелдеді. Оқу-танымдық іс-әрекетіне сәйкес оқыту әдісі құбылыстың мәнін танып білудегі әдіс-тәсілі ретінде қарастырады. Осы түсініктегі әр түрлі дефиницияларды негізге ала отырып, мынадай тоқтамға келеміз: оқыту әдісі – бұл оқушы мен оқытушы арасындағы жүйелі, өзара байланысқан білім мазмұнын меңгеруге арналған іс-әрекет жүйесі. Оқыту әдістері – тарихи категория, олар білім беру мазмұны мен мақсатының ауысуына байланысты өзгереді. Америкалық педагог К.Керр оқыту әдіс сапасындағы төрт «төңкерісті» бөліп көрсетеді (1972). Біріншісі – үлгі болып табылады мұғалім – ата-аналар кәсіби мұғалімдерге орын берді, екіншісі – ауызша сөздерді жазбашаға ауыстырды, үшіншісі оқуға баспа сөздерін кіргізді, төртіншісі – осы кезде болып жатқан автоматтандыру мен компьютерлендіру оқыту процесіне енгізуді болжады. Оқыту әдісінің маңызды белгісі – дидактикалық мүмкіндіктер. Егер осы тәсілмен жоқ дегенде бір дидактикалық мәселені шешетін болсақ, мұның өзі оқыту әдістемесі. Егер іс-әрекет әдісі қосымша болатын болса, онда біз тәсілмен жұмыс істейміз. Оқыту тәсілі - әдіс элементі, оның құрама бөлігі, әдістің көлемі бойынша кішігірім, құрылымы бойынша жай болатын болса, онда әдісті және’ әдіс модификациясын орындау жолындағы өзгеше қадам болып табылады. Әдіс пен тәсіл арасында өзара ауыспалық байқалады. Беріліп отырған пәннің мазмұнына қарай әдіс тәсілге, тәсіл әдіске айналуы мүмкін. Сөйтіп, барлық графикалық бейнелер пәндері үшін- тәсіл болып табылады (қосымша әрекеттер). Әдіс пен тәсілдің байланысын кітаппен жұмыс кезінде байқауға болады. Қазіргі дидактиканың ең бір көкейтесті проблемасы – оқыту әдісін классификациялау болып отыр. Әдіс классификациясы -нақты бір белгілер бойынша ретке келтірілген жүйе. Көптеген авторлар оқыту әдістемесінің негізіне түрлі белгілерді келтіргендіктен, классификацияның алуан түрлері бар. Дәл қазіргі кезеңде бұл сұрақ төңірегінде нақты тоқтам жоқ. Дидактика тарихы ең алғашқы классификацияны 1920 ж. оқыту әдісінің екі категориясын бөліп көрсеткен Б.В.Всехсвятский атымен байланыстырады.Ол бірінші категория дайын білімді беру, екіншісі – зерттеу әдісі екендігін ашып көрсетті. Зерттеу әдісінің атқарар жүгі алғашқы категорияға қарағанда ауырлау болды. Оқытудың зерттеу әдісі білімді шығармашылық тұрғыдан қабылдауды және оны қолдануға педагогикалық классификацияның жоғарғы деңгейін талап етеді. Бүгінде оқыту процесі көптеген классификациялармен толықтырылды, оқыту әдісі – уақыт өткен сайын өзгеріп отыратын және негізгі үш белгісімен (оқыту мақсатын білдіреді, меңгеру тәсілі, оқыту субъектісінің өзара байланысы) сипатталатын тарихи категория екендігін дәлелдеді. Оқыту әдісінің классификациясына айтылған әр түрлі көзқарастар «әдістер теориясының дағдарысын» білдірмейді, керісінше олардың әдісті обьективті, айқын көптүрлілігін, ол туралы білімінің интеграциясы мен дифференциясын табиғи процессін білдіреді. Оқыту әдісі педагогикалық өнердің биік шыңы болып келді және ары қарай да солай болып қала бермек. Мектептің оқу-танымдық іс-әрекетінде оқыту әдісі түрлі когнитивті функция ролін атқарады, олар: оқу материалын меңгеру, оны бекіту, білім-білік дағдыларын жетілдіру, олардың тұлғалық қасиетін дамыту, әлеуметтік-кәсіби іс-әрекетке дайындау.
Әдебитеттер тізімі
1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.
2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К., т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010
№ 6 тақырып ҚСП материалдарының құрылымы және оны оқып үйренудің тәсілдері
Жоспар:
1 Деректер. Оқиғалар. Құбылыстар. Процестер.
2 ҚСП түсінік пен ұғым.
3 ҚСП терминдермен жұмыс.
Түрлі оқиғалар , құбылыстар және процестер туралы деректер жинау – ҚСП білімінің бір қыры. Бір-бірімен тығыз байланысты жинақталған және зерттеген деректерді түсіну, теор. тұрғыдан қорытындылау – ҚСП ғылымының екінші қыры. ҚСП ғылымы өзіндік ұзақ даму жолынан өтті (қ. Тарихнама). Қоғамның өткен дәуірінен зерттеу процесінде басқа ғылымдар сияқты Т. ғылымында да жеке бөлімдерге мамандану жүйеленді. Оның бірінші тобы – жалпы тарих, алғашқы қауымдық қоғам, ежелгі дәуір, орта ғасырлар, жаңа заман кезеңдеріне бөлінеді; екінші аралас тобына – жеке ғылымдардың (жаратылыстану, техника, мәдениет, экономика, әскери өнер, әдебиет, философия, т.б.) ҚСП жатады. Жалпы тарих жекелеген елдердің, халықтардың және аймақтардың да ҚСП болып бөлінеді (мыс., Азия және Африка елдерінің , Таяу Шығыс елдерінің, Орт. Азия Т-ы, түркі халықтары, Латын Америкасы, Қиыр Шығыс, Батыс және Оңт. славяндар, т.б.). Әрбір елдің, халықтың тарихы өздері үшін Отан тарихы болып саналады. ҚСП ғылымы қоғамтану, саясаттану, әлеуметтану, деректану, тарихнама, археография, тарихи демография, т.б. көптеген салаларға бөлінеді. Мұндай салаларға бөліну ҚСП ғылымының дамуымен тығыз байланысты ҚСП ғылымының дамуына өзге ғылым салаларымен түйісуі айқын аңғарылады. Мұндай түйісулер тек қоғамдық ғылымдармен ғана емес, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдарымен де жүреді. Бұл өз кезегінде ғылымдар тоғысындағы қоғам тарихының мәселелерін шешуге өз септігін тигізеді. Белгілі бір аймақтар мен халықтарды зерттейтін қоғамдық ғылымдар жүйесінде де ҚСП ғылымы маңызды рөл атқарады (мыс. түркология, синология, славянтану, шығыстану, т.б.). Қоғамдағы өзгерістер белгілі дәрежеде ҚСП ғылымына да ықпал етеді. Бұл көп жағдайда ҚСП ғылымының методологиясынан, ұстанымынан аңғарылады. Мәселен, кеңестік дәуірдегі ҚСП ғылымында маркстік-лениндік методология үстемдік етіп, қоғамдық өмір тап күресі ұғымымен байланыстырыла қарастырылды. Соның нәтижесінде кеңестік ҚСП ғылымында объективтілік сақталмай, бірқатар құбылыстар мен оқиғалар бұрмалана түсіндірілді. Сөйтіп, ҚСП ғылымы кеңестік идеологияның қолшоқпарына айналды. Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан тарихы ғылымы идеология шырмауынан арылды
Әдебитеттер тізімі
1 Әбсаттаров Р.Б.Тесты по политологии. Саясаттану негіздері: сұрақтары мен жауаптары: вопросы и ответы. Алматы: Ғылым, 2005-310 б.
2 Ельмуратов Г.Ж., Сулекеев Д.К., т.б. Саясаттану. Электрондық оқулық. Павлодар: Кереку. 2010
№ 7 тақырып Саясаттану және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі.
Жоспар:
1. Дәріс-сабақ оқытудағы ең негізгі үрдіс.
2. Семинар сабағы. Оны өткізу жолдары.
3. Эссе- оқушының ізденіп жазған шығармашылығы.
Дәріс-сабақ оқытудағы ең негізгі үрдіс . Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық үрдісті, процесті технологияландыру мәселесі маңызды.
Өздік, танымдық жұмыс – оқушылар бойындағы танымдық қабілетінің, шығармашылық ойлау жүйесінің дамуына жол ашады.
Тарих сабағында тарихи материалдарды, көркем әдебиетті, деректі құжаттарды, баспа ағындарын мақсатты пайдалану арқылы оқушыларымның ақыл ойын, адамгершілігін, эстетикалық, интеллектуалдық таным сезімін дамытып, өздігінен ізденуіне қолайлы жағдай тудырады.
Сабақ беру әдісінде оқушылардың өз бетімен танымдық кабілетін дамытуға бағытталған тапсырмалар берілуі тиіс. Оқушылар әңгімелер, өлеңдер, өтірік өлеңдер, диалог-журнал, реферат, сахналық қойылымдар, конспект, келешектегі болжау өмірнамалар жазып, сапарнамалар құрастырып, өз бетімен кітап оқып, журнал-газет шығарады. Әртүрлі ақпараттарды-кітап, оқулық, көркем әдебиет, баспа беттері, көмекші құралдар, деректер, құжаттар, тарихи өлеңдер, шежірелерді зерттеу үшін бастыны іріктейді, цитаталар алу, конспектілеу, жоспар, тезистер құрастыруға машықтанады. Осы мақсат негізінде курс алдына мынадай басты міндеттер қойылады:
- Сабақты талдау жайында түсінік беру және оған жан-жақты сипаттама жасау;
- Өзіндік талдау жүргізудің мәселелерін ауқымды түрде ашып көрсету;
-Тарих сабағында оқушыларға өзіндік талдау істеу жұмыстарына бағыт-бағдар беру.
ҚСП сабақтарында интерактивті оқыту әдістерін қолданудың маңызы.
Казіргі алға дамып бара жатқан XXI ғасырдағы қоғам үрдістері бүгінгі ұрпаққа қат-қабат міндеттер койды. Солардың бірі білім саласында оқушыларға осы заманғы сай білім жүйесі, білім әдістерімен сабақ беру. Яғни бұл орта мектептерде тарих пәнінен сабақ беруде интерактивті оқыту тәсілдерін қолдануды тиімділігі болып табылады. Оқытудың ойындық формасын тарих сабақтарында қолданып оқыту оқушыларды сол өтіліп жатқан материалдағы заман кезеніне теренірек үңілуге, сол кез лебін сезінуге, белсенді лидерлік етуге итермелейді.
Оқытудың ойындық формасына кіретін әдістерге - рөлдік ойындар, кон-курстар, жарыстар, тренингтер, интеллектуалдық шолулар, брейнринг т.б. іс-шаралар өз кезегінде оқушылардың осы пәнге деген ынтасын арттырары сөзсіз. Қолданылатын ойын атауларын тізбелесек, олар: «Тарихи шынжыр», «Саяхат», «Жас деректанушы», «XXI ғасыр көшбасшысы», «Проблемалық полемика», «Тесттік конкурс», «Тарихи сахналық қойылымдар», т.б. Бұл аталған әдіс-тәсілдердің мәні:
Әдістемелік мәні - тарих пәніне деген оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік мәні - оқушыларды өз елінің барлық тарихи құндылықтарын кұрметтеуге үгіттейді.
Теориялық сипаты - оқушылардың өзін-өзі ұстау ерекшеліктері, сөйлеу стильдерін қалыпастыруға көмектеседі.
Семинар сабағы оны өткізу жолдары. Қазіргі кезде қоғамымызда болып жатқан үлкен өзгерістер өскелен ұрпақ-тын шығармашылық қабілетін, терен де, жан-жақты ойлай білу, ойын толық жеткізе білу қасиеттерін дер кезінде аша білу, оқытылатын пәнге деген нағыз қызығушылығын тудыру мәселесі оқу орнынын алдында тұрған өзекті мәселелердіц қатарынан орын алады. Семинар сабағы қазірде алынған білімдерді пысықтау формасы ғана емес, ол сондай- ақ тындаушының өз бетінше ізденуінің, мәселені талдай алудынен алғашқы дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілетін мазмұңды түрде одан ары шыңдай түсу сияқты мәселелерді қамтиды. Ал біздін жоғарғы мектеп жағдайыңда семннар сабағы әрбір тақырыпта мәселені зерттей алатын жүргізуші және пәннің атап айтқанда, тарих пәнінің осы немесе өзге мәселелермен тікелен айналысатын, ғылым саласын жетік білетін оқытушы арқылы жүргізілетін практикалык сабақтың бір түрі. Семинар сабағыңда сондай-ақ дәріс тындау нәтижесінде және берілген негізгі әдебі міндеттермен өз бетінше жұмыс жасау арқылы қол жеткізген білімді қорытындылайды. Сабақ өткізу барысында оқытушыға сөйлей білу, өз ойын еркін жеткізе алатын және қорытынды жасау арқылы ол тындаушынын көзқарасын, білімі мен мағлұматын, талдау жасай алу деңгейін байқауға, тындаушы өз бетінше дайындық сағаттарында игерген теориялық білімінің дұрыстығын, өз қорытындыларының қисыңдылығына көз жеткізуге, осы мәселе бойынша мағлұматтарды молынан алуға мүмкіңдік береді. Жоғарғы оқу орыңдарында гуманитарлық пәндерден жүргізілетін семинар сабақтарының көптеген формаларын қарастыруға болады. Солардың арасында біз семинар сабағың терең, кең ауқымдағы мазмұнды әңгіме түрінде өткізу формасына тоқталмақшымыз. Кеңейтілген әңгіме семинар сабағының кең тараған формаларының бірі деп қарауға болады. Ол бәріне бірдей көрсетілген міндетті түрдегі және қосымша әдебиеттер арқылы тыңдаушылардың сабақтын жоспарының әрбір көрсетілген сұрағына толықтай дайыңдығын талап етеді тыңдаушынын өз оқу тобының алдында жауап беруі және олардың мәселені жан-жақты ашуға атсалысуы, өз пікірлерін білдіруі және өздерініи көзқарастарын қорғай алуы, т.б. қол жетеді. Семинар сабағын осы кеңейтілген әңгіме түрінде өткізу мәселені талқылауда тыңдаушылардың көпшілігің әңгімеге қатыстыруға мүмкіншілік береді, бұл жерде әрине олардың сондай-ақ сабақтағы белсенділігін көтерудің барлық мүмкіншіліктерін қолдануға тиімді.
Семинар сабағында сөйлеген әрбір тыңдаушыға және бүкіл топқа алдын-ала дайыңдалып, негізделген және жүйеленген сұрақтар қою, семинар сабағын айтып тақтаға шыққан өз әріптестерінің күшті және әлсіз жақтарына тындаушылардың назарын аудару, дер кезінде оған нұсқау беріп, түсініктемелер жасау, дер кезінде түзету енгізіп отыру, оқу үрдісі барысында әрбір жаңа деректерге тыңдаушылардың ерекше көңіл бөліп отыруы, тындаушылар тарапынан кейде естіліп қалатын тың ойларды да уақытында ескеріп, оны кетермелеп отыру жәнет.б. жатады.
Бұл семинар сабағын өткізудің түпкі негізіне топ тындаушыларының басым белігін тікелей қатыстыру приннипі жатады, бұл міндет сабақ өткізуші оқытушыға әрбір тындаушыны әңгіме-семинар сабағының тікелей қатысушысы, семинар сабағының алдына қойылған міндеттерді шешу жауабын бірге іздеуге қатысушы ретінде қабылдауды жүктейді.
Эссе философияның, эстетиканың, әдеби сынның, публицистиканың, көркем әдебиеттің тұрақталған, қалыптасқан тұжырымдарға жаңа қырынан қарап, өзінше толғап, әрі дағдыдан, әдеттен, көне соқпақтардан бөлек, тың болжамдар мен түйіндеулерге құрылатын жанры. Әдебиеттегі Эссе – соны пікірлерге көбірек мән беріліп, оқырманды ой теңізінде жүздіретін таңдай қақтыратын, өзінше ойлап-сезіну қажеттілігін туғызатын, қаныңды қыздырып, рухани әлеміңе азық сыйлайтын, дүние құбылыстарын өткір қабылдауымен ерекшеленетін көркем туынды. Эссе табиғаты сыршыл сезімге, тіл бояуларының айрықша салтанатына, әшекейлі композицияға құрылады. Өзгеше бітімді бұл өнер туындысында эссеші интеллектуалдық байлығын, аңғарымпаздығын, жарқын, тапқыр ойлылығын, өмір саяхатындағы көрген-білетін, сезінген-түйгенін, тәжірибелерін жомарттықпен жайып салады. Эссе сипатында туған туындыларға батыл болжамдар мен өткір ұсыныстар, пікір жарыстырулар мен талас тудыратын жорамалдар, ойлар, көкейге қо-нымды, таным көкжиегін кеңейтуге қозғау саларлық байламдар тән.
Достарыңызбен бөлісу: |