Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»



бет57/59
Дата26.01.2018
өлшемі11 Mb.
#34026
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59

Киелі кітаптар не дейді?
1

Ойланып қарасақ, біздің бүкіл өміріміз сұрақтар мен жауаптардан тұрады. Әрине, сұрақ қою жауап бергеннен көп жеңіл. Сондықтан да шығар тіпті кейбір сұрақтарға өмір бойы жауап табылмай келеді. Мысалы: Біз жер бетінде қандай мақсатпен жүрміз? Неге біз осындамыз? Болашақта қайда боламыз? т.т... Бұл сұрақтар төңірегінде Киелі кітап не дейді, қандай жауап берген, оқып көрелік.

Киелі кітапта бізді жаратқан Құдайдың өзі екенін Құдай анық айтқан. Адамзат тарихында көпшілік жұрт өмірлік мәні бар маңызды сұрақтардың жауабын Киелі кітаптан тапқан. Інжілді бүкіл әлемдегі ең ұлы кітап деседі. Інжіл немесе Киелі кітап бізді Иса Мәсіхке алып келеді.

Киелі кітап – Құдай сөзі! Құдай барлық Киелі жазуларды жазушылардың жүрегіне құйып берген. Олар үйрету үшін, күнәні әшкерелеу үшін, түзету үшін, әділдікке тәрбиелеу үшін пайдалы. Осылайша, Құдай деп жүрген адам кемеліне келіп, барша ізгілікті іске дайын бола береді.

«Киелі жазуларда Исаның Құтақрушы Патша Мәсіх әрі Құдайдың Ұлы екендігіне сендер сенсін деген мақсатпен жазылған, сонда сендер сенімдерің арқылы Мәсіх Исамен тығыз байланыста болып, шын өмірге ие боласыңдар» делінген (Жохан 20:31).

Иса (Иисус) Мәсіх – баламасы: Иса – «Құтқарушы», Мәсіх – «Құдайдың ұлы» - деген.

Исаның өмірімен кеңірек танысу үшін Матай, Марқа, Лұқа және Жохан (бұлар Исаның жақын туысқаны және 12 елшілердің ішіндегі мықтылары) жазған Ізгі хабарларды оқу қажет.

«Өмірде кезігетін тар жол, тайғақ кешу мінезді шынықтырады, сеніміміздің шын екендігін сынайды. Айналайын бауырластарым, сендер әртүрлі сынға түскенде, оны зор қуанышпен қабыл алыңдар, өйткені сенімдерің сыналғанда, шыдамдылық пайда болады, ал шыдамдылық арқылы сендердің сенімдерің берік және мызғымайтын болады, сонда сендер қандай жағдайда да рухани кемелдікке жетіп, кемшіліксіз боласыңдар». Сонда сыннан өткен сенімдерің отқа салып шыңдалатын таза металдай құрыштана бермек. Жамандыққа бой берме, жамандықты жақсылықпен жеңе біл.



Неке туралы. Құдай әуел бастан еркек пен әйел бірін-бірі сүйіп, тату-тәтті тұру керек деп анық айтқан. Әуел баста Жаратушы оларды еркек пен әйел қылып жаратты. Сол үшін еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сөйтіп екеуі бір адам болады, олар енді екеу емес, бір бүтін, екі жарты бір бүтін. Ері зайыбының, зайыбы ерінің ыңғайына көніп тұрсын. Некелеріңді қастерлеңдер, жар төсегін былғамаңдар, азғындар мен опасыздардың жазасын Құдай береді.

Иса – кім? Мен бұл тақырыпта еврейлермен жиі әңгімелесемін. Әдетте олар Иса өте әділ, инабатты адам, діни басшы немесе пайғамбар болатын дейді. Мен ол кісілерден: «Иса алдамшы, өтірікші деп есептейсіздер ме?» - деп сұраймын да, жауап ретінде: «Жоқ», - дегенді естимін. «Мүмкін, ол есі ауысқан адам болған шығар?» - Олар тағы: «Әрине, жоқ!» - деп жауап береді. «Онда сіз Оның Құдай болғандығына сенесіз бе?» - десем, сөзімді аяқтап үлгерместен бұрын, үзілді-кесілді: «Жоқ, ешқашан!» - деген жауапты естимін. Бірақ басқа таңдау жоқ та ғой! (Американдық тарихшы профессор Джош Мак-Дауэл).

Бұл туралы ең дұрыс пікір, меніңше, Исаның өз шәкірті, туысы және елшісі Жохандікі (алдыңғы бетте асты сызылып көрсетілген).

Киелі рухпен қуаттанған ақыл-ой бізге Құдайды танып білу үшін, жүрек Оны сүю үшін және ерік-жігер Оның тілін алу үшін берілген. Құдаймен тығыз байланыста болып, Оны өмірімізбен ардақтау үшін біз осы үш жол арқылы Онымен қарым-қатынас жасауымыз керек.

Басқа елді білмеймін, ал өз басым ақыл-ойым қабылдамағанды жүрегімде қабылдамайды. Өйткені, адамның жүрегі мен ақыл-ойы бірге үндесіп әрекет ету үшін жаратылса керек. Мүмкін, бұл менің 20-ғасырға тән пәлсапаның рационализм, яғни Құдайдан гөрі өз ақылыңа сенушілік бағытында тәрбиеленгендігімнен де болуы мүмкін. Жалпы Құдайға деген сенімді адамға күшпен таңуға болмайды. Әркімнің өз өмірі бар: сіздің өзіңіздің, ал менің өз өмірім. Мен тек өз білгендеріммен, өзімде бар нәрселермен ғана бөлісе аламын емес пе? Әрі қарай шешімді әркім өзі өзінше, өз жүрек қалауынша қабылдасын. Аумин!


2

Киелі кітап

Таурат, Забур, Інжілден алынған таңдамалы жазбалар.

Таурат – Киелі кітаптың бірінші бөлімі, оны «Мұсаның кітабы» деп те атайды, себебі оны Мұса пайғамбар жазған (біздің жыл санауымыздан бұрынғы 15-ғасырда).

Әуел баста Құдай көк пен жерді, одан соң қазіргі барлық табиғатты, жан-жануар, өсімдік, адамзатты және оларға қатысты барлық бөлшектерді толықтай алты күннің ішінде жаратты. Құдай жүргізген жарату жұмысын аяқтаған соң, жетінші күні демалды және оны қасиетті деп жариялады. Құдай Ие адамды топырақтан жасап, оның мұрнына тіршіліктің лебін жібереді. Эдем деген жерге пейіш бағын орнатып соған адамды орналастырады. Онда өзен ағып жатты, ол ары қарай төрт өзенге (Пишон, Гихон, Тигр, Ефрат) бөлініп кеткен. Құдай Ие адамның қабырғасынан жалғыз болмасын деп әйел жасайды. Сонда адам: «Бұл – менің сүйегімнен шыққан сүйек, етімнен шыққан ет, ол «әйел» деп аталсын», - деді (Көне еврей тілінде «әйел» деген сөз еркек деген сөзден құрылған, яғни еркектен алынып, жасалған деген сөз). Адам өзінің әйелінің атын Хауа деп атады (Еврей тілінде Хауа «өмір сүру», яғни барлық өмір сүрушілердің анасы деген сөз). Сөйтіп, қазіргі барлық адамзаттың ұрпағы Адам ата мен Хауа анадан тарайды.
3

Дін жаратылғаннан бері адамзаттың тәрбиеші құралы болып келеді. Жалпы дүние жүзінде діни ағымдар мен көзқарастар көп болғанымен, негізгілері – төрт-бесеу ғана. Атап-атап айтсақ:



  1. Иисус Христос - христиан дінінің

  2. Гаутама Будда болса – будда дінінің

  3. Зороастра – зороастризм дінінің

  4. Иуда – еврейлер мінажат ететін иудизм дінінің,

  5. Мұхаммед пайғамбар өмірге әкелген ислам діні – әлемге кеңінен қанат жайған төрт діннің біреуі.

Діни қағиданың жолын ұстансақ, дүниеде құдай біреу. Ол – жаратушы, құдірет бейнесінде. Дін атаулының бәрі адамзат баласын имандылыққа шақырады, адалдыққа үндейді.

Бірақ, өкінішке орай, арғы-бергі ғасырларда діни сенімді саяси қаруға, нәсілшілдік алалаушылыққа айналдырып, қолжаулық еткісі келетіндер кездеспей қалмады.


4

Діні, тілі тұтас бірегей елді замана қиыншылығы шайқалтуы қиын. Дін жаратылғаннан бері адамзаттың басты тәрбиеші құралы болып келеді.


5

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) айтқан: «Ережеп– Аллаһ тағаланың айы, шағбан – менің айым, рамадан – үмметімнің айы» - деп.

«Ережеп – мағрифат айы, адамдардың күнәлары кешірілетін ай. Сол себепті ол Аллаһ тағаланың айы болып есептеледі.

Ал шағбан – шапағат айы, бұл айда Бараат кеші, ғибадат түні бар. Сол себепті пайғамбарымыздың айы.

Рамадан – тозақтан құтылатын ай, күнәдан тазарып, құлшылық ететін ай. Сол себепті үмметімнің айы болып есептеледі» - деген екен.

6

Қағб әл Ахбар (р.а) деген ғұлама: «Аллаһ тағала қаладан – Мекке қаласын, айлардан – рамадан айын, түндерден – Қадір түнін, күндерден – жұма күнін ұлық етті» - депті.



Тарихқа қатысты кейбір мәселелер
1

Әлемде көлемі жағынан қырғыздың «Манас» эпосына жуықтаған ешбір туынды жоқ. Осы үлкен, ұлан-ғайыр алып эпосты қырғыздың хат танымайтын ұлы жыршылары алты ай бойы қатарынан айтқан екен. Недеген зейін, недеген жады! Адамның басына да осыншама дүние сыяды екен-ау. Мысалы, Сағынбай Оразбақовтың нұсқасындағы «Манас» 180 мың жолдан тұратын бірнеше томдық эпос.

Саяқбай Қаралаев – Манасшылардың тарланбозының біреуі – логиканың соңғы тұяғы.

Ал қазақта болса, Жамбыл Жабаев – ауыз әдебиетінің алыбы, ХХ-ғасырдың Гомері атанды. Телқоңыр перзенттер бір ғасырда бір-ақ рет тууы мүмкін.

Қазақтың атақтыларының бірі – Қажымұқан 48 медальдің иегері екен.

Өз дәуірінен, өз замандастарынан мойны озық тұрған әрбір жан – нағыз азамат. Ал егерде, сол азаматтың тірі кезінде қадір-қасиеттері жарияланып насихатталса, онда ол өркениетке қосылған ол да үлес. Ал егер де, ол азамат о дүниелік болған кезеңде атқарылса ол жұмыс, онда сол азаматтың рухы алдындағы адамдық, азаматтық парызымызды өтегендік.


2

Тарихтың шынайы қожасы – халық десек те, шын мәнісінде, тарихқа уақыт пен жағдайлар қозғау салып отырады.

Тарихты тирандар (жалқылар), ал тарихтың өмірін халық (жалпылар) жасайды.

Дүниені қан қақсатқан қаныпезер тирандарды марапаттаудан арылар уақыт жетті.


3

«Бақ пен сордың арасы – бір-ақ қадам» - депті Н.Бонопарт бармағын шайнап Елена аралына жер аударылып бара жатып.


4

Арабтың атақты жиһангезі Әл-Идриси: «Әміршінің әйелі билікке араласса, құлдың қатынының да аузы қышып тұрады» - деп жазыпты Орта Азияны аралаған сапарында.

5

Геродоттың айтуынша, Хеопс пирамидасын салуға 100 мың адам қатысқан. Маманданған 4 мың құл 20 жыл бойы күндіз-түні тынбай, қамшы астында жұмыс жасапты.


6

Бұрын Абай ауданында, кейіннен Семейде тұратын Мамырхан Тоққарин ақсақалдың әкесі: «Есімде қалғаны – Абайдың басы ерекше үлкен көрінді» - деп отырады екен.


7

«Мұхтар» деген сөздің мағынасы арабшадан аударғанда «құдірет» деген сөз екен.


8

Жапондар Фудзияма тауын, Арабтар және бүкіл мұсылман әлемі Меккенің жанындағы Арафат тауын кие тұтады екен. Қазіргі осы маңның қазақтары Шыңғыстауды киелі мекен десе, мына біздер үшін ең қасиетті, киелі тау, мекен – жер – Ақшәулі.


9

Шыңғыс тауының монғолша алғашқы аты «Найман күре» екен. Найман – сегіз мағынасында, ал күре – өзен. Сонда «Сегіз өзенді тау» - деген сөз болып шығады.



Шыңғыс атануы – Шыңғыс ханды хан сайлағанда ақ кигізге отырғызып, көтеріп шығарған биік – Хан тау – Шыңғыс деп аталады.

Арғы заманда бұл тауды жеті момын атанған арғындардың атамекені болған. Оларды бір заманда қалмақтар қуғындағанда Сыр жаққа кеткен. Кейін жоңғарлардан жерді қайта алған кезде Мамай батыр, Кеңгірбай, Қараменде билер бастап кеп, қайта тобықтылар қоныстанады. Бұл 1780 ж. шамасында болған оқиға.


10

Бекзадалықтың, мырзалықтың, бақ-дәулеттің ұрпақтан ұрпаққа ауысып, өздерін ерекше жаратылған тұқым есебінде санайтындар «қаракөктің» ұрпағымыз деп мақтанған.


11

Ілияс Жансүгіровтың өкіл ұлы – Жәнібек Біләлұлы Сулеев «халық жауының күшігі» деген айыппен он үш жасында абақтыға қамалып, бір жылдан соң Сталиннің «Әкесі үшін баласы жауап бермейді» деген сөзінен соң бостандыққа шықты. Кейін ол 17 жасында өтірік жасын үлкейтіп жаздырып, майданға аттанып, ерлікпен қаза тапты.


12

Абай сөз өнерінің теңдесі жоқ асыл тұқымын артына қалдырды. Кәкітай болса, оны егіп жер бетіне шығарды. Ал Мұхтар бағып баптап, дәнін толтырып жер жүзіне шашты. Егер осы істердің біреуі өз мезгілінде істелмесе Абайдың туындысы өз уақытында бүгінгідей жер жүзіне тарамаған болар еді.

Кәкітай Құнанбайдың Ұлжаннан туған үшінші баласы Ысқақ мырзаның ұлы. Кәкітайды заманында Абай өз қолына алып оқытып тәрбиелеген.
13

Қазақ халқы, тіпті бүкіл түркі типтес халықтар ұлы үш жойқын өзгерістерге түсті. Біріншісі - араб, екіншісі – монғол, үшіншісі – орыс халықтарының жаулап алуларына байланысты ассимилляциялық процестер болды.


14

Халықтың бастан өткерген тарихының әр беті қымбат-ақ. Қазақ елінің жылнамасына өшпестей боп жазылар мынадай төрт тарихи оқиғаны айта кету абзал:

А) 1465 жылы Шайбани ұрпағынан бөлініп шыққан қазақ халқының жеке мемлекет болып, шаңырақ көтергеніне бес жарым ғасырдан астам уақыт (550 жыл) болыпты.

Б) Осынау өткен уақыт ішінде небір әділетсіз шапқыншылықтар мен қанды қырғындарға куә болған қазақ халқы өз бостандығы мен еркіндігі жолында ұлылы-кішілі 300-ге тарта ұлт-азаттық қозғалысын бастан кешірген екен. Солардың ішінде жалпы халықтық сипат алып, бүкіл қазақ даласын шарпыған қасіреттің ең ірісі 200 жылға созылған жоңғар басқыншыларымен шайқасы еді. Тарихта «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген атпен қалған бұл қиян-кескі ұрыс ақыры қазақ халқының жеңісімен аяқталды.

В) Ресей империясының отарлау саясатына қарсы қазақ даласында болған екінші – 1916 жылғы көтерілістің де шоқтығы биік.

Жеңіске жеткізбесе де, елдің бірлігін нығайтып кеткен бұл оқиға халқымыздың тарихынан елеулі орын тепті.

Г) Тоталитарлық жүйеге қарсы көтеріліп, жетпіс жылғы езгі мен бұғауды талқандауға үндеген, сөйтіп, күллі Кеңес Одағындағы демократиялық қозғалыстың көшбасына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы өзінің жойқын батылдығымен кезінде дүние жүзін дүр сілкіндірді. Осы оқиғадан кейін егемендік туын көтерген Кеңес Одағы құрамындағы 15 Республика да желтоқсанның қақаған аязында өз елінің бостандығын аңсап, алаңға шыққан қазақтың өрімдей жас, қайсар буынына белгілі дәрежеде қарыздар.
15

Тарих беттерін парақтап көрсек: осыдан 1500 жылдан астам уақыт бұрын болған Қозы Көрпеш – Баян сұлу дастанында жазылған қос ғашықтың уақиғасы осы Аягөз өзенінің бойында болған.


16

Бір кезде, Құлагер ақын – Ілияс Жансүгіров Аягөз жеріне тамсанып: «Мына аядай өзен басын Тарбағатай тауына жастап, Балқашқа еркелеп келіп, аяғын малып отырған ару қызға ұқсайды екен. Ал Тарбағатай тауының өзі Алтайдай ағасының бауырына кіріп алып ұйықтап кеткен жас батырға ұқсайды» - деген екен. Қандай әдемі теңеулер десеңші!


17

Жоңғарды жеңген Абылай рушылдықты жеңе алмай: «Бірінші арманым – үш жүздің басын қоса алмадым. Екінші арманым – еліме жер емшегін емізе алмадым, үшінші арманым – бірлік болмаған соң елімнің ертеңгі еркіндігіне толық көзім жетпейді. Сол өкініш» - деген екен.


Мораль жайлы
1

«Аузында отты сөзі бар біздің халық ұлы ғой, әттең, ауызбірлігі жоқ, ондай ел түбі тесік шелек сияқты» - депті ғой бір білгіш.


2

Өз ойымен өмір сүріп, өзгенің орнына өзін қоя білген адам – ең жақсы адам.

Басқалардың ойымен өмір сүріп, дүниеде өзін ғана көре білген адам ең жаман адам.

Л.Толстой.


2

Өзінің тегін ұмытқан жігерсіз құл, мәңгүртке айналады.

Ш.Айтматов «Боранды бекет» романы.
3

Кездескен жағдайдан бір сабақ: бір жолы жастарға мынандай сұрақ қойылды: «Айтыңдаршы, қандай жасау-жабдық қадірлі: біздің ата-аналарымыз берген қымбатты мебельдер, құс төсектер, бағалы киімдер, аста-төк жасалған той, ырым-сырымға жұмсалған мол ақша т.т. ма, әлде қыздарына жасаудың «негізгі капиталы» ретінде беретін арнаулы білімі жөніндегі диплом мен сенімді мамандық па?». Бұл сұраққа тыңдаушылар ойланып қалды. Әртүрлі жауаптар да болды. Шынында: дүние-мүлік тозады, сынады, аста-төк той да ұмытылады, ақша да аққан судай ізсіз жоғалады. Ал, мамандық – сенімді байлық, уақыт оның жанұя қазанындағы салмағын тек арттыра түседі. Білім, мамандық, биік мәдени өре-шексіз байлық. Рухани байлық – сынбайтын, тозбайтын, ізсіз жоғалмайтын сенімді байлық қой.

5

Өткеніңді ұмытсаң, әруақтардың азасына, бүгініңмен ғана өмір сүрсең, болашақтың табасына қаласың.


6

Арманыңа құрық, мақсатыңа темір кісен салған тағдыр шіркін ғой. Кішіліктің өзі кісілік.

«Әскери өмірде де, жазушылық жолымда да полковник шенінде қалдым» - деген екен Баукең кішіпейілділікпен. «Он жил в стандартное время нестандартным образом» - депті Тахауи Ахтанов Баукеңді жерлерде қаралы жиында. Қандай қанатты сөз. Өйткені, ол заманының сірескен қалыбына сыймай, өз талғамына сай тірлік етті. Ол соғыста қол астындағы әскерді 272 мәрте соғысқа көтеріп жеңіске жеткен екен.

Қарағайдың қарсы біткен бұтағындай қайсар жан.


7

Қағида: адамның бойынан ең алдымен жақсылығын тауып, көре біл.


8

Ой оңды болмайынша, іс оңды болмайды.


9

Жақсылықта жалт етіп көрініп, жамандықта жылт етіп жоғалатын жан – жиіркенішті жан, жантықтардың қылығы.


10

Кішілігі кісілігіне, кісілігі кішілігіне ұласқан жан – қадірлі жан.


11

Өмірде адам кейде басшы да, кейде қосшы да болады, ал кейде екеуін де қатар алып жүруге тура келеді.


12

Өмірде адамның кейде адалдықтан – азап, тазалықтан – тауқымет тауып алатын кездері де кезігеді.


13

Қилы-қилы оқиғалардың куәгері ғана емес, қаһарманы да бола алған тұлға – нағыз бақытты жан.


14

Жалпының мүддесі жалқының құлқынынан жоғары болуы керек.


15

Өткеніңе – құрмет, қазіргіңе – тәлім, келешегіңе – аманат.


16

Алыстың алып тұлпарын танымай, өз ауылыңның шоқырақ тайын оздырғанды қалайтын ала қолдылықтан, эгоизмнен арылар уақыт жетті.


17

Тіршілікте көрінеміз өлместей,

Тұра алмаймыз ерегеспей, белдеспей.

Өтейікші бірімізді – біріміз,

Өшіктірмей, өкпелетпей, сен деспей.

М.Мақатаев


18

Мақтансаң да жарасқандай адамға тән бес сипат:



  1. Біреуге тіл тигізуден сақтан. «Ақыл – дос, ашу - дұшпан» - дегеннің мәні осы.

  2. Әдептілік. Әдеттен аспай, кішілік көрсету арқылы кісілгіңді таныту.

  3. Өзің өзгеге күдіктенбе, өзге өзіңе күдіктенбесін. Пиғылыңды таза ұста.

  4. Не істесең де аяғына жеткізе біл және зеректікпен тындыр. Ырысың осы.

  5. Өз басыңа тілемейтін істі біреуге істеме. Қиянаттан асқан ауыр нәрсе жоқ. Осыдан сақтан.



Салт-дәстүрді сақтайық
1

Грузиндерде маңызын жоймаған бір дәстүр: кімде кім қыз ұзатса, оның басты жасауы қылып Шота Руставелидің «Жолбарыс терісін жамылған батыр» - дастанын сыйға тартатын көрінеді. Осы кітап ең басты, ең қымбат мүлкі болып саналады екен, онсыз жасау толық деп есептелмейтін дәстүр қалыптасқан көрінеді.


2

Қазақ: «Өмірдің ащы-тұщысын көріп, ысыла берсін; тұяғы тасқа салса кетілер, суға салса жетілер» - деген оймен ұлын жел өтінде ұстаса, қызын «аз күндік қонағым» - деп үлпілдетіп өсірген.


3

Қара шаңырақ

Қазақ салтында атадан балаға мұра болып ауысатын әке үйі, үлкен шаңырақ. Бір атадан өрбіген кейінгі ұрпаққа әке үйі – Қара шаңырақ үлкен үй болып есептеледі. Әкесі дүниеден қайтып, үйі кенже ұлына немесе оның кейінгі ұрпақтарына ауысса да Қара шаңырақ сол қалпында сақталып, өзінен тараған ұрпаққа қадірлі, қасиетті орда болып саналады. Соғым сойғанда оған барлық отаулар, ұзатылған қыздар тиісті сыбағасын әкеліп, әке үйіне деген сый-құрметін жасауға тиіс.


Мақал-мәтелдер
1

Құшағына қырды да, сырды да сидырған жан


2

Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер


3

Біреуі жығып мақталып, екіншісі жығылып тапталып жатқандық жараспас жалпы өмірде.


4

Шынайы күлкі – денсаулықтың мүлкі.


5

Жат десем жантаяды, тұр десем қалқаяды.


6

Не ер алмады, не жер алмады.


7

Дүние күші сағым – елес сипатты-ай,

Өтер шығар сауырынан сипатпай.
8

Тегі жақсы түбі бір озар.


9

Күлу – өмір, күлдіре білу – өнер, күлкі болу – өлім.


10

Сүрінсең – сүйеніш, жантайсаң – таяныш.


11

Бермесең алыспайсың, бармасаң алыстайсың.


12

Жоғалтқанымды түгендейтін,

Шашқанымды жинайтұғын – қормалым.
13

Ақылың кәрі, жаның жайдары, тәнің жас болсын.


14

Қатал билеушіден – қатыгез іс қалады,

Қайырымдыдан – қасиетті із қалады.

15

Ойлағанға сабыр түбі сары алтын,



Оған бірақ уақыт жоқ қарайтын.
16

Есте жоқ ерте заман елестері ертегіден басталады.

(Сабырбай Ақтайлақұлы)
17

Күйе күйдірмесе де күйелейді.


18

«Кім болам десе сол болу – ұлы адамның ісі,

Қолыңнан келгені ғана болу – кез-келген адамның ісі» - деген екен Гёте.
19

Мақтауы келіскен жанның да міні бар.


20

Көз көргенінің өзіне сенеді,

Құлақ өзгенің сөзіне сенеді.
21

Сенім деген құдіретті күш, ол сеңгір тауды да қозғайды.


22

Замана сенімен санаспайды,

Санассаң онымен сен санас.
23

Тістің үгіткенін тіл білер.


24

Қөңілшекті қошамет қор етеді.


25

Жарқырағанның бәрі алтын емес,

Жалпақтағанның бәрі жанашыр емес.
26

Аты жүріп тұрған кісінің айбыны биік


27

Асқақтаған амалшыдан аяңдаған адалдық артық.


28

Алтын шапанға да жаға мен жең керек,

Асқан батыр болсаң да, ағайын мен ел керек.
29

«Мен халықтың жауының жауымын!»


30

Аллаһтың аманатқа берген жанының өзі кеудеңе қонақ.


31

Сезім қуаласаң не мұңаясың, не қуанасың.


32

Өресіз өзінікінен өзгеге өшігіп өтеді.


33

Барлық қазақтың баласы – бір қазақтың баласы.

34

Көңілдегі көрікті ойды базардағы нарық бұзады.


35

Жауыңды әдіспен, досыңды шындықпен жең.


36

Аға алдында пейіліңді көрсет,

Іні алдында мейіріңді көрсет.
37

Сырын білмеген адамға сырыңды айтпа,

Қасақы, арам адамға шыныңды айтпа.
38

Ақылды жігіт атқа да мінер, таққа да мінер.



Өмір және оның мәні
1

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): «Адам қайтыс болса да үш түрлі адамдардың істеген амалдары көзі тірі кезіндегідей болады - деген екен. – Олар: ғалым кісінің еңбектері, артына тәрбиелі ұрпақ қалдырған адам, ел игілігіне жарайтын істер істеген адам (аурухана, мешіт, көпір, кітапхана т.т.с.с. салдырған адам)».


2

Бір тағылымды кеңесте:

«Бір жылыңды ойласаң, егін ек,

Он жылыңды ойласаң, ағаш ек,

Жүз жылыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиле,

Білім-ғылымға көңіл бөл» делінген.


3

Өзіңмен бірге барыңа сүйсініп, жоғыңа күйіне білген жан – нағыз жанашарың. Жалпы түсінбеген кісіге кешіріммен қарауға болар, бірақ жорта білмегенситін аяр адамдардан құдай сақтасын. Бұндайлардан бетің қайтып қалса – қасірет. Адамдық қалыпты биік ұстау – үлкен сын. Адамгершілік – асыл қасиетті аласартып алмасақ екен. Өмірдің өзегі де осы, азаматтық жол да осы.


4

Адам, ажал арнайы келмесе, ақпанның ақ түтек бораны соқса да, тағдырдың тоқпағы ұрса да өлмейді.


5

Домбырада бірі – қоңыр, бірі – ащы үн беретін екі ішек бар. Екі ішек екі түрлі үн шығарып тұрса да бір-ақ күй тартылмақ.


6

Меніңше, қазір қиыншылық көп деп қиналғаннан гөрі, болашақ алда деп жігерленген жөн. Қарияларымыз қағидалы ақыл-өнегесін жоғалтпасын, жастарымыз бойкүйездікке, бос белбеулікке, мағынасыз жеңіл әрекеттерге қол артпасын. Өнімді еңбек, өміршең бірлік – жеңістің кілті. Осы кілтті қолдан шығарып алмасақ жарар еді.


7

Қасиетің, қадірің қалтаңмен бағаланатын бір заман болып тұр.


8

Өткен шағыңды әкеңнің, ата бабаларыңның жүріп өткен жолын зерттеп, салыстыра отырып болжауға, ал қазіргі шағыңды – өзіңнің қол жеткізген биігіңе қарап бағалауға, ал енді келер шағыңды балаларыңның, ұрпақтарыңның аяқ алысына қарап бағдарлауға болады. Осы үш ұрпақ өкілдерінің арасында көзге бадырайып көрініп тұрмаса да белгілі бір байланыстың бар екендігі байқалады. Бәлкім, «тегіне тартқан, текті жердің баласы» - деген сөздер осындай түсініктен туса керек.


9

Өмір сүру дегеніміз – таңдау жасау. Жолыңды бөгеген кедергіден өтудің амал-айласын табу арқылы жеңіске жету.


10

Ерте ме, кеш пе, әйтеуір адамдар бір-бірімен қырқысуды, бір-бірінің жанын қинауды қойып, ақыры кім қандай болса, оны сол күйінде қабылдау керектігін түсінетін күн туады. Ол енді – о дүниедегі жағдай.


11

Күнде көріп жүрген фәниден мәңгілік жұмбақ болып қала беретін бақиға дейінгі аралық жолдағы сапар-саяхатымыз – өмір деп аталады. Көрінгеннің көзіне көріне бермейтін қатпар қалтарысқа, таңғажайып құпияға толы тылсым дүние-ай десеңші. Сол қалтарыстағы дүниелер мен құпияларды шеше алмай қаншама адамдар өмірде сорлап жүр десеңші, қаншамасы солай өмірден өтті ғой, шіркін!


12

Табиғат пендесіне болымсыз өмір, тойымсыз көңіл берген.


13

Кез-келген бақытты болғысы келеді. Бірақ сол бақыт та, сор да аспаннан жаумайды, айналаңдағы адамдардан ауысады. Біреу саған жақсылық, бақыт боп кезігеді. Бақыт дегеніміз – сол адамның адамға беретін ыстық ықылас-достығы, махаббаты. Ал енді сенің жолыңа жуа боп бітіп, қырсыққа ұрындыратын да – сол адам. Оқ екеш оқ та өздігінен атылмайды. Мылтықтың шүріппесінде адамның саусағы тұрады емес пе.


14

Өмірде бір жамандықтың бір жақсылығы бар. Қыс артынан жаз келеді қашан да. Соны күт. Өзіңді дархан ұста. Жүрегіңнен мейірім нұры төгіліп тұрсын. Зауал шағыңда көңіліңе талшық етер бір ғана медеу – сол адастырмас адамшылық шырағы.


15

Алды үміт, арты өкініш, алдамшы өмір.

16

Жер қара болса да денеңе нәр береді, қарын тойғызады. Қар аппақ болса да денеңді қалтыратып тоңдырады.


17

Өмір дегенге,

Тірлікте, сірә, жетер ме ой.

Жарық сәуледен басқаның бәрі бекер ғой.

Бекер ғой бәрі,

Бекер ғой бәрі – бөтен ғой,

Өмір дегенің – бір күндік Сәуле екен ғой.
Қомағай көңіл құмартып өткен әрнеге,

Тірлікте сонау түскенмін талай әуреге.

Кешкен өмір де,

Көрген бақыт та барлығы,

Жетпейді екен ғой,

Бір күндік сенің Сәулеңе.

М.Мақатаев.


Философиялық кейбір пікірлер
1

Төрт қасиетті нәрселер: Туған жерің, өсірген елің, ана тілің, ұстаған дінің.


2

Арман адамға жетекші болса, ақыл-ой соған ілесіп отыратын қосшы.


3

Не нәрсеге болса да ойлы көзбен қарау қажет.


4

Наурыз – парсыша, қазақша – жаңа күн деген сөз. Қыс бойы өлім төсегінде ақ кебінін (ақ қарды) жамылып жатқан табиғаттың Наурыз туа сол ақ кебінін сілкіп тастап тірілуі, сонымен бірге барлық жанды-жансыздың жандана бастауы кімнің болса да көңіліне шаттық ұялатады, көкейіне ой салады. Бұл туралы ұлы Абай:

«Безендіріп жер жүзін Тәңірім шебер,

Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.

Анамыздай жер иіп емізгенде,

Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер» -

деген екен. Демек, баламалап айтар болсақ: Жер – Ана, Аспан – Әке. Төбеден аспан – әке пейілін салып, нұрын төккенде, төменде жер-ана иіп мейірленеді, яғни жанұядағы отағасы – әке мен ошақ иесі – ананың өзара байланысы, тәуелділігі, сыйластығы, жарасымдылығы, байланысы да табиғаттағы аспан мен жер-ананың өзара үйлесімділігіндей емес пе? Қандай ұқсастық, қандай гармония десеңізші! Ғажап!

5

«Ат шаппайды – бап шабады,



Бап шаппайды – бақ шабады» - деседі.

Ал, менің ойымша: ат та, бақ та, бап та шабады. Осы үш фактор бірдей келіскенде ғана ат бәйгеден келмек.


6

Тұлпардың бір киесі – бабын тапқан, бағын ашқан бапкер – иесі.


7

Жылқының бағы да, соры да – жүйріктік.


8

Анаң болса да, оның жаман жақтарына еліктеме,

Жауың болса да,оның жақсы жақтарына елікте.


Еңбек пен тәжірибе туралы.
1

Әрбір адамның адал еңбегі, маңдай тері, қиялы, ақыл-парасаты, алақанының қуаты жер бетінде не істемейді? Табиғаттың өзі жасаған тамашалардан басқа, жер бетіндегі ғажаптардың бәрі адам қолымен, оның ой-қиялымен жасалған. Адам еңбегі – нағыз құдірет. Жер – адамның анасы. Адамдардың өсуі, өркендеуі үшін керек заттың бәрі жерден табылады. Сондықтан біз оны құрметтеуге, мәпелеуге, көркейте беруге тиіспіз.

Дүниенің тірегі, мән-мағынасы жер мен суда, еңбек пен табыста ғана. Саналы, адал, творчестволық еңбек ең алдымен адамдардың өзін өсіреді, жетілдіреді, кәмелетке жеткізеді, сөйтіп бақытты, шат етеді. Сонымен бірге жер-ананы көркейтеді, жасандырады. Ал, өмірде еңбек қуанышынан, еңбек шабытынан, оның даңқы мен абыройынан, одан алатын рухани рахат пен күш жігерден асатын ештеңе жоқ.
2

Еңбек етсең еленерсің, жемісіне кенелерсің.


3

Табысқа жетудің екі алғышарты:



  1. Талдау жасап, қалай әрекеттенуді білу.

  2. Сол әрекетті іске асыру.

4

Әркім өзі шыққан тауым биік болсын деген үміт дүниесінің желкен қайығымен жүреді. Бос қиялдан гөрі еңбегіңе сен. Тәуекелдің төресі сол. Тауға да шығарады, дауылдан да алып өтеді.


Өмірден алынған өнгелі әңгімелер
1

Ақсақ Темірдің астамшылығы:

«Жаһан деген не нәрсе?

Алақанның ауданы!

Бір ауданда көп тәңірі

Болудың тіпті жоқ сәні.
Тәңірі – көктің тәңірісі,

Күңіренсін, көгін билесін.

Жер тәңірісі Темірмін!

Жеріме тәңірі тимесін.


Көк тәңірісі – тәңірінің

Тұқымы жоқ, заты жоқ.

Жер тәңірісі Темірдің

Тұқымы – түрік, заты – от!»


2

Тобықты Құнанбайдың астамшылығы:

Шежіре қарт Бекен Исабаев өзінің «Ұлылар мекені» атты кітабында, Құнанбай ұрпағының билік тізгінін уысында ұзақ жылдар ұстағаны туралы: «Жұрт аузында: Құнанбайдың тұқымы кісі бар екенін Күнту болыс болған соң, ал Құдай бар екенін Оспан өлген соң білді» деген сөз қалған деп жазды.


3

Абыралы атауы – Абылай заманында, Жоңғар ханы Доржінің батыры Ақдауылдан мерт болған Абыр мен Әлі батырлардың атына қойылса керек.

4

Баяғы заманда мархабаты мол патша ашу үстінде өзінің қарамағындағы қызметкерлерінің бірін жазықсыз өлім жазасына бұйырыпты дейді. Бір күнгі жарық дүние кімге болса да қымбат қой. Соны қимай бара жатқан әлгі пақыр:



-Әй, патшам, менің айыбым, менің ғұмырыммен бітеді. Ал, сенің айыбың мен өлген соң басталады – депті. Ұтымды сөзден ұтылған патша, құлына кешірім жасаған екен дейді.
5

Жақсы мен жаманның айырмасы – сиыр мен жыланның айырмасындай. Бірі – жеген тамағын сүтке, ал екіншісі уға айналдырады.

Үнді халқының мақалы.
6

«Қарындас» - деген сөздің мағынасы: бір қарыннан шықтық, туыс-бауырмыз деген ұғымды білдіреді.


7

«Бидай» - деген араб сөзі. Мағынасы: «бәрінің негізі, басы» - дегенге саяды.

Сондықтан да халық:

Жабықта жарты күлше нан тұрса, егер оған қолың жетпесе, аяғыңның астына құран қойып алуыңа болады, ал егер жабықта құран тұрса, оған қолың жетпесе, аяғыңның астына нанды қойып алуға болмайды – деп өсиет айтқан.




Достық туралы
1

Досың емес тойдағы табақтасың,

Бас бүтінде отырар мадақтасың.

Досың сол, кім қол берсе қамыңды ойлап,

Басыңа күн туғанда, сорың қайнап.
2

Көретін көп достарды жайшылықта,

Неге мен көрмей жүрмін жамандықта?
3

«Шын достық тар кезең, талма тұста сыналады» - деген сөз, сүзгіден сүзіліп өткен шындық.


4

Сенің жақсылығыңа мерейі өсіп қуана алмаған, жамандығыңа жаны ашып күйзеле алмаған жандарды достардың қатарына жатқызуға болмайтындар санатындағылар.


4

Достық пен махаббатта сауда жоқ.



Сөз өнері жайлы
1

Сайын далада не жүйрік? Тұлпар жүйрік, тіл жүйрік. Тұлпар мінген қазақ тіліне де сенген. Өмір сүрудегі бұлар қазақтың қос тірегі болған.


2

Кейде сақтықтың шарасын сақтағандықтан, ал кейде сөздің салмағын ойлағандықтан да тіліңнің ұшында тұрғанды түгел айта бермейсің.


3

Бал тамғандай тіл мен кестелі сөзге сүйсінбейтін жан болмас. Дүниені бүтіндейтін де, бүлдіретін де – сөз.


4

Сөз алғанымыз бұлданбай тұрсақ,

Сөз тимегеніміз тұлданбай қойсақ, қайтеді?
5

Шешендік – сөздің орнын табуда, мөлшерін білуде, айтар уақытын анықтауда, сөздің ырғақ-үйлесімін үйлестіруде, дауыстың диапазонының мимикамен сәйкес келуінде, т.т. Бұның бәрін игере білген жанның әр сөзі алтын. Жалғанда не терең, не сұлу, не өткір? Сөз. Тек қана сөз. Оның бұл қасиеттерін адам адам болғалы пайдаланып келеді. Бірақ әлі ешкім де шегіне жете алған жоқ. Не деген шексіздік, не деген керемет, ғажап дүние десеңізші!


6

Жаратқан Иенің көп құдіреттерінің бірі – адам дауысы. Бүкіл адамзат баласында алты түрлі дауыс бар. Оның: үшеуі әйел дауысы – сопрано, меццо-сопрано, контральто, үшеуі еркек дауысы – тенор, баритон, бас.

Бұлардан басқа, яғни жетінші дауыс жоқ. Осы аталған алты дауыстар бар болғаны жеті нота көлемінде дыбыс шығарады, ән шырқайды, яғни сегізінші нота жоқ.

Сонда осы алты дауыс, осы жеті нотадағы құбылыс – комбинациясының санына адамның ақыл-ойы жетіп болмайды екен-ау.

Бұл туралы А.С.Пушкиннің: «Сөздің қуаты сарқылғанда музыка басталады» - дегені содан болса керек.
7

Бір ауыз сөз кейде жоқты түгендейді, ал кейде бүтінді бөліп бүлдіреді.


8

Ақылды – сөздің қалқып қаймағын айтады.

Ақымақ – мыжып қай-қайдағыны айтады.

V бөлім
Поэзия

Өлең де бір жас сәди емірендірер,

Оятып сезіміңді тебірендірер.

Әлішер Науаи
Сөз өнері туралы
Бұрынғылардан сөз қалған,

Таралып мақал болған:

«Сөйлеуші – егуші,

Тыңдаушы - орушы».


Мағыналы сөз естісем,

Көңілім менің де өседі.

Ұнатады жаным тыңдауды,

Шешенді, ақылды, көшелі.


Жайқалып егін шығады,

Бабымен дұрыс егілсе.

Өлең-жырда тартымды,

Қиюы сөздің келіссе.


Өріміндей қамшының,

Жымдасып әр сөз өрілсе.

Ой менен сөз қабысып,

Саф алтыннан терілсе.


Суреті көз алдыңа,

Айтылған ойдың көрінсе.

Мұратыма жетер едім,

Сөз мәні дұрыс берілсе.


Өз әлімше мен-дағы,

Сөз маржанын теруші.

Таспа тілген қас шебердей,

Мақсатым - болу өрімші.

***

Емеспін, мен сірә да, атақты ақиық ақын,



Ұнатамын бірақ та соларға жүргенді жақын.

Сұлу сөзді сүйген соң, өз әлімше мен де,

Ақындықтың атына ер салып, қысамын тақым.
Туған күн кешінің беташары
Оу, ағайын! Қуанышты бөлісетін шілдехана, той мұнда,

Бүгінгі күн туғандар бар болып сәби-шарана,

Пәк пейілмен құттықтаушы ізгі ниет туыстар,

Сіздер үшін бүгінгі күн үйіміз біздің тойхана.


Тойхана – үй дастарханы шын ниетпен жайылды,

Сіздерменен бөлісіп дәмді, бір болуды қалаймын,

Дастарханға ақ ниетпен ас мәзірі қойылды

Дәм-тамақтан, сусын-шараптан алыңыздар, ағайын.


Бұл тойда қабақта ешбір кірбің болмасын,

Тамылжыған ән салынып, шалқысын көңіл де,

Әңгіме, әзіл де ешбір ұмыт қалмасын

Жарасып туыстар, жүріңдер қызықты өмірде.


Үмітім – балаларым
Бір атадан қалған тұяқ, жалғызбын мен десем де,

Осы күнде ұрпағым бар, жалаңаш емес маңайым,

Бір қолдың бес саусағындай, бес арыс – балаларым

Тамыр жайып қоршаған, ықтасын болып тоғайым.


Бір күндерде сендер үшін жел өтінде тоңғамын,

Аптап күннің ыстығында талай мәрте қалғамын,

Соның бәрі болмағандай, қашан болар бәрі ұмыт?

Балаларым «ақтай ма» - деп мен етемін көп үміт.



Балаларыма сыр
Балаларым, тыңдаңдар,

Ойларыңды бұрмаңдар,

Әкелерің толғасын

Жүректегі жырларын.


Ұзақ жылдар сақталған,

Көкейдегі сырларын,

Зейін салыңдар өмірге,

Ұғыңдар ой-қырларын.


Айтамын өткен туралы,

Басымда болған мұңдарым,

Болып едім бір кезде

Әкеден жалғыз бір басым.


Жалғыздық ақсатты,

Өмірде әр жақты,

Бөгеді жарлылық

Мұқалтты жауыздық.


Болса да қажымай,

Талпындым еш талмай,

«Қайтсем де жеңем» деп

Әйтеуір бір қоймай.


Айтылған бір сөзде:

«Жалғыздың үні шықпас» -

Десе де бой бермей

Алыстым, көнем бе?

Із-түзсіз жоғалмады,

Сол еңбек түбінде.


Белдестім өмірде,

Киліксе бір қасым,

Домалады өрге,

Етектегі тасым.


«Бабаларым қолдады,

Саяқып қожа – тегім де» -

Деп есептеймін мен

Осы жай тегін бе?


Шарықтап тұрмасақ та,

Аспанның көгінде,

Әйтеуір тауыппыз

Ырыздықты бізде.


Сендер келіп өмірге,

Көтерілдік біз төрге,

Аналарың Макежанмен

Қол ұстасып бірге.


Ер жетіп келесіңдер,

Жыл сайын сендер де,

Сол-дағы көп демеу,

Марқайды көңіл де.


Иә, тәуба, қанағат,

Ризамын Тәңірге,

Құрармыз салтанат

Сәтті бір күнінде.


Айтамын рахмет,

Туған жер, еліме,

Дос, жолдас ағайынмен

Әрқашан мен бірге.


Қиыншылық болса да,

Бақыттымын өмірде,

Қолпаштаған, қолдаған,

Ризамын бәріңе.


Болашақ күндерде де,

Сендерді шын сүйемін,

Арманым, бар үмітім де

Орындалар деп сенемін.


Ой
Күнделікті жұмыстан үйге қайтып келе жатамын,

Ұшығына жете алмастай ойға да кейде батамын,

«Ой дегенің түпсіз шыңырау, тұңғиық» - деседі ол,

Тереңіне түсіп мүлде, шыға алмай қапамын.


Күнделікті үйден жұмысқа кетіп бара жатамын,

Ойыма алып өмірдің қағидасын, жан ашымас қаталын,

Қанша мықты десек те, адамзат та бір кезде,

Мойындауына тура келер баз-базында өзінің сәл осалын.


Ата-салтты сақтау
«Істің басы – кездесу де, сөздің басы сәлем» - десе,

Осы ата-салтты мен де сақтап келемін.

Адамшылық иісі бар жеткіншектер кез келсе,

Келгенінше қолымнан мен де демеп жүремін.


Мен өзі бақыттымын
Бақыттымын деп санаймын өмірде мен өзімді,

Себебі, достарым бар санасатын, тыңдайтұғын сөзімді,

Қалт жібермей тап басып, ұғатұғын қабақтан

Байқайтұғын қылп еткен, бойымдағы сезімді.


Туысым бар, қаза болса қаралы, бірге тұрып жылайтын,

Ағайын бар, қырын кетсе дүние, халімді кеп сұрайтын,

Жамағайын-жекжаттар бар, бөлісетін барлығын,

Жеңілдетіп жарамды, қолпаштайтын, қолдайтын.


Жаны жайсаң жандар бар, күліп есік ашатын,

Алыс кетіп кешіксем, сабыр сақтап тосатын,

Ақыл қосар жанашырлар бар, жаны ашып

Ашуланып, артық кетсем, сабама сап басатын.


Ұрпақтарым бар, бәйгеге баптап қосатын,

Келе ме деп сол бәйгеден дәмеленіп тосатын,

Ұл-қызым бар, үміт күткен қабілетті, талапты,

Жеңістерін көргенде көңілім шалқып, тасатын.


Адалдық пен парасатты қатар ұстар жарым бар,

Жарымменен жарасып айтатұғын жырым бар,

Отбасымда оттай ыстық ықылас пен жарасым,

Қолтықтасып, құшақтасып қатар жүрер сәнім бар.


Қайғыменен қуанышта да табылатын қасымнан,

Бірге өткізген бар өмірін бала кезгі жасынан,

О, Сыңарым! Тағдырдың қосқан сиы ма едің сен

Жарқырай бер, жаралғансың асылдың нақ тасынан!


Көңіл
Тынши алмай жүремін, жерге сыймастай кей мезетте,

Дауыл күнгі шарқ ұрған шағаладай көл бетінде,

Дабыл тілеп сен көңілім қайда мені бастадың?

Сабыр етші, сабаңа түс, тыныштықты қостадым.



Жар керек
Қыранға самғауға қанат керек,

Тұлпарға шабатын тұяқ керек,

Мәнді де, сәнді де өмір үшін,

Шарықтап биікте тұру үшін,

Адамға қалаулы жар керек.
Ақ таңды сырласумен атыратын,

Түніңді ләззатқа батыратын,

Күніңді шуаққа толтыратын,

Кешіксең елегізіп күтіп отыратын,

Адамға сүйікті жар керек.
Халіңді қабақтан айтқызбай сезетін,

Қиындық кезіксе шыдайтын, төзетін,

Жеңісіңе балаша мәз болатын,

Қашан да өзіңмен бір болатын

Адамға ақылды жар керек.
Барыңа қанағат ете алатын,

Жоғыңа шыдап төзе алатын,

Барыңды өз әлінше асыратын,

Жоғыңды жария етпей жасыратын,

Адамға ұлағатты жар керек.
Досыңа күлкі, қасыңа таба қылмай,

Жанұяңның береке-бірлігін арттыратын,

Қызыңды – ибалы, ұлыңды – ер азамат қып,

Тәрбилеп, қатарға қосысатын,

Адамға парасатты жар керек.
Қиындықта тірек болар иық керек,

Жаныңды ұғар, жылу сыйлар жүрек керек,

Қуаныш пен қайғыңды тең бөлісетін,

Қатар жүрер қасыңда жанашыр боп,

Адамға аяулы жар – серік керек.
Қабағыңнан сезіміңді түсінетін жан керек,

Жан дүниеңді жадыратар мән керек,

Тербететін бесіктей тәтті қиял, ой керек,

Шаршағанда тәніңе дем алатын жай керек,

Адамға анаңдай мейірбан жар керек.
Қорытынды:

Мұның бірі болмаса, жар сүйдім деп не керек?
Нәпсі
Дәм шарабы денемді сен жайладың

Тән шарабы еркімді бір қоймадың,

Қанша таттым осы шараптардан,

Құрғыр соған, бірақтағы, тоймадым.


Тоймаған соң тағы ішемін, татамын,

Ләззатына беріліп, рахатына батамын,

Шалқып-тасып достарыммен тойлатып,

Көтерілсе көңілім, ән-жырды да айтамын.


О, Сезім! О, Төзім! Айтыңдаршы өздерің,

Қай уақытта мен осыдан қайтамын?

Талдай келе, тек, әзірге ұққаным,

Бұл қылықтан тиыла алмасымды байқадым.


Өз сырымды өзім ұқпай шаршадым,

Неге бұлай? Өзімді зерттеп тапқаным:

Көп мәселе жүректен бе деп қорқамын,

Бар кінәні нәпсі мойнына артамын.



Туған жер перзенті
Кейде мінезім болады даладай кең,

Кейбір қылығыма зер салсам, балаға тең,

Кей мезгіл тамырымда ағады қан,

Бейне бір, көктемдегі тасыған сең.


Осының бәрін ұқпадым, болды бұл не?

Әлде көңілдің сыртқа шыққан көрінісі ме?

Жоқ, әлде бір құбылмалы табиғаттан,

Бойыма дарыған бір мінез – қасиет пе?


Дарысын, жұқсын, соны өзім де қалармын,

Басқа болғанда не жақсылық табармын?

Өзгеше боп, төбем көкке жете алмас,

Перзентіне туған жердің мен өзімді санаймын.


Қонақжайлылық
Келсе егер үйімізге дәм тартып қонақ,

Жаямыз дастархан, қоямыз алдына тамақ,

Қабылдайтындарға ұсынамыз арақ пен шарап

Бүйтпесек боламыз ба қонақжай қазақ.


Көңілдің кейбір сәттері
Беймезгіл уақытта екпіндеп Ебіден ескен,

Жел болып кейде сен соғасың,

Өзен болып жаңбырлы күнгі арнадан асқан,

Бұрқ-сарқ етіп, кейде шалқып-тасасың.


Асқақ көңілім сабаңа түсші тасымай,

Бұл қылығыңнан орнай алмас басыма ай,

Сабаңа түсіп, жайлансаң осы қайтеді?

Түбінде, аңдап басқандар мақсатына жетеді.



Мен солай
Қуанатын жайлар болса, сәбилерше мәз болам,

Ашу қысса, аңғармаспын, ағат қылыққа алдырам.

Жанашыр жандар айтушы еді: «Бұл қалай?»

Оғаштыққа сын да айтатын достарым төзіп шыдамай.

Мүмкін, бұл қылығым қате болар, бірақтағы, Мен солай.
Шамам келгенше, қаскөйлерге қарсы жүріп сөнермін,

Достарыма қызмет қылып, жолында олардың жүрермін,

Адам сүйсем, сүйе аламын, емес бірақ өзгеше,

Бар ықылас-ынтамменен бойдан қуат өлгенше

Мүмкін, бұным артық шығар, бірақтағы, Мен солай.
Сөйлесе
Ақырын сөйлесе - ақылмен айтып ұқтырады көп жайды,

Ақырып сөйлесе – қаһарланып кетер, сол қайғы.


Ойланып сөйлесе – арнасында толқып ағар өзендей телегей,

Толғанып сөйлесе – тебіренген терең, тұңғиық көк теңіздей.


Жайлап сөйлесе – көп істі қиюластырып тетігін табады,

Жынданып сөйлесе – аласұрып, өкіреңдеп кеудесін қағады.


Өтірік айтып сөйлесе – не жақсылық, одан қайтып оңады?

Шын пейілмен сөйлесе – өмір жадырап салтанат құрады.


Арам пиғылмен сөйлесе – жетпей мақсатқа, мақұрым болады,

Адал ниетпен сөйлесе - дүние құлпырып, жайнап салады.


Аңдамай сөйлеп, байқамай орға жығатындар болмасын,

Аңқылдап сөйлеп, сыр жасырмайтындар құрдасың.


Сартылдап сөйлесе кей адам, нөсерді ойға алдырар,

Сақтанбай сөйлеп кей жандар аяғынан шалдырар.


Боқтап сөйлесе кей адам, ойлайсың, аузының өзі «боқ па» - деп,

Мәнерлеп сөйлесе шын шешен, қаласың «бұдан тәтті жоқ па?» - деп.


«Жоқ» - деп сөйлесе кей пендең, қулық жасап, қолыңда барын жасырар,

Жоқтап сөйлесе кей адам, бір аяулы жанды еске сап, қасиетін асырар.


Жымиып тұрып жайыңды табатын жылымдар болса, оңбасын,

Жайлап жүріп-ақ жайыңды шешетін жанашырларды,

О, Тәңірім! Қолдасын!
Сағат
Сағатыңның тық-тық соққан дыбысы,

Бейне сенің кеудеңдегі жүрегіңнің соғысы.

Сағатпенен анықталар уақыттың өлшемі,

Ал жүрек тіршіліктің түп негізі, мекені.


Соға берсін сағатың, болсын ұзақ өмірің,

Дүрсіл қағып тыншымай, соға берсін жүрегің.

Жасай берші жарқырап, жайнай берші құлпырып,

Кенеле бер бақытқа, шынайы осы тілегім.



Өмір туралы бір пәлсафа ой
Болып тұр ғой осы кезде заманымыз «бүкір»

Болғанмен қажымаймыз, барына дейміз шүкір.

Жетпегенге қайғырып, қапаланбашы, ағайын,

Таусылып мүжілме, мойыма, жоғына түкір.


Әрқашан көңілде болмасыншы ешбір кір,

Тілеймін қолдасын жебеуші, әруақ, пір.

Одан да не жетсін шұрқырасып сағынышпен,

Табысып дос-туыстармен болғанға бір.


Өмірді өткінші ойланып көңілге түй,

Құшақтап дос-туыстарды, жарыңды сүй,

Құбылған бұл өмір өтеді, жылыстап кетеді,

Қайырылмас, қайталанбас осы күй, осы сый.


Бәрі де өзгермек бұл алдамшы өмірде,

Дөңгеленген дүние де, шалқыған көңіл де,

Соның бәріне әсер етеді құбылған уақыт

Кезінде өзгертеді-ау мені де, сені, бәрін де.


Қуат барда бойымызда қамданайық,

Бұл өмір шіркін өткінші ойға алайық,

Кетпей тұрғанда тұғырдан табанымыз тайып,

Тату-тәтті тірлікті бағалап, аялайық.


Өнерге сапар
Дәл өзі боп көрсете аламасам да мықтылығын ақындықтың,

Сездірсем деп талпынамын қылығын, соған жақындықтың,

Әйтеуір бір нәрсенің бойымда дарыған барын ұқтым,

Белгісін байқата қоймасам да ой салар ақылдылықтың.


Ауылы алыс жерде деп ұғамын бас иер ұлылықтың,

Жырыңнан көрсету қиын-ақ нышанын сүйсінтер сұлулықтың,

Үрдісінен шыға алмай жүрсем де мойындатар тапқырлықтың,

Сапар шегіп келемін, шекпенін киіп бейнетқор пақырлықтың.


О, жүрек
О, жүрек! Аласұрып неге дүрсіл қағасың,

Бұл қылығыңмен қайда апарып соғасың?

Өтінемін, сабаңа түс, жаймашуақ күйге көш,

Өрекпігеннен осы, не жақсылық табасың?


Өмір деген тар жол, тайғақ кешу, мехнат,

Жаралған ба едің қиыншылығына көну үшін?

Өмір – қуаныш, шаттық, біле білсеңіз рахат,

Жаралған ба едің қуаныштарын сезу үшін.


Өмір – теңіз, толқындары жатқан тулап,

Жаралдың ба, дүлейге қарсы тұру үшін?

Тыныштық тапса долы теңіз жайма шуақ,

Сол шуақтан ләззат тауып қану үшін.


Ойласам сені сан қилы күйге енемін,

Шарқ ұрған, шарықтаған сезімбісің?

Сан бұралған жолында дүние әлемнің,

Қиыншылығына қарсы тұрар төзімбісің?


Жалпақ әлем дүниені сезіммен бірге,

Жаралдың ба, тебіреніп кезу үшін.

Пешенеңе жазған ба тағдыр әлде,

Өмір жүгін көтеруге, төзу үшін?!



Ауыл
Көкке көтерілген көк түтіннің өзі,

Көзіңді қызықтырған қайран ауыл,

Алмағайып басыңа бір заман келіп,

Болып тұр ғой бұл күнде халің ауыр.


Күйзелген күйің бар, майысты қабырғаң,

Ер батқан аттай, болды-ау арқаң жауыр.

Басыңа түсті бір кезең іскерлікті сынаған,

Қайткенде болмақшы жағдайың тәуір?


Сары уайымға салынсаң өнбейді ештеңе,

Одан да тер төгіп, талпынып еңбек ет.

Қиыстырып қисынын тап, шаруаңды меңгер де,

Тек сонда көрерсің жемісін, жасалар құрмет.


Еш нәрсе негізсіз бет алды бола алмас,

Байлықтың тамыры – маңдай тер, еңбекте,

Жасалса ісің ақылмен, өзегің еш талмас,

Шығарсың ойлаған мақсатты биік-белеске.


Ұрпақтарым – болашағым
Ұл-келіндер – төбемдегі шаңырағым-күмбезім,

Қыз-күйеу - нұр-сәуле, көгімдегі күндерім.

Немере-жиендер жайқалған төрімдегі гүлдерім,

Ұрпақтарым өздеріңмен жасарамын, бүрлендім.


Ұл-келіндер мекендерім, от жағатын ошақтарым,

Қыз-күйеу аңсағанда ашылған құшақтарым.

Немере, жиендер сағындырған қылықтары қызықтарым,

Ұрпақтарым – нәр алар тіршіліктегі тыныстарым.


Ұл-келіндер – өмірім, мекен-жайым, тұрағым,

Қыз-күйеу – өрісім, аңсағанда ат басын бұрамын.

Немере-жиендер – қуанышым, сендермен шаттанып күлемін,

Ұрпақтарым – арқа сүйер сүйенішім, тірегім.


Бәріңді де жандарым, шынайы пейілмен сүйемін,

Тілеулеріңді әрқашан да тілеп мен жүремін.

Бақ-бақыттарың үшін өмірде тоңармын, күйермін,

Не көрсем де бәріне көнермін, шыдап, төзермін.


Түсінемін, адал ұрпағым артымдағы, үлкен бақыт екенін,

Сендер барда бұл өмір жайлы қоныс, мекенім.

Өмір – шолақ, ғұмыр – қонақ. Мен де бір күн көшермін,

Арманымнан шықсаңдар, сонда ғана, алаңсыз боп өтермін.


Аягөздің қысы
Түкірген түкірік жерге жетпей қататын,

Аязының ызғары арқаңа өтіп бататын.

Ұйпа-тұйпа соққанда есе бермейсің,

Сақтанбағандар үсініп те жататын.

О, неткен қаһарлы едің қысы Аягөздің.
Қаңтарда қоясың халықты қалтыратып,

Ақпанда аласың адамдарды абдыратып.

Жолаушыларға жол бермей, жанын қинайсың,

Долығып, ақ түтек боп соғасың апталатып.

О, неткен қатыгез, қиын едің қысы Аягөздің.
Өліара кезеңдегі өмір
Жаралғаннан, мына пәни дүние-жалғанда,

Бітіспеген жақсысы мен жаманы еш

Қатарласқан әр уақыт қызығы мен қиынын да,

Көріп келеміз өмірді, толған егес.


Жер-анада мекендеген неше түрлі жандар бар,

Пәк пейілді, ақ көңілді, жаны таза салдар бар.

Ептестіріп ебін тапқан, байлыққа ие қулар мен

Ар-ожданның шеңберін аттап өтпес бар сабаздар.


Адал еңбекпен өткізген бар өмірін момындар бар,

Момақансып, жайлап жүріп, жұтатын жылымдар бар.

Қара ниет, пиғылы арам, жалт бергіш зұлымдар мен

Тозаққа тең күндер кешіп, қажыған құлдар да бар.


Батылы мен елпеңі де, сүйкімсіз бен көркемі де,

Батыры мен қорқағы да, жексұрын мен жайсаңы да.

Кәрісі мен балғыны да: ақ, сары, қара түстісі де,

Имансыз бен құдайшыл да, жағымпаз бен жампозы да.


Бәрі де жүр: адамы да, хайуаны да жер бетінде,

Баяғыдан қалыптасқан ала-құлалық бұл өмірде.

Күштілері әр кезде де алқынбай-ақ асуды асса,

Әлсіздері құлап жатыр, шыға алмай өр-кезеңге.


Мәңгілікке мәнін жоймас, игеріп те ұғып болмас,

Күрделігі осы ма еді, өмір деген ғажаптың?

Азаптың мойынтырығынан небір пақыр құтыла алмас,

Бар өмірі ағып жатқан, өзені боп тозақтың.


Айтылып келген қағида-заң социализм дәуірінде:

«Адам адамға дос, бауыр, туыс» - делінген де,

Жоққа шықты, жарамсыз боп ол да қалды бұл күнде,

Артқа жүзген үйректей халық сасқан, әбігерде.


Қаңсыған бос бөшкедей күй кешкен қалалар да,

Азып-тозып айрылды келбетінен ауылдар да.

Тығырыққа тірелді-ау ел басқарған бастар да,

Байсалды ақыл айта алмай тұр басқалар да, не шара?


Түйін
О, қара жер! Мыңқ етпестен барлығын да,

Көтеретін неткен ғажап, төзімді ең.

О, халайық! Қайыспайтын қабырғалы қара нардай,

Қыңқ етпейтін, шіркін, қандай ғана көнімді ең!


Қорытынды
Өмір заңы еш нәрсе тегіннен тегін берілмек емес,

Дүниені жайлаған бітіспейін теке-тірес.

Жетемін деп ойлаған мақсатқа талпынып,

Әр адам ашады өмір атты аренада күрес.


Өмірдегі қағида позициям
Ойыңдағы сөзіңді айта алмау да бір қайғы,

Амалсыз сыр ақтардым толғантып жүрген жайды.

Бәлкім көңіл аударар кейбір жандар мүдделі,

Жастар жағы көз салып ойланар өмір жайлы.


Ешқашан өмірде көргемін жоқ ешкімді өсектеп мен,

Аяғынан шалып мықтыны, атпадым әлсізді кесекпенен.

Не істесем де жасадым шынайы ақ көңілмен,

Жасамадым, барақ та, пендешілік бақай есеппенен.


Бөлмедім жікке – біреуді алыс, біреуді жақыным деп,

Жаны бай жандарды қадірледім бағалым деп

Көрікті ойын айта алатын көркем тілмен,

Ақыл-ойдың иегерлерін сыйладым азамат деп.


Жандар бар мағынасыз өмір кешкен әйтеуір тек,

Жұтаңдар да бар аққан ағынмен, рухани байлығы жоқ.

Баюдан басқа ойы жоқ, жүр пиғылы арам талай пендең,

Мұндайларды көңілім сеніп достыққа алғамын жоқ.


Мықтыларға жалпақтап, жағайымсып көргемін жоқ,

Жамандардың қатарында қосылып қалғамын жоқ.

Өз соқпағыммен қоңырқай келемін өмір кешіп,

Тізгінімді, әйтеуір, ешкімге бергемін жоқ.


Өз әлімше келемін ең қымбаттым – арымды сақтап,

Кезіксе арсыз жандар, үйлесе алмай кеттім алшақ.

Түсінемін өмірдің нарқын, қызығы мен қуанышын,

Жолықса ауыртпалығы мойымай төземін шыдап.


Жақсылыққа жақ болып келемін қолпаштап, қолдап,

Кембағал-пақырларды мүмкіндігінше қорғап-қоршап.

Ақтарсам алдырыңда, ағайын, шынайы сырым осы,

Адамдық қасиетті ұрпағыма да етемін аманат.


Парызды өтеу
«Сақалыннан айналдым, қарт бабалар,

Ұрпағыңа не айтасың артта қалар?

О, тірі шежірелер, қалдырыңдар,

Қанеки, нелерің бар салтқа жарар?»



М.Мақатаев

Осылай егер туса маған сұрақ ұрпақтардан,

Не деп жауап оларға айта аламын?

«Жиғаным да, барлық байлығым да осы» - деп

Өлең-жырларымды ұстатып қайтарамын.
Арман-өмір
Арайлап атқан әрбір таңға ризамын көңілімді қуантқан,

Талапты ұрпақ ренжісем қиындықта демеу болып жұбатқан.

Дән ризамын тағдырыма жар сүйген, перзент көрген,

Ұрпақтарым жалғастырып ары қарай өмірімді ұзартқан.


Болар шақта сендер құрған жақсы күннің рақатын, көріп, бек,

Немерелерімнің тәтті қылығымен сауық құрып жүрсек тек

Анаңменен екеуміздің арманымыз айта берсек жетерлік,

Жіпке тізіп санай берсек, таусылмайды тіпті-ақ көп.


Соның ішінде атасам арманымның бастысы, бір-екеуін,

Сендердің өмірде бақытты болуларың – негізгі тілеуім.

Сонымен бірге өздерің жасап орнатқан жайда жайғасып,

Өткізсем қалған өмірді, қуаныштан тынышталып көңілім.


Туған күн қарсаңында өміріме шолу
Әр жыл сайын қаңтардың 22-де,

Аман-есен жеткенімде туған осы күніме.

«Не тындырдым, осы мен?» ойға батам,

Толқиды жаным тебіреніп сол бір кезде.


Зымырап сәтте өте шықты қас қағым,

Қайран, балалық дәурен – бал шағым.

Он үшімде асқарым-әкем өтіп өмірден,

Тағдырыммен тайталасқан жалғыз қалдым.


Ақылшым-анашымның кеңесімен кезінде,

Тірлік жасап, қадам бастым өмірге.

Талаптандым білімге, мамандық алу ойда боп,

Мектептен соң бардым шаһар – Семейге.


Студенттік өмір де өтті өз қиындық-қызығымен,

Қызметке де кірістім өз кезегімен.

Өмірде талай тауқымет, тағдырды да көрдім,

Сонда да келемін сапарда төзімменен.


Тіршіліктің қиын-қыстау шақтарында,

Құпия емес, сан мәрте қамықтым.

Қарсы қойдым жігерімді, қайратты да,

Қайсарлықта байқатып таныттым.


Сараласам, кездер көп ағат кеткен, бөлер ойды,

Қуанышты шақтарда болыпты жанға жайлы.

Қалайда, аласармадым адамдық қасиеттен,

Өмірде жақсылыққа еліктеп түзедім бойды.


Оң қабақ танытса алдыңғы лек, үлкендер,

Қуанамын, күткен негізгі сыйым сол-дағы.

Арманым, артымдағы ұрпақтар мен інілер,

Бағалап, ағалап жүрсе құрметпен болғаны.


Кеп қалдым елу асып, елу бес жасқа да,

Қайткенде де айналды жастық шақ арманға.

Өткен күндер кетті қайтып енді келмеске,

Болғанмен ризамын бәріне де бұл жалғанда.


Септігім тисе ұрпаққа кішкентай болса да,

Тыншыр еді көңілім, бақыттымын тек сонда.

Көшсем де ертең өмірден сағым болып,

Қуаныштымын бір белгі, із қалса артымда.



Аналар

Халықаралық әйелдер күніне арнау
Күннің шапақ сәулесінен бастау алса,

Барлық жер бетінің жан иесі – тіршілік.

Өркен жайған адамзат ұрпағының түбі болса,

Басталады аналардан, қалыптасқан ол шындық.


О, Аналар! Жанұядағы жандарға жылу сыйлап,

Жан дүниесін қабақтан-ақ ұғасыңдар түсініп.

Тіршіліктің туын жықпай, ұрпақ әкеп, келесіздер өсіріп,

Сіздерменен сабақтасады адамға тән қасиетті кісілік.


О, Аналар! Кемдеу соқсақ, шикілікке жол берсек,

Ақыл мен, мейіріңмен ширатып, аласыңдар пісіріп.

Арындап тасысақ, қалыпты арнадан асып кетсек,

Жайландырып жанымызды, саласыздар сабамызға түсіріп.


О, Аналар! Әр үйге құс болып кеп кезінде қонғансыңдар,

Әр шаңырақта ту болып желбіреп тұрарсыңдар.

Ел үшін, жар үшін, ұрпақ үшін бәріне төзгенсіңдер,

Өмірді жалғастырып, кезіккен қиындықтарға көнгенсіңдер.


Сүйіктілеріңнен шынайы ақ ниет, пәктікті үзбейсіңдер,

Кешіксе келер кезінен елегізіп, абыржып іздейсіңдер.

Адамшылық ар, асыл қасиеттерді әспеттейтін ірісіңдер,

Ақ махаббатты марапаттап, қадірлейтін пірісіңдер.


Өмір көшінде кезіксе де сан қиындық, беріксіңдер,

Қасиетті шаңырақты шайқалтпай ұстайтын тірексіңдер.

Ошақ отын өшірмей, түтінін түтетуші панасыңдар,

Ұйытқысы, ата-салт дәстүрдің киесісіңдер.

Ұлы мекен – материк, жер анадай ұлысыңдар,

Неткен ғажап, мейірімді шуақсыңдар, Аналар!

Нұрын төккен аспаннан толған айдай сұлусыңдар,

Өздеріңсіңдер сұлулықтың мәңгілік символына саналар.


Бұл пәни жалғанда өтелмес қарыздармыз,

Сіңірген сіздердің ұшан-теңіз еңбекке.

Бағалаймыз, сыйлаймыз, бас иіп өтеміз,

Анадай ардақты, аяулы, асыл жан – Құдіретке.


Әйелдер мерекесіне арнау
Асыл жандарымыз,

Сүйікті жарларымыз.

Ардақты аналарымыз,

Сүйікті қыздарымыз, сіздерсіздер.


Ерекше сәніміз,

Әдемі әніміз.

Көрікті гүліміз,

Әуезді үніміз, сіздерсіздер.


Сұлу жырымыз,

Құпия сырымыз.

Бойдағы тұмарымыз,

Аңсайтын құмарымыз, сіздерсіздер.


Жанымыздағы сыңарымыз,

Көрмесек сағынарымыз.

Қалаулы қалқамыз,

Қымбатты алқамыз, сіздерсіздер.


Махаббатта тұрағымыз,

Шаңырақта шырағымыз.

Дастраханымыздың иесі,

Әулетіміздің киесі, сіздерсіздер.


Жанұямыздың панасы,

Ұрпақтарымыздың анасы.

Басты байлығымыз,

Аяулы асылдарымыз, сіздерсіздер.


Сондықтан,

Баянды бақытты

Қуаныш, шаттықты

Мағыналы өмірді,

Шалқыған көңілді тілейміз сіздерге.
Қонып бақ бастарыңа,

Қосылсын жас жастарыңа.

Болсын әрқашанда

Қосақтарың қастарыңда деп тілейміз сіздерге.


Көктемнің күніндей мейірлі мерекелеріңіз құтты болсын! Арулар – ардақтылар.
Күз
Қалтырап күн ұясына батып барады, кешқұрым,

Неткен сұсты, жайсыз еді күздің мына салқыны.

Мазалады-ау суық желі амалсыздан ықтадым,

Өне-бойды тінткілеген тітіркендіріп ызғары.


Көшеде көрінбейді көп халық сапырылысқан,

Құлазыған иен даладай менің-дағы көңілім.

Тәнім тоңды, не пәле жанымды қалтыратқан,

Жылылықты аңсай ма жауыр болған өмірім?


Жапырағынан айрылған ағаштардың жалаңаш,

Жасыл көйлегін, жарасымды, шешті кім?

Сұрғылт аспан, күннің де сұрқы тым оғаш,

Дүниенің бәрі жайсыз жүдеу-ақ тым.


Шашылған жапырақтар екпінімен желдің соққан,

Көз сүйсінтер көркінен айрылып, сарғыш тартқан.

Сары жапырақтар белгісі ме әлде сағыныштың,

Ғашықтардың қосыла алмай сарғайып азаптанған?


Қайда маңып жөнкіледі кезбе бұлттар көктегі?

Аялдауға мұршасы жоқ жолаушыдай не еткені

Күн-қыздың бұрынғы қайда кеткен қызуы?

Жаныңды, тәніңді елжірететін шуағымен өпкенді.


Кезігеді көшеде торғай, құстар бүрсең қаққан,

Көңілді күлкісінен айырылыпты бұлақ та аққан.

Салпыңқы қабақ танытып түксиеді бар әлем,

Қара-қоңыр түсте, ымырт шақ жерді жапқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет