Бақылау диктанттары



Pdf көрінісі
бет8/32
Дата25.02.2022
өлшемі210,87 Kb.
#133400
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32
Байланысты:
Диктанттар 1-2-3-4 сыныптар
@Атом және атом, терапия, Айкен, Айкен, log01
Құмырсқа және илеу. 
Құмырсқа ши тауып алды. Ол шиді илеуіне қарай сүйреді. Бірақ ши
ауыр болып шықты. Құмырсқа оны жалғыз сүйрей алмады. Ол
жолдастарын көмекке шақырды. Бәрі бірдей шиді илеуге жеткізді. 
И, й әріптерінің астын сызғызу. (32 сөз) 
Түйе

Түйе екі жылда бір боталайды. Ботасын он төрт ай көтереді. Жаңа
туған бота әлсіз болады. Емген сайын күш-қуат кіріп өсе бастайды. Күн


суықта боталарға жабу жауып қояды. Сонда өкпесіне суық тимейді. (31 
сөз) 
«Балдырған» журналынан 
 
Қоян

Ең жасқаншақ аң – қоян. Ол кішкентай сабдырдың өзінен қашуға
дайын тұрады. Қоян қараңғы түскен соң ғана сыртқа шығады. Күндіз өзіне
жайлы жерде тығылып жатады. Қоянды аңшы да, жыртқыш жануарлар да
аулайды. (31 сөз) 
Алмаағаш

Жұмахан атасын алмаағаш көлеңкесіне ертіп келді. Атасы қолымен
ағашты ұстады. Бұтағын сипап, әлденені айтқандай болды. Жұмахан
құлағын тосты. Атасы өлең оқып отыр. Жамбыл Жабаевтің өлеңі. Бұл
алмаағашты Жамбыл ата өз қолымен отырғызыпты. (32 сөз) 
С. Бегалин 
Жаз 
Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ыстық болады.
Адамдар жеңіл киінеді. Оқушылар жазғы демалысқа шығады. Тауға,
орман, тоғайларға саяхатқа шығады. Лагерьге барады. Қала немесе ауылға
қыдырады.
Жаз мезгілінде көкөністер мен жемістер піседі. (33 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет