Күз Күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Күн сирек көрініп, аз
жылытады. Кей күндері таңертең күн салқын болады. Жұрт күземін алып,
киізін де басып алған. Құстар жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар
көптен көрінбейді. Егіншілер астығын жинап болған. (36 сөз)
М. Дулатов
Зерлі шапан Зерлі шапан – сырт киім. Ол қымбат матадан тігіледі. Оның жағасы
мен өңіріне зер салынады. Арқасы, етегі мен жеңі оқалы жіппен
өрнектеледі. Өн бойына оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапанды хан
мен сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған. (35 сөз)
«Қазақ халқының дәстүрлі өнері» кітабынан