Бақылау жұмысы №1
ЛЕКСИКО-ГРАММАТИКАЛЫҚ ТЕСТ
1. Тұрақты тіркестерге ортақ мағына
?
|
сақалын сипап қалу
|
тақырға отырғызып кету
|
мұзға отырғызып кету
|
A) сөйлеу B) мадақтау C) күлу D) қалжыңдау E) алдау
2. Сену, нану сөздеріне синоним болатын диалект сөзді белгілеңіз.
A) Ұялу. B) Қату. C) Көну. D) Қағу. E) Илану.
3. Берілген сөйлемнің ішінен тасымалдауға болмайтын сөзді табыңыз.
Омар берілген тапсырманы дұрыс орындады.
A) Орындады. B) Тапсырманы. C) Омар. D) Берілген. E) Дұрыс.
4. Тізбекке қажетті термин сөз: дыбыс, буын, екпін, интонация
A) морфология B) орфография C) фонетика D) грамматика
E) лексика
5. Буын үндестігі сақталмаған қос сөзді көрсетіңіз.
A) Пара-пар. B) Көстең-көстең. C) Көршілес. D) Салқын қанды.
E) Көрпе-жастық.
6. Туынды сөзді табыңыз.
A) Қақ. B) Шегеле. C) Ірімшік. D) Шелек. E) Құрт.
7. Топтау сан есімді табыңыз.
A) Отыз. B) Отыз-отыздан. C) Отызға жуық.
D) Отызыншы. E) Отыз шақты.
8. Барыс септік жалғауын көрсетіңіз.:
A) -ды, -ді. B) -нан, -нен. C) -мен, -бен. D) -ның, -нің. E) -ға, -ге.
9. Сөйлемге қажет тыныс белгісін көрсетіңіз.
Қарашы, қандай әдемі құстар еді
A) Үтір. B) Леп белгісі. C) Сұрақ белгісі. D) Нүктелі үтір.
E) Көп нүкте.
10. Тұрақты тіркестерге ортақ мағына
Ит терісін басына қаптады.
Жер жебіріне жетті.
A) ұрысты B) сөгіс берді C) соқты D) ұрды E) айбаттанды
11.Көптік мағына беріп тұрған жалғауды табыңыз.
А) Ауылдың маңы - терең сай. В) Тәуелсіздік біздің арманымыз еді.
С) Үй жиhаздарын жинау. D) Білімдіден шыққан сөз.
Е) Отаным - бақыт ордасы.
12. Бірге жазылатын сөзді көрсетіңіз.
A) Қара бұрыш. B) Мен менсу. C) Той топыр. D) Мен десе.
E) Қақ шеке.
13. Туынды сын есімді тіркесті табыңыз.
A) Терең өзен. B) Сұр пальто. C) Биік жартас. D) Аласа үй.
E) Құлынды бие.
14. Диалект сөздерді көрсетіңіз.
А) Оның, соған,тасбиық. В) Бөз, боз. С) Көпшік, дарбаза.
D) Орман, тоғай. Е) Қара, ат.
15. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.
А) Дәрежесі үлкейген екен. В) Олар үйін үлкейтіп салуда.
С) Атамның жасы үлкейді. D) Бекболаттың көзі үлкейіп барады.
Е) Қарны үлкейді, қампиды.
16. Омонимді белгілеңіз: "Ол сенен он жас үлкен".
А) сенен В) үлкен С) он D) ол Е) жас
17. «Арқанның ... жақсы, әңгіменің ... жақсы» мақалына сай келетін антонимдік жұпты табыңыз
А) алыс – жақын В) қатты – жұмсақ С) ұзыны – қысқасы
D) көп – аз Е) сулы – құрғақ
18. Дара етістікті көрсетіңіз
А) су жылжып ағып жатыр В) Марат ерте тұрып кетті
С) Асқар бүгін не ертең келеді D) балалар ойнап жүр
Е) олар бір-бірімен әңгімелесіп отыр
19. Сөйлемдегі тыныс белгілердің қойылу себебін көрсетіңіз.
Тентіреп екі ауылдың арасында
Жүргенмен не мұратқа жетер едің?!
A) Көңіл күйін білдіретін сөйлемдегі ой аяқталмай қалған.
B) Екі ұдай сезіммен айтылған сөйлем.
C) Төл сөз бен автор сөзі қатысқан сөйлем.
D) Жалғаулықсыз қарсылықты құрмалас сөйлем.
E) Ой аяқталмай үзіліп қалған сөйлем.
20. Себеп бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.
A) Біраз отырған соң, күндіз көп жүріп шаршаған Асан ұйықтап қалды
B) Ер Төстік жалмауыздың қолында қалды деп, елі мүлде күдер үзіп еді
C) Тимур үйге қайтып келісімен, оны нағашысы жанына шақырып алды
D) Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шықты
E) Наурыз туса да, қыстау әлі қыстың қатаң кәрінде болатын
Аудио тыңдалым бойынша 10 сұрақ
1.Аудио тақырыбы қандай?
А) Жаңа жыл мерекесі В) Ынтымақ күні С) Отбасы күні
Д) Наурыз мерекесі Е) Тәуеліздік күні
2.Диалогтағы жігіттің аты кім?
А) Қанат В) Мұрат С) Жарас Д) Марат Е) Қайрат
3.Анар Маратқа не берді?
А) пышак, қасық В) шанышқы, қасық С) қасық, тәрелке
Д) шанышқы, пышақ Е) пышақ, табақ
4. Автор Маратқа не ұсынды?
А) Шәй ішіңіз В) Наурыз көжеден дәм татыңыз.
С) Бесбармақтан дәм татыңыз Д) Сорпадан ішіңіз
Е) Қуырдақтан дәм татыңыз
5. Наурыз көже қандай деді?
А) ыстық В) салқын С) дәмді Д)ащы Е) жылы
6. Кім қонаққа шақырды?
А) Қанат В)Мұрат С) Жанат Д) Қайрат Е) Самат
7. Қашан қонаққа барайық деді?
А) бүгін В)ертең С) кешке Д) түсте Е) таңертең
8. Марат қонаққа кешігіп келіп не деді?
А) төрлетіңіз! В) Отырыңыз! С)Кешіріңіздер!
Д)Келіңіздер! Е) Барайық
Оқылым мәтіні бойынша 10 сұрақ.
Қазақ отбасындағы бірінші талап
Қазақ отбасында бірінші әке, содан кейін шеше, бұлар отбасы мектебінің ұстаздары десек болады. Әке мен шешенің баласына қойатын ең басты талап-тілегі «әдепті бала» бала болып өсу.
Сондықтан қазақ отбасы үнемі : «әдепті бол, тәрбиесіздік жасама , көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейрімділікке, имандылыққа баулыған. Үнемі отбасында осылай тәрбие көрген бала өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие бастауы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге әсіресе үлкендерге , сыпайылық танытуды үйреткен. Сонымен қатар балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған . Отбасының берекесін сақтап, мейрімділік танытатын-әйел.
Мәтін бойынша тест тапсырмасы
1.Отбасы мектебінің ұстаздары кімдер.
А) бауырлар Б) ата мен әже С) балалар Д) әке-шеше Е) мұғалімдер
2. Қазақ отбасында балаларына қандай сөздер айтып отырады?
А)Әдепті бол, тәртіпсіздік жасама, көргенсіз болма
Б) Абайла, байқа С) Кешір, сау бол Д) Сәлемдес, Күлме, Е) жаман сөздер
3. Отбасында тәрбие алған бала қандай болып шығады.
А) тәртіпсіз Б) Тіл алғыш С) Көргенсіз Д) жалқау Е) еріншек
4. Ең басты міндет етіп нені қойған?
А) оқуды Б) тәртіпті С) халқына еңбек етуді
Д) Көмектесуді Е) Өзін ойлауды
5. Отбасының берекесін сақтайтын кім?
А)Әйел Б) Әке С) бала Д) ата Е) ешкім
6. Әке –шешенің баласына қойатын басты талап –тілегі не?
А) Ақылды бала болу Б) Адал бала болу С) Әдепті бала болу
Д) Ұқыпты бала болу Е) Тәртіпті бала болу
7. Қазақ отбасында өз баласын неге баулыған?
А) Достыққа ,адалдыққа Б) Сенімділікке, еңбекқорлыққа
С) Имандылыққа , жақсылыққа, Д) мейрімділікке, имандылыққа
Е) Ұқыптылыққа, тәтіптілікке
8. Ата-ана әуелі кімді сыйлауды үйреткен?
А)Өзін Б) Өзгені С) Адамдарды Д) Жануарларды Е) Қоғамды
9.Қазақ отбасында бірінші кім?
А) Әке Б) Шеше С) Бала Д) Халық Е) Туыстар
10. Сенің отбасыңда бірінші талап қандай?
Лексика – грамматика
1.Е
2.Е
3.С
4.С
5.
6.В
7.В
8.Е
9.В
10.А
11.С
12.Е
13.Е
14.С
15.А
16.Е
17.С
18.С
19.А
20.А
АУДИО
1.Д
2.В
3.В
4.В
5.С
6.В
7.В
8.С
ОҚЫЛЫМ
1.Д
2.В
3.Б
4.С
5.А
6.С
7.Д
8.Б
9.А
10.
АУДИО
Сәлеметсіздер ме! Наурыз құтты болсын! Барлық қонақтар келіп үлгеріпті. Мен кешігіп қалдым. Кешіріңіздер!
- Сәлеметсіз бе, Мұрат! Рақмет! Сізге де наурыз құтты болсын! Жоғары шығыңыз, төрлетіңіз!
- Анар, Мұратқа ыдыс, шанышқы, қасық беріңіз. Мұрат, наурыз көжеден дәм татыңыз!
- Наурыз көжелеріңіз дәмді екен!
- Ас болсын! Тағы ішіңіз.
- Рақмет! Тойдым. Сіздерді ертең енді мен қонаққа шақырмақпын. Біздің үйге келіңіздер.
- Жақсы, ертең барайық.
1-мәтін
Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет, Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа жанаспайды. Өлең өнері сөзбен, ал живопись (жанды жазу) өнері бояуымен құлпырады. Музыканың негізгі мақсаты - адамның эстетикалық қажетін қанағанттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені тіл мен музыка тілі бір- бірінен етене қатысқан кезде музыканың әсерлілігі арта түседі. Бұл ғылым, яғни музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды тузеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, адамды ылғи да бір қалыпта ұстап тұруға құдіреті жетеді.
1. Мәтін мазмұнына қандай нақыл сөз сәйкес келеді?
A) Жігітке жетпіс өнер де аз
B) Еңбек ер атандырады
C) Өнер - таусылмас азық
D) Кең пейілдіге ас көп
E) Жолың алыс болса, атыңды қинама
2. Мәтін бойынша музыканың әсерлілігі қай кезде арта түседІ?
A) Сурет өнері мен музыка үйлескенде
B) Тіл мен музыка үйлескенде
C) Сәулет өнері мен музыка үйлескенде
D) Спорт пен музыка үйлескенде
E) Қол өнері мен музыка үйлескенде
2 Мәтін
Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі.
Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”,
“Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын.
Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.
1.Нағыз достық не береді?
А) сенім береді В) шабыт береді
С) құндылық береді Д) шынайылық береді Е) адалдық
2. Достыққа не кедергі бола алмайды?
А) сатқындық В) адалдық
С) сыйластық Д) шынайылық Е) мінез
3. Өмірлік мақсаттардың бірі
А) дос таңдай білу В) достықты таңдай білу
С) еңбек түрін таңдай білу
Д) арманға қол жеткізу Е) бақытты болу
4. Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасында не үшін қажет?
А) сенімді арттыру үшін В) қарым- қатынас үшін
С) саяси тұрақтылық үшін
Д) ынтымақтастық орнату үшін
Е) дос болу үшін
5. Достықты берік ететін не?
А) сенім мен жарқын көңіл В) татулық С) саяси тұрақтылық
Д) ынтымақтастық Е) шыдамдылық
1 Мәтін
1.С
2.В
МӘТІН.
1.В
2.Е
3.А
4.Д
5.А