Бақылау сұрақтары: Брендтің пайда болу тарихын сипаттаңыз Брендтің негізгі функцияларын атаңыз


Тұтынушының мінез-құлқындағы негізгі кезеңдердің мәнін сипаттаңыз



бет3/3
Дата29.09.2024
өлшемі20,86 Kb.
#205318
1   2   3
Байланысты:
1 дәріс

5.Тұтынушының мінез-құлқындағы негізгі кезеңдердің мәнін сипаттаңыз.
Тұтынушыларды таңдаудың классикалық үлгісі тұтынушылардың қалай шешім қабылдайтынын анықтауға көмектеседі. Бренд-менеджерлер шешім қабылдауда стратегияны бірізділікке бағыттай алады. Бұл – әр кезеңнен кезек-кезек өтеміз деп болжайтын сызықтық модель. Бірақ әрдайым олай емес. Мысалы, біз тек ақпаратты іздегеннен кейін ғана оның қажет екенін түсінеміз немесе көп ойланбай сатып аламыз, содан кейін бренд туралы ақпарат іздеп, дұрыс шешім қабылдаймыз. Сіз Apple iPhone 8-ді техникалық сипаттамасы мен тұтынушылар пікірі шыққанға дейін алғыңыз келді ме? Алайда ол мар-кетингтік ұсыныстар мен коммуникацияларды түсіндіру және әзірлеу үшін өте пайдалы құрал болып қалады. Оқулықты оқи отырып шешім қабылдау про-цесінің кейбір бөліктерін, сілтемелерді жиі көресіз және бұл – басқа да негізгі ұғымдарды түсінудің тиімді тәсілі. Тұтынушылар өнімге немесе қызметке онша тартылмаған кезде, бірақ ол әлі де эмоциялық факторлармен анықталатын сала болса, эмоцияның пікірге әсерін зерттеу көрсеткендей, жағымды эмоция аз ойлауға, ақпаратты аз із-деуге, аз аналитикалық пайымдауға, теріс сигналдарға аз көңіл бөлуге және «реализмге» аз көңіл бөлуге әкелетінін көрсетті. Мұндай жағдайда тұтыну-шылар қайнаған эмоцияны емес, жып-жылы сезімді іздейді, өзін жақсы сезінетін брендті таңдауға тырысады. Бұл жылу сезімі бірқатар факторларға әкелуі мүмкін. «Орынсыз жек көруге әкеледі» дегенді айғақтайтын эксперименттік дәлел бар. Сонымен қатар уақыт өте келе бренд атына әсер ету бейрационалды таңдаудың дамуына әкелуі мүмкін. Эмоциялық реакцияны сигнал ретінде қолдануға болады, негізгі эмоциялық сигнал бас тарту немесе ұнатпауды білдіреді. «Басқа талғамнан бас тарту» негізгі процесс болуы мүмкін. Өйткені біз ұнамайтын нәрсенің бәрінен бас тартамыз. Қалғаны бізге ұнайтын болуға тиіс. Сонымен қатар эмоциялық реакция ақпаратты қабылдай алады. Сол арқылы біз таңдап, шешім қабылдау үшін сезімімізге жүгіне аламыз: «Мен бұған қалай қараймын?». Таңдау процесіне тартылмағандықтан, біз өз таңдауымызды рационалды дәлелдермен негіздеуге талпынбауымыз мүмкін. Әйтсе де кей адамдар өз таңдауын негіздейтін ақпаратты іздеу керегін сезеді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет