Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр



Pdf көрінісі
бет20/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,99 Mb.
#205537
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

АТЫМТАЙ ЖОМАРТ 
Атымтай жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы 
киім киіп, отын кесіп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бір күні өзінің жақын, таныстары 
сұрады дейді: 
— Жомарт, құдай берген дәулетіңіз бар, ашқа - тамақ, жалаңашқа - киім, үйсіздерге - үй 
болдыңыз, сөйтіп тұрып өз басыңызды кемшілікке салып, жете алмаған жарлыша отын кесіп, 
шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп. 
Жомарт айтты дейді: 
— Төрт түрлі себеп бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өнебойы әдет 
етсең көңілге жел кіргізеді; сол желіккен көңілмен өзімнен терезесі төмен бейшаралардан 
жиіреніп, көз салмай, кем-кетікке жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. 
Екіншісі: Бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік емес екенін біліп, 
кейінгілер ғибрат алсын деймін. 
Үшіншісі: Күн сайын өз бейнетіммен таңнан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем де 
бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнің тәттілігі, сіңімділігі болады екен. 
Төртіншісі: Құдай тағаламның берген дәулетін өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, 
көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын, – 
деді. 
ДҮНИЕ ҚАЛАЙ ЕТСЕҢ ТАБЫЛАДЫ 
Француз жұртының бір білімді адамы жазады: 
1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр 
жеті сайын Версаль қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. 
Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші отырып, қайыр сұрап алып жүруші 
еді. Бір күш тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау кісіге ұшырасып, жөніміз 
бір болған соң бірге келе жатқанымызда, әдетше манағы Антон алдымыздан шығып қайыр 
сұрады. 
Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты: 
– Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай 
көрінеді. Сөйтіп тұрып мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың 
келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшік 
қылғаным жоқ елден. Қала-қаладан қыдырып жүріп, әуелі боқтық, салам арасынан, не болмаса 
жай кісілерден ескі шүберек сұрап жиып жүрдім. Ол шүберектерді апарып қағаз істейтін 
фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым. Мұнан 
соң әуелі аздап, бара-бара көбірек, әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді 
сатып алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк 
ақша тауып, енді бір қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақты және 
еріншектікті білмегеннен соң, осы күнде екі әйдік тас жұртым бар. Фабрикамды балама 
бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас деген. Себебі, баламды да жасынан бос 


68 
жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы айтқанымша машақаттанудан 
қашпасаң, сен де бай боласың, Антон, – деді де жөніне жүріп кетті. 
Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып 
қалды. 
1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен 
дүкенге кірдім. Дүкеннің ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып 
тұрған бір купецтің кескіні көңіліме таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені 
көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп айтты: 
– Айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма 
сайын Версальдағы үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді? 
Сонда ойыма түсіп, таң қалып: 
– Сен Антонбысың? – дедім. 
– Рас, – деді Антон, – мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол 
жүргеніңіздегі бір күн қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, 
тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім. Ісіме нық, малыма күтімді болдым. Ақырында, сол 
кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі болдым, – деді. 


69 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет