70
көбіне қираған кенттің жұртында немесе ежелгі мазарлардың түбінде ішіп келеміз. Мұның өзі
өткенді ой елегінен өткізіп, ертеңге көз жіберуге итермелейді. Сол мақсатпен ат айдаушыға
алдын ала тапсырма беріп қойғанбыз. Күн шашырап шығып, бозторғайлар шырылдап
алғашқы әніне басқанда,
қараңғылық сейіліп, түнгі бұлт терістікке қарай жөңкіп, шығыстан
арайланып алтын күн шапақ шашқанда, ағаштардың басы нұрға шомылып, судың бетіне
алтын шашырағандай болған ғажайып бір сәтте мазарға жететін болайық деп шешкенбіз.
Адам ойланады да, Алла оңғарады ғой әманда. Түні бойы сабалап жаңбыр жауып,
тарантастың шатырын ұрғылады да тұрды. Болдырған аттар сазда тайғанақтап, аяңмен әрең
ілбіп отырды. Қамшының шартылы мен шаршаған аттардың пысқыруы, жәмшіктің шу-шуі
ғана жаңбырдың біркелкі тысырын арагідік бөліп қояды.
Түн сұмдық болды. Жол жүру де қиындай түсті. Жаңбыр
алдын ала ойластырған
жоспарымызды бұзып кетпес пе екен деген күдікпен әлденеше мәрте ат айдаушыдан: «Қалай,
жаңбыр басылатын емес пе, күннің айығатын түрі бар ма?» - деп сұрадым. Бақайшағына дейін
малшынған делбеші: «Жоқ», - деп бір бұрқ етеді де: «Бұл ауа райына не қыларсың, брр!» - деп
етегіндегі суды бір сілкіп тастайды. Ат айдаушыны жаным аяп келеді. Шапшаң жүріп отырсақ
қой, баяғыда-ақ жылы пештің үстінде қорылдап ұйықтап жатар ек? Баян сұлудың ескерткішін
көре алмай қалсақ қой, өкініштің көкесі - сол.
Осылай біз бір сағат жүрдік.
- Жоғары мәртебелім, - деді бір мезгілде делбеші, - Міне, мазарға да жеттік.
Сыртқа басымды шығардым. Бұлыңғыр күн жабырқау бұлттың арасынан сығалай
бастапты. Аспанды түп-түгел алба-жұлба, айбақ-сайбақ қара бұлт торлап алған.
Бұрынғысынша себелеп жаңбыр жауып түр. Ақ көбікке оранған аттар саздауыт жердің сортаң
балшығынан аяғын әрең алып келеді. Сол жақта өзеннің арғы бетіндегі бәйтеректердің
арасынан мазардың тік шаншылған мұнарасы көзге шалынды. Мазар қызыл кірпіштен өріп
қаланған сияқты. Мұндай күнде шай ішіп ауыз жылыту жөнінде де,
тіпті мынау қазақтың
ежелгі мұрасын қызықтау жөнінде де ойлаудың өзі әбес.
- Зайыры өзен тасып кеткен-ау деймін, жоғары мәртебелім. Арғы жаққа өте алмайсыз, -
деді менің ішкі пікірімді сезіп түрғандай, ат айдаушы.
- Онда алға жылжи бер, қайтар жолда көрерміз, - деп тонымды қымтанып, оң жамбасқа
аунап түстім де, ұйықтап алғалы көзімді жұмдым.
Достарыңызбен бөлісу: