Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр



Pdf көрінісі
бет24/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,99 Mb.
#205537
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

Торайғыр тауы 
Маусымның 17-жаңасы. Торайғыр тауының теріскей жағы. Айыр асуы және сол аттас 
бұлақ. 
Сөгеті тауынан тау сілемдерін көктей өтіп, Торайғырға Айыр асуы арқылы астық. 
Асуға жете бергенде жаңбыр бізді еріксіз тоқтатты. Біз Торайғыр тауының теріскей 
баурайында түнедік. Күнгей жағына өту қиын болмаса да, әдейі солай жасадық. Теріскей 
деген - бұл таулардың терістік-батыс баурайының жалпы атауы. Ал Күнгей - түстік жағының 
жалпы аты. Таулардың арасындағы бұл жіңішке жазықта Сөгетіге қарай рауғаш тым көп екен. 
Ал Торайғыр тауларының баурайына қарай бетеге мен жусан тұтасып жатыр. Рауғаштың 
жапырағы солып, қызғылт тартқан. Біздің жолымызға жарыса жалғасып оң қол жақта Шелек 
өзені келеді. Сөгеті мен Торайғыр тауының арасындағы өзеннің бұл ағысын қазақтар Бартоғай 
атайды. Сол жақтан жолмен жарысып келе жатқан жазықтың аты - Шарын. 


73 
Бұғыты мен Торайғыр тауларының тамамдалған тұсындағы Шарынның бұлағын 
қазақтар Сартоғай деп атайды. Ал бірінші Меркеден Сартоғайға дейінгі ағыстың аты – 
Ақтоғай. Бұл түні салқын болды. Күздегідей ысқаяқ жел есті. Түні бойын күшті қар жауып
Алатаудан Іле алқабына дейінгі жазық қыстағыдай ақ көрпе оранды. Суық күшті болған соң 
тон киіп, киіз үйге от жақтық. Суықтық 5 градус. Көз алдымызда қарға оранған Торайғыр тауы 
мұнартып жатыр. 
Торайғырдың аты «торы айғыр» деген сөзден алынған. Қазақтардың аңызына қарағанда 
жоңғар қалмақтарын осы өңірден қуған кезде бір торы айғыр тауда қалып қойыпты. Торайғыр 
– албандардың ең жақсы қыстауы. Айтуларына қарағанда, бүл төңіректе қыс болмайды деуге 
де сияды. Ал қыс болса да көп үзамай қар кетіп қалады. Қытымыр қыстың өзінде мал азығы 
тапшы болса да, жалғыз қынаны ғана азық қып мал қоңын түсірмей аман шығады. Жалпы бұл 
араның жері құнарлы, шөбі шүйгін. Малға жұғымды жер дейді қазақтар. Дәл мамыр айының 
өзінде сол мақтаулы жерден Құдайдың бізге қарды жіберуін көрмейсің бе?! Қардың көптігі 
сондай, оның түгел еріп кетуі үшін табаны күректей үш шуақты күн қажет болды. Ал біз үшін 
уақыт қандай қымбат десеңізші. Ертеңгісін-ақ біз жолға шықтық. Торайғыр тауының күнгей 
жағындағы Сұлу Қарашоқы деген жерде аз-кем аял жасадық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет