Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр



Pdf көрінісі
бет25/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,99 Mb.
#205537
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

Меркеде … 
Маусымның 19-жаңасы. Бірінші Мерке өзені. 
Алатау мен Қулық жотасын қосып тұрған иінге көтерілгенімізде, біздің қарсы 
алдымыздан жартасты биік жылға шыға келді. Оның етегінде табанымыздың астында 
зымырай ағып Мерке өзені жалтырап жатты. Жоғарыдан қарағанда өзеннің ағысы тым тамаша 
көрінді. Жап-жасыл бір тегіс жылғада ағып жатқан өзен екі жағынан маужыраған сәмбі талдар 
көмкеріп тұрған көк лента сияқты көрінді. Үш Меркенің үшеуі де бастауын Алатау 
жоталарынан алып, иіннің өн бойымен зырлап отырып терең аңғар жасап, Шарынға барып 
құяды. Ал Шарын болса арнасын кеңітіп, иінді жарып, Қулық тауын белдеулей өтіп терістікке 
тура тартады да, Ілеге құяды. 
Біз бірінші Меркенің Шарынға құятын тұсында түнедік. 
Меркеде арқар мен жабайы ешкілер көп. Оларды аулайын деп едім, бірақ ол 
қарекетімнен ештеме өнбеді. Арқарлар ерте төлдейді. Мен оның қодығасын Қапалда-ақ 
көргенмін. Тау ешкілері лағын ертерек, сәуірдің соңына қарай тастап кететін сияқты. Жалпы 
Алатау жоталарының таутекесімен, арқарымен, маралымен аты шыққан. Қарақұйрықтар 
жазықта ғана кездеседі. Құстардан мен қараторғайларды, жабайы кептерлерді, қара 
қарғаларды (қазақтар оларды құзғын атайды), кекіліктерді, шілдерді, қызыл қанатты 
торғайларды кездестірдім. Жыртқыш құстардан біздің төңіректе қарақұстар, қозышы, қара 
және қызыл сирақты күшігендер үшып жүрді. 
Мамырдың 20-жаңасы. Шырғанақ өзеніндегі түн. 
Бірінші Меркеде киіз үй тігу үшін қарды күреуімізге тура келді. Кешкісін аспан 
ашылып, бұлт ыдырағанымен, терістік шығыстан ысқаяқ жел тұрып, күн суық болды. 
Ертеңгілік тұрғанда төңіректі түгел қар басып қалыпты. Бірақ күн шайдай ашық, жақсы екен. 
Ақ қарға шағылған күн шапағы көзімізді қарықтырып, айналаға қараудың өзі қиын болды. 
Оппа қарды кешіп, Үш Мерке жылғасынан өту де оңайға түскен жоқ. Жасақтың көптеп-
көмектеп күш-жігер жұмсауы арқасында артиллериямызды арқанға асып жоғары көтердік-ау, 
әйтеуір. 


74 
Екінші Меркенің құз-жартасты қақ жарып Шарынға құяр тұсының табиғаты 
таңғажайып. Алып жартастардан қаланғандай жағалаудың тік жары, тас кеудесін қарс жарып 
құзға өскен күмбезді шыршалар көздің жауын алады. Төменде сыбдыр қағып шуылдап ақ 
көбік атып, Шарынның жасыл толқыны зымырап барады. 
Екінші Меркенің арнасы тар, ағысы да өте баяу. Одан өтетін асу онша тік емес. Ал 
Үшінші Меркеге жеткенде аттарымызды шалдырып, түстік жасап алдық. Үшінші Меркенің 
ағысынан пайда болған жазық әжептәуір және саздауыт екен. Бұл Бірінші Меркеден тереңірек 
әрі суы мол. Жағаға өскен сәмбі талдар да басқаларынан қалың. Бұл арада өсетін бұталар 
жапырағына қарағанда талға ұқсайды. Бірақ долана сияқты тікенді. Қабығы да доланаға 
үқсағанмен, күңгірттеу. Қазақтар мұны шырғанақ атайды. Ағашы қызғылт түсті. Сондықтан 
қазақтар одан мылтыққа дүм жасайды екен. Оның мәуесі де шырғанақ сияқты. 
Үшінші Меркеге көтерілу өте жеңіл болды. Бірінші және Үшінші Меркенің арасындағы 
жартастарда ырғай, сарыағаш, сары гүлді райхан, биіктігі әжептәуір қарағандар өседі. 
Жапырағы ұсақ бұл бұталарды қазақтар бозқараған атайды. Итмұрын, қылша да аз көрінбейді. 
Жергілікті халық қылшаны отқа жағып, күлін насыбайға салады. Мерке биігінің маңындағы 
Асыға дейінгі тауларда қарды жиектей отырып, құрылысқа жарамды шыршалар өседі. Биікті 
басып иіннен әрі асқанда оң жағында - Қулық, сол жағында Алатаудың негізгі жотасы жатады. 
Қулықтың етегін Шарын өзені сипай ағады. Өзеннің кемері таудың шығыс жағынан 
басталатын сияқты. Үш Мерке Шарынға дәл осы мойнақта келіп құяды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет