Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр



Pdf көрінісі
бет18/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,99 Mb.
#205537
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

КЕНЕСАРЫ – НАУРЫЗБАЙ 
(дастаннан үзінді) 
*** 
Дүрі жауһар данасы, 
Әркімнің Алла панасы. 
Жан біткенге несібе - 
Дарияның аққан саласы. 
Үйсіздерге үй болған, 
Би - отанның ханасы. 
Кенесары, Наурызбай - 
Абылай ханды бабасы, 
Әуелгі мекен-тұрағы - 
Көкшетаудың даласы. 
Жазғы жайлау қонысы 
Ұлытаудың саласы. 
Өте залым болмаңыз, 
Мұсылманның баласы. 
Ақырында олардың 
Қырғыздан болды қазасы. 
*** 
Абылай ханның баласы 
Асып туған Қасым-да. 
Арғы тегін сұрасаң, 
Шынжыр қатар асыл-ды. 
Саржан атқа мінген соң, 
Төренің бағы ашылды. 
Қарсы келген егесіп 
Дұшпанның көңілі басылды. 
Жалғыз Саржан не болар, 
Есенгелді қосылды. 
Кімге апарып теңейміз 
Наурызбай сынды жасынды?! 


56 
*** 
Тау суындай сарқырап, 
Байұзақ келді төменнен. 
Көңілі бітті айқасып, 
Кенесары зеренмен, 
Тілімдес болып олжаға 
Наурызбай - асыл беренмен. 
Он екі мың әскермен 
Тағы аттанды кемерден. 
Зеңбірегін асырды 
Абылай аспас кезеңнен. 
Құлақ шулап, көз тұнды, 
Ақыл, айла өнермен 
Кенесары, Наурызбай 
Атадан асты дегенмен. 
*** 
Абылай аспас асудан 
Асамын деп өрледі. 
Оңайлықпен қазаққа 
Асуды қырғыз бермеді. 
Әр жерлерден құралып, 
Қырғыздың қолы кернеді. 
Бесінге дейін атысып, 
Қазақтың әлі келмеді. 
*** 
Атасы өткен Абылай, 
Тілеуді берген бір Құдай. 
Былтырдан алған басшысы 
Шапырашты Бұғыбай. 
«Бұғыбай басшы қайда?» - деп, 
Шақырып алды Наурызбай! 
- Әй, Бұғыбай, Бұғыбай, 
Қорлық болды бұ қалай? 
Жол таба алмай қамалдық, 
Амал тапшы бұған-ай! 
*** 
Бұғыбай сонда сөйлейді: 
- Қысылып тұр-ау жанымыз, 
Тау басына жете алмай, 
Болмады, сірә, сәніміз. 
Жауыңды шаншып беруге 
Келмейді, Науан, әліміз. 
«Жол тап», - деген сөзіңнен 
Төгіле қалмас арымыз. 
Көп кешікпей, Науанжан, 


57 
Ханға таман барыңыз. 
Баруға көңілің тілесе, 
Ханнан жарлық алыңыз. 
Томағамды сыпырып, 
Қамау тасқа салыңыз. 
*** 
Мұны естіп Наурызбай, 
Алдына барды Кененің: 
- Түсі суық тартқанда 
Төрт қырланған жебенің, 
Ажал оғы келгенде 
Қорғаны болмас көбенің. 
Қолына толды қырғыздың 
Басы тау мен төбенің. 
Рұқсат берсең, Кенеке, 
Барайын соған деп едім. 
*** 
Салатұғын алдыма 
Бұғыбай басшы ер еді. 
Әдіре қалған Алатау, 
Асуға қиын жер еді. 
Қамалын барып бұзайын, 
Кенеке, жауап бер, - дейді. 
Отыз жігіт сайланып, 
Қасыма менің ер, - дейді. 
Тау басына барған соң, 
Ойынымды көр, - дейді. 
*** 
Кене хан сонда сөйлейді: 
- Дұшпаннан бітсін ар, - дейді. 
Қолдағы өңшең батырдан 
Іріктеп бәрін ал, - дейді. - 
Көңілің шапса, Науанжан, 
Ертерек сонда бар, - дейді. 
Екі-үш жүздей кісімен 
Ойынды барып сал, - дейді. 
Наурызбай тағы сөйлейді: 
- Алладан жәрдем күтейін, 
Ата-бабам жар болса, 
Бір мұратқа жетейін. 
Былтырғы қылған азасын 
Қырғыздың бүгін өтейін. 
Екі-үш жүз кісі көбірек, 
Онша алып, тақсыр, не етейін?! 
Әскерден отыз батырды 


58 
Іріктеп алып кетейін. 
Тәңірі қосса, қырғызға 
Бір тамаша етейін. 
*** 
Қиын жерде хандарға 
Болады сүйеу қарашы. 
Қысылған жерде әркімнің 
Тәңірім болсын панасы. 
Көп кісі қаптай шабуға 
Арқаның бар ма даласы?! 
Аз кісіге жақсы екен 
Алатаудың арасы. 
- Мақұл, - дейді хан Кене 
Наурызбайдың сөзіне. 
Сол уақытта Науанның 
Жан көрінбес көзіне. 
Иесі тілек қылған соң, 
Береді рұқсат өзіне. 
Қайтармады меселін 
Ұмтылып тұрған кезіне. 
*** 
- Қауырсынды, қанатты, 
Таудан үлкен талапты, 
Ер көңілді, қалма! - деп, 
Жұртқа салды санатты. 
Қалың қолдан саралап, 
Алады өңкей манапты, 
Ерегескен соғыста 
Тастан қайтпас болатты. 
Тауға қарсы түйлікті, 
Сұңқардай жиып қанатты. 
*** 
Отыз жігіт жөнелді 
Тамам қолдың беглері. 
Бұғыбайды басшы ғып, 
Қиын жолды көргелі; 
Тау басында қырғыздың 
Жазасын барып бергелі; 
Қамалын бұзып, жол салып, 
Бейітін ашып келгелі. 
Жаз жайлауы сары дала, 
Қыс қыстауы Қарғалы. 
Наурызбай кетті бөлініп, 
Тау басына барғалы; 
Қамалып тұрған қырғызға 


59 
Бір бүлікті салғалы. 
Кенесары бастығы, 
Төменде тұрып қалғаны. 
Талап етіп ұрынды 
Жаңадан бір жол салғалы. 
*** 
Сауысқанның аласы, 
Ағынан көп қарасы. 
Кене хан сонда сөйледі, 
Абылай ханның баласы: 
- Қол көрінбес шаң болды 
Алатаудың арасы. 
Қарағаштай көп қазақ, 
Ханға болдың қарашы. 
Ойда қоқан, қырда орыс, 
Хакім болды қаласы. 
Кімнен таяқ жегендей 
Біздің қазақ баласы! 
Алдырып жүрген дүспанға - 
Аузының аласы. 
Дін мұсылман әлеумет 
Бірге мінсе кемеге, 
Үш Алаштың баласы 
Тізгінін берсе Кенеге, 
Ер басына аяқтай 
Тас көтерсек жебеге, 
Тау басына шығатын 
Жол салмасқа немене?! 
Байұзақ датқа түйсініп 
Бұл жауаптың тегіне, 
Айтайын деп бір сөзді, 
Жетіп барды көбіне. 
*** 
- Ханның көңілі соғады 
Таудан бір жол сапарға. 
Бір талапқа бет қойды 
Тау басына барарға, 
Бекініп жатқан қырғыздың 
Қамалын бұзып аларға. 
Үят шығар төреден 
Бөлініп біздер қаларға. 
*** 
Сол уақытта қарасақ, 
Тау басынан шу шықты. 
Қаптаған қара тұмандай 


60 
Мұнарланып бу шықты. 
Бу десек - мылтық түтіні, 
Отыз көкжал бөрімен 
Наурызбай төре сол шықты. 
*** 
Бір кезеңге таластық, 
Жау жоғары, біз төмен. 
Жеткен екен қамалға 
Наурызбай атты сүр берен. 
Қарқарадай астында 
Байүзақ берген көк дөнен. 
Күншығыс жаудың шетінен 
Қамалға кірді көлденең. 
*** 
Ор қояндай бұлтиған 
Көк дөнен ат астында. 
Қамзол ішік құнтиған, 
Ақ орамал басында. 
Көрүғлыға бергісіз 
Отыз көкжал қасында. 
Сол уақытта Наурызбай 
Жиырма бес жасында. 
*** 
Наурызбай кірді қамалға 
Жанған оттай бұрқылдап, 
Көк дөнен ат астында 
Ор қояндай бұлтылдап; 
Батырлардың найзасы, 
Найзағайдай жылтылдап. 
Мұнан кірген батырлар 
Онан шықты алқылдап. 
Наурызбай гүл-гүл жанады, 
Ақ білегін сыбанып. 
Жауды аралап қырады, 
Қолына жасыл ту алып. 
Шын қаһарға мінеді, 
Ақша беті қуарып 
Бозбалаға сөйлейді, 
Ағасын көріп қуанып: 
- Абылай аспас асуда 
Кенекем дүкен құрғаны. 
Батырлардың жараспас 
Майданға кірмей тұрғаны. 
Кенекем келді біз үшін, 


61 
Үш Алаштың қорғаны. 
Аянбай бүгін іс көрсет, 
Таманың батыр Құрманы! 
Кеудедегі шыбын жан 
Ар-намыстың құрбаны. 
*** 
Жар бола көр біздерге, 
Атамыз өткен Абылай! 
Осындай қиын жерлерде 
Тілеуді бергей бір Құдай. 
Сендер едің қанатым, 
Меңдібай, Дулат, Ағыбай, 
Арғыннан шыққан үш жігіт - 
Шәкір, Жәуке, Толыбай. 
Ұмтылыңдар, ерлерім, 
Жан-жағыңа қарамай. 
*** 
Мылтықтың оғы от алмас 
Құлақта дәрі тұтанбай. 
Ақ кіреуке көк сауыт 
Таза жүрсе, тот алмай, 
Мылтықтың оғын жібермес 
Шығыршығы жұқармай. 
Жаман жігіт тозады, 
Жауды көрсе қотандай. 
Атақты ердің бірі едің 
Иісің шыққан жұпардай. 
Аянбай бүгін іс көрсет, 
Табыннан Қабан Бұқарбай! 
*** 
Тайынбай жауға кіріңдер, 
Айбынды туған ерлерім! 
Мінген атың тобышақ, 
Күмісті қылыш белдерің. 
Осындайда керек деп, 
Көзімнің майын бергемін. 
Ат мініп, жарақ асқалы 
Бәрі осы ма көргенің! 
*** 
Дұспаны қайтіп кемітер 
Кене хан мен Науанды! 
Дабысы кетті күңірентіп 
Аспара мен Дуанды. 
Қалың жатқан қырғызды 
Жеңгеніне қуанды. 


62 
Қарақыстақ, Шөңгірге 
Ұйысқан қырғыз қалмады. 
*** 
Мұнарланып шаң болды 
Қызылсудың саласы. 
Бұл сапарда жар болды 
Хан Абылай бабасы. 
Қырғызға лық толыпты 
Алатаудың арасы. 
Қол алдында жүр екен 
Қырғыздың бір данасы. 
Наурызбайға кез болып, 
Тұра қалды жанаса. 
Көрібоз деген кісі екен, 
Ер Қанайдың баласы. 
*** 
Кәрібоз сонда сөйлейді, 
Сөйлегенде бүй дейді: 
- Ей, Наурызбай, ер төрем, 
Қарайып жүрмін қаныма! 
Аза қорлық көрсетіп, 
Қатты баттың жаныма. 
Не жазығым бар еді 
Кенесары ханыңа? 
Бітті деп көңілі тынбады 
Қырғыздағы арына. 
Алмаған ары қалды ма 
Қырғызда оның тағы да? 
*** 
Кім таласар Құдайдың 
Бендеге берген бағына? 
Қорған болып халқына, 
Әркім шықсын табында. 
Қанайыңа мен қылдым 
Кекті болған шағымда. 
Сенің ақың бар ма еді, 
Андасымның тамында? 
Білмеймісің, Кәрібоз, 
Мойныңдағы жазаңды? 
Жанқараш пен Жантайың 
Айтып иман, зарланды… 
Кәпірге ғазат қылғандай, 
Наурызбай берер сазаңды. 
Көп қорқытпа, Наурызбай! 
Күнім түссе көрермін, 


63 
Бұйрық болып Құдадан, 
Қаза жетсе өлермін. 
Арманда болып кетпесін, 
Бір соғысқа келермін. 
Жаппар ием жар болса, 
Сазаңды әлі-ақ берермін. 
*** 
Қырғыздың қолы көбейді, 
Әр жерлерден құралып. 
Қыстай мінген қазақы ат, 
Тастап жатыр тұралап. 
Шыдамады Наурызбай, - 
Киіміне қыналып, 
Түрегелді орнынан, 
Шыбықтай белі бұралып. 
Қамзол ішік үстінде, 
Бауын үзіп белсеніп, 
Ақауыз атқа мінді де, 
Түсті таудан теңселіп, 
Қатуланып жөнелді, 
Алғалы жауды еңсеріп. 
*** 
Жалғыз шапты Наурызбай, 
Жауға қарсы енуге. 
Арасы алыс дауыстап 
«Барма, мұнда кел» деуге, 
Шауып барып Бұқарбай, 
Ат үстінде көлбеді, 
Өткізіп қашты шылбырын 
Ер Бидердің белбеуге. 
*** 
Әзір аса біткен жоқ 
Хан Кененің тынысы. 
Қара ала атты бір қырғыз, 
Жаңқараш бидің інісі, 
Жекелеп кірді майданға, 
Батыр екен мұнысы. 
*** 
Наурызбай қарсы шабады 
Жеке шыққан батырға. 
Тайынбай қарсы келеді, 
Қашатуғын әйел ме?! 
Жалақтатып найзасын, 
Жетіп келді жақынға. 


64 
Алақтатып, састырып, 
Батырды ұрды қапыда. 
Жеке шыққан батырдың 
Бәріне берді ақылды. 
Орнынан тұрмай жатсын деп, 
Найзасын қатты батырды. 
*** 
Сол уақытта Ақауыз 
Жер тарпиды оянып. 
Наурызбай жүр үстінде, 
Қылышы қанға боялып. 
Қанына қырғыз қарайды, 
Несіне тұрсын аянып?! 
Наурызбайдың үстіне 
Бәрі келді таянып. 
Аллалап жүрген қырғыздың 
Желі тұрды оңынан. 
Ай мүйізді қошқардың 
Бөрі тартты қоңынан. 
Ақауыз ат құлады 
Қырғыздың атқан оғынан. 
Наурызбайға ұмтылды 
Қалың қырғыз шоғынан. 
*** 
Қызылсу мен Дуанның 
Аңғарынан шаң асты. 
Қырсықтың алды емес пе, 
Төреден әркім адасты. 
Қырғыз, қазақ - екі жар 
Наурызбайға таласты. 
Қырымда жүрген Бұқарбай 
Атына қамшы бір басты. 
Үзеңгісін шығарып, 
Наурызбайға жанасты. 
- Сені қара басты ма, 
Қолыңа найза алмастай? 
Жүрегің үшып кетті ме, 
Жауға қарсы бармастай? 
Қызметі сенде бар еді, 
Артынан тірі қалмастай. 
*** 
Ала бір таудың жылғасы, 
Бауырында ойнар құлжасы. 
Тар жерде жолдас болады 
Ерлердің найза құрдасы. 


65 
Белсеніп жауға шабады. 
Жігіттің жанға мырзасы. 
Ержан болса қасымда 
Бөлекше туған тұлғасы, 
Болар ма едім қазаққа 
Әзіл сөзің олжасы?! 
*** 
Балалы арқар баулайды, 
Баласыз арқар маңырайды. 
Күйік қылмай көзіме, 
Жасаған сені алғай-ды! 
Сүйегімнен бұл таңба 
Өлгенімше қалмайды. 
Ержан жауға түскенше, 
Сен жауға түссең болғай-ды! 
*** 
Алты ай шауып жол болған 
Шу менен таудың арасы. 
Бұл сапарда қазақтың 
Болмады қабыл тәубасы. 
Рүстем менен Сыпатай - 
Дулаттың нағыз баласы. 
Үндес болды қырғызбен, 
Әне, ауыздың аласы! 
Он екі мың дулатты 
Қашырды түнде, расы. 
Жамандық қылған мұндардың 
Мойнына болсын жазасы. 
Қазақтың 
көбі қырылды, 
Қанды ма екен табасы?! 
Сол барғаннан төрелер 
Елге қайтып келмеген. 
Үй, жамағат, малымен, 
Халқын, жұртын көрмеген. 
Құтылуға қырғыздан 
Тілегін Құдай бермеген. 
Қырғызда қалды тұтылып, 
Не еткенін ешкім білмеген. 
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің әр кезеңін қамтитын көркем шығармалар 
көп. Нысанбай жыраудың «Кенесары - Наурызбай» дастаны, Көкбай Жанатайұлының 
«Абылай - Кенесары» поэмасы, М. Сералиннің «Топжарған», Д. Әлімбаевтың «Кенесары» 
дастаны сияқты т.б. жырлар Кенесары қозғалысының көркем бейнесін көрсететін авторлық 
шығармалар тізбегін құрайды. Кенесарыға арналған көркем шығармалардың көбі көтерілістен 
соң, бірталай уақыттан кейін туған. М. Әуезов осы оқиға негізінде «Хан Кене» тарихи 


66 
драмасын жазды. Тарихшы Е. Бекмаханов Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы 
зерттеулер жүргізіп, көтерілістің тарихи құндылығы мен қазақ халқы үшін маңызын ашты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет