Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр



Pdf көрінісі
бет15/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,99 Mb.
#205537
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

 
Төлеген мен Бекежан 
Атаңа лағынет Бекежан, 
Қыз Жібектің сыртынан, 
Көп ғашықтың бірі екен. 
Баяғы алпыс жігіт қасында 
Төлеген енді келер деп, 
Қособаның көлінде - 
Жолын тосып жүр екен… 
Алдынан шығып алпыс жау, 
Төлегенді қамады. 
Базарбайдың Төлеген, 
Алды-артына қарады. 
Бесінде жаумен атысып, 
Намаздыгер болғанша, 
Алдырмай кетіп барады. 
Еркімен аты жеткен соң, 
Жау ортаға алады. 
Атаңа лағынет Бекежан, 
Арғыннан шыққан қу екен, 
Әккі болған сүм екен. 
Төлегеннің артында - 
Алпыс қадам жақындап, 
Бір қурайды паналап, 
Жеткен екен жағалап. 
Төлегенді атқалы 
Жақындап келіп тұр екен. 


51 
Мылтыққа білте басады, 
Аруағы асады. 
Төлеген сынды мырзаның 
Қанын судай шашады… 
Бекежан атқан жалғыз оқ, 
Маңдайдан келіп ұрады. 
Алтын сүйек Төлеген, 
Алланың салған қорлығы-ай, 
Иттердің қылған зорлығы-ай, 
Толықсып аттан құлады! 
Бекежан мен Қыз Жібек 
Әлқисса, бұлар Төлегенді өлтіріп, атын-тонын алып, еліне келіп, еш адамға 
сездірмей жата берді. Сегізінші жыл болғанда, бір күні Бекежан ойлады: «Жібекті өзім 
алайын», - деп. «Әуелі Жібекке Төлегенді өлтіргенімді естіртейін, онан соң Жібек маған 
тимей кімге тиеді?», - деп ойлады. 
Әлқисса, Бекежанның Қыз Жібекке айтқан өлеңі: 
- Айтамын айт дегеннен арма, Жібек, 
Ботасы өлген түйедей зарла, Жібек. 
Кеткелі жаман жарың көп жыл болды. 
Хабары сол жездемнің бар ма, Жібек? 
Жібек:_-_Қазақтың_несін_алып,_не_бермеймін_Дүниеде_тірі_жүрсем,_не_көрмеймін_Арғында_алты_шекті,_алпыс_мырза,_Ізіне_басып_кеткен_теңгермеймін._Бекежан'>Жібек:
- Қазақтың несін алып, не бермеймін? 
Дүниеде тірі жүрсем, не көрмеймін? 
Арғында алты шекті, алпыс мырза, 
Ізіне басып кеткен теңгермеймін. 
Бекежан:
- Айтамын айт дегеннен әуелім жар, 
Қыз Жібек, әлі-ақ болар пиғылың тар, 
Өліп қалған немеңді сонша мақтап, 
Көкжорға ат астымдағы көзіңді сал. 
Жібек:
- Жоқ екен-ай, Бекежан, ақыл-айлаң, 
Қанеки, құрбы болып тиген пайдаң? 
Атаңа алты лағынет, ит қарақшы, 
Көкжорға астыңдағы алдың қайдан? 
Бекежан:
- Жол тосып, Қособада жатып алдым, 
Біреуді мергендікпен атып алдым. 
Өзім батыр болған соң, кімді аяйын? 
Өлтіріп Төлегенді, атын алдым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет