51
Мылтыққа білте басады,
Аруағы асады.
Төлеген сынды мырзаның
Қанын судай шашады…
Бекежан атқан жалғыз оқ,
Маңдайдан келіп ұрады.
Алтын сүйек Төлеген,
Алланың салған қорлығы-ай,
Иттердің қылған зорлығы-ай,
Толықсып аттан құлады!
Бекежан мен Қыз Жібек
Әлқисса,
бұлар Төлегенді өлтіріп,
атын-тонын алып,
еліне келіп, еш
адамға
сездірмей жата берді.
Сегізінші жыл болғанда, бір күні Бекежан ойлады: «Жібекті өзім
алайын», - деп. «Әуелі Жібекке Төлегенді өлтіргенімді естіртейін, онан соң Жібек маған
тимей кімге тиеді?», - деп ойлады.
Әлқисса, Бекежанның Қыз Жібекке айтқан өлеңі:
- Айтамын айт дегеннен арма, Жібек,
Ботасы өлген түйедей зарла, Жібек.
Кеткелі жаман жарың көп жыл болды.
Хабары сол жездемнің бар ма, Жібек?
Жібек:_-_Қазақтың_несін_алып,_не_бермеймін_Дүниеде_тірі_жүрсем,_не_көрмеймін_Арғында_алты_шекті,_алпыс_мырза,_Ізіне_басып_кеткен_теңгермеймін._Бекежан'>Жібек:
- Қазақтың несін алып, не бермеймін?
Дүниеде тірі жүрсем, не көрмеймін?
Арғында алты шекті, алпыс мырза,
Ізіне басып кеткен теңгермеймін.
Бекежан:
- Айтамын айт дегеннен әуелім жар,
Қыз Жібек, әлі-ақ болар пиғылың тар,
Өліп қалған немеңді сонша мақтап,
Көкжорға ат астымдағы көзіңді сал.
Жібек:
- Жоқ екен-ай, Бекежан, ақыл-айлаң,
Қанеки, құрбы болып тиген пайдаң?
Атаңа алты лағынет, ит қарақшы,
Көкжорға астыңдағы алдың қайдан?
Бекежан:
- Жол тосып, Қособада жатып алдым,
Біреуді мергендікпен атып алдым.
Өзім батыр болған соң, кімді аяйын?
Өлтіріп Төлегенді, атын алдым.
Достарыңызбен бөлісу: