Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр


Сансызбайдың Төлегенді іздеп шығуы



Pdf көрінісі
бет16/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,71 Mb.
#205537
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

Сансызбайдың Төлегенді іздеп шығуы 
Әлқисса, бұлар мүнда түрсын, сөзді Сансызбайдан естіңіз. Сол халде Сансызбай он 
жеті жасқа келді, Төлегенді сағынып, бір күндері қару-жарағын асынып, Төлегенді 
іздемекші болып ойлайды: «Атамнан бата алып кетейін», - деп, атасына келіп, арыз қылып 
айтқаны: 


52 
- Айналайын жан ата, 
Ботаңның айтқан сөзіне 
Құлағыңды сал, ата, 
Арызға келді балаңыз, 
Рүқсат, бата бер, ата?! 
Төлегенді іздейін, 
Жеткізді құдай жасымды, 
Төлегенді іздейін, 
Жер шаршысын кезейін, 
Жоқтаусыз кеткен лайық па? 
Туған соң іні біздейін, 
Разылық берсең, жан ата, 
Ешкімге көзім сүзбейін, 
Батаңды бергін, жан ата, 
Тірі-өлісін білгенше, 
Күдерімді үзбейін, - 
деп атасынан рұқсат сұрады. 
Сол күнде атасының көзі көр болып, көңілі жер болып, Төлегеннің қасіретінен 
санамен сарғайып, қайғыменен қарайып жатады екен. 
Сонда атасы басын көтеріп, Сансызбайға: 
- Балам, ағаңды іздейін деп пе едің? Қолыңды жай, батамды берейін, - дейді. - 
Әуелі Алла тағала, екінші әулие-әнбиелерге аманат, - деп тапсырып, зар-зар жылап, бата 
береді… 
Сансызбай мен Жібектің кездесуі 
…Әлқисса, бұлар бірнеше күн жол жүріп, Жайыққа келеді. Ханның ауылын сұрап 
келе жатып, бір белге шықса, ханның ауылында жүрген атты адамның көптігіне есеп етіп 
бола алмастай. 
- Енді мұны көріп, мәнісін білейік, - деп бір қойшыға келіп: 
- Бұл жиылған аттылар кімдер? - деп сұрады. Қойшы айтты: 
- Ханымыз Сырлыбайдың Жібек деген қызы бар еді, өзі жиһаннан асқан сұлу еді, 
соның атағын есітіп қалмақтан Хорен деген хан шығып, іздеп келді, тоғыз мың 
әскерменен келіп, Жібекті маған беріңдер, бермесең, еліңді шабамын деп, соған 
ханымыздың халі келместей болған соң, қызын бермек болды… 
- Ол Жібекті күйеуге берген бе еді? - дейді. Қойшы айтты: 
- Төлеген деген жиһаннан асқан күйеуі бар еді, Қосабаның көлі деген жерде 
Бекежан қарақшы деген атып өлтіріпті, - дейді. Мұны есітіп, Сансызбай көз жасы атының 
жалына төгіліп, жылап жүріп кетті… 
…Қайтадан жүгіріп, Шегеге келіп, Жібектен бір жауап алып келгін деп, айтқан 
сөзі: 
- Айналайын Шеге аға,… 
Жалғыз-ақ арыз сөзім бар, 
Қыз Жібектей жеңгемнен 
Бір жауап әкеп бер, аға! 
Әлқисса, бұл Шегенің келген уақытында Жібектің айтып отырған сөзі екен. Шеге 
тыңдап тұра қалды. 


53 
- Әуелі бас қосқаным Жағалбайлы, 
Жылқысын көптігінен баға алмайды, 
Өлгені Төлегеннің рас болса, 
Құдайым Қыз Жібекті неге алмайды?… 
Әлқисса, сонда Шеге Жібектің тұсына келіп, өлең айтқан жігіттердей болып өлең 
айтады. Бұрын Жібекке ешкім өлең айтпайды екен, айтайын десе де батпайды екен, өзі 
қайғылы болып отырған соң… 
Әлқисса, бұлар сонда амандасты, 
Көңілі ғаріптердің судай тасты, 
Сансызбайды Шегемен құрмет етіп, 
Алдырып бір табақпен қойды асты. 
Ас ішкен соң аттарыңа мінгін, - дейді. 
Ізіңмен кейін қайта жүргін, - дейді. 
Мені алғалы кеп жатқан жау қалмақтың 
Екі тұлпар аты бар білгін, - дейді. 
Сол жолда мені тосып тұрғын, - дейді. 
Құдай оңдап тұлпардың мінсем бірін, 
Ертең түсте сол жерде көргін, - дейді… 
Қыз Жібек қалмақты алдап, атын алып, Сансызбай мен Шегеге еріп, кетіп қалады. 
Мұны біліп қойған Хорен арттарынан қуады… 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет