Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр


Қыз Жібек пен Төлегеннің алғашқы кездесуі



Pdf көрінісі
бет13/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,71 Mb.
#205537
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

 
Қыз Жібек пен Төлегеннің алғашқы кездесуі 
Әлқисса, Төлеген қасына келіп, алдына бір шықты, соңына бір шықты, Жібекті 
көре алмады, қараса, Қаршыға алыста қалыпты. Төлеген: 
- Ай, дүние-ай, мынаның мені кемсінгені бөтен жұрттығы ғой. Өз жұртымда маған 
да еш кісі тең келе алмаушы еді, - деп тұрғанда Қаршыға да жетіп келді. Сонда Қыз Жібек 
айтты: 
- Ендеше, лебізің бекерге қалмасын бір көрінейін, әбден көрініп тұрсам келіспес, 
бұған былай қылайын, - деп ойлады: қасында үш қызы бар екен, пәуескенің түймелерін 
ағыттырды да, жарқ еткізіп бір көрінді-дағы қайта жауып, жатып қалды. Сол бір 
көрінгендегі Қыз Жібектің сипаты мынадай: 
- Өзі он төрт жасында-ай. 
Кебісінің өкшесі 
Бұхардың гауһар тасындай. 
Ақ маңдайы жалтылдап, 
Танадай көзі жарқылдап, 
Алтын шашбау шашында. 
Қыз Жібектің шаштары - 
Қоғалы көлдің құрағы. 
Көз сипатын қарасаң, 


47 
Сегіз бейіш ішінде 
Хорлардың жаққан шырағы. 
Дүрі - гауһар сырғасын - 
Көтере алмай тұр құлағы. 
Қыз Жібектің ақтығы - 
Наурыздың ақша қарындай. 
Ақ бетінің қызылы - 
Ақ тауықтың қанындай. 
Екі беттің ажары - 
Жазғы түскен сағымдай. 
Білегінің шырайы - 
Айбалтаның сабындай. 
Оймақ ауыз, құмай көз, 
Іздеген ерге табылды-ай. 
Өткірлігін байқасаң, 
Үсталар соққан кетпендей, 
Нұр түқымын еккендей. 
Бір ауыз сөз сөйлескен, 
Мұратына жеткендей. 
Тірісі түгіл, Жібектің, 
Өлігіне адам қайырылып, 
Бетінен келіп өпкендей. 
Қыз Жібекті Төлеген, 
Ақылымен танып түр, 
Көз мейірі қанып түр, 
Бейіштен жанған шамшырақ, 
Көзі ойнап жанып түр. 
Белі нәзік талып тұр, 
Тартқан сымнан жіңішке, 
Үзіліп кетпей, нағып түр. 
Әлқисса, Төлеген ойлады, жиһанда бұл сипатты пенде көргенім жоқ еді, енді мұны 
алайын. Оған жай бір ауыз жауап айтып кетейін, бекер кеткенім жарамас деп ойлайды. 
Жамандауға бой сипатынан, байлығынан еш мін таба алмай, енді кесірлі екенсің деп, 
Төлеген мырза бір сөз айтады: 
- «Басыр, басыр, басыр-ау, 
Аққа құлпы жасыл-ау. 
Басыңды көтер, ей, Жібек, 
Төлеген келді қасыңа-ау! 
Қыз басыңмен алшаңдап, 
Бүйте берме, ей, Жібек, 
Жұртқа тиер кесірі-ау! 
Қыз Жібек мінген күймесін, 
Күймеге тағып түймесін, 
Бүйте берме, ей, Жібек, 


48 
Кесірің жұртқа тимесін!» 
Қыз Жібек сонда сөйлейді, 
Сөйлегенде бүй дейді: 
- «Олай болса, Төлеген, 
Мен жайымды айтайын… 
Менің қылған кесірім 
Саған кесір болса да, 
Өзіме майдай жағады. 
Жалғыз атты жолаушы, 
Жақындамай арман жүр, 
Үстімдегі кесірлер - 
Саған таман барады! 
Ат байлаған ақыр тас, 
Арқама біткен қолаң шаш. 
Қайдан келіп кез болдың, 
Қаңғырып өскен бір қу бас! 
Жалғыз атты жолаушы, 
Кесірім ұрып кетпесін, 
Қасыма келмей, аулақ қаш!» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет