Қарлыға қыз
Байлауда жатқан батырды
Қарлыға сүлу көреді.
Қобыландыны көргесін,
Нұры шарпып батырдың
Балқыды сұлу денесі.
Қобыландыдай батырға
Ғашық болып сұлуың
Жата алмады үйінде.
Тар көшені сағалап,
Көрінгенді саялап,
Қобыландыға келді жағалап.
39
Ай тумас жақтан Күн туды,
Бұл несі деп қараса,
Қара тамды ағартқан
Қарлыға қыздың сәулесі.
Қарлыға келіп сөйлейді:
«Байлауда жатқан қос батыр,
Есермісің, сермісің?
Бекер жатқан ермісің?
Қолыңды шешіп, қашырсам,
Еліңе барып мақтанып,
Қарлыға қыз қашырмай,
Өзім қаштым дермісің?
Далада жатқан жылқымды
Айдап қашқан ермісің?»
Қараман сонда сөйледі:
«Менің өзім нашармын,
Кілттің аузын ашармын.
Бұл бейнетті көргенше,
Шеш қолымды, Қарлыға,
Рұқсат берсең, қашармын».
Қобыланды сонда сөйледі:
«Өшті болған әкеңнен
Өшімді алмай кетпеймін…
Қош, Қараман, аман бол,
Қайтасың ба елдерге,
Бізден сәлем дегейсің,
Қараспан тауды жайлаған
Қалың қыпшақ елдерге!»
Әлқисса, Қобыланды бұл сөзді Қараманға айтып болғасын:
Қарлығадай сұлуың
Шықпас ойын білгесін…
Қараман мен Қарлыға
Лабақтың келіп алдына,
Қыл шылбырмен бұрау сап,
Бурыл аттың санына,
Құлындай қылып шыңғыртты
Жәбір қылып жанына.
Бурылдың дауысын есітіп,
Қобыландыдай батырың
Салды ойран тамына,
Тамды бұзып Қобыланды
Далаға шықты қабына.
Қобыланды батыр шыққан соң,
Өзінің енді хал-жайын
40
Батырға айтты Қарлыға:
«Дүниенің кеңдік, тарлығы
Басыма менің түсіп түр -
Ғашықтықтың зарлығы.
Сеніменен бірге өлсем,
Анамның айтқан өсиеті
Болады кәміл барлығы.
…Уағда байлап, қол беріп,
Тайбурылға мінгізді.
Қарлыға бұл сөзді айтқасын,
Енді атына мінеді,
Бадана көзді ақ сауыт
Денесіне киеді.
Беліне байлап болатты,
Қарына найза іледі,
Қараман мен екеуі
Көбіктінің көп жылқы
Және сүзіп жөнелді.
Құба белден өткенде,
Сары өзенге жеткенде,
Көбіктінің Тарлан ат
Әуеге қарап есінеп,
Ием бе деп кісінеп,
Жау екенін білгесін,
Сыртына құйрық салады,
Көк ат қашып барады…
Аңдып тұрған Қарлыға
Көбіктіге келіпті:
«Үйқыңды бұзба, атажан,
Мал иесі жануар
Жем жеймін деп келіпті».
Көбіктіні жатқызып…
Ақмоншақ атқа мінеді,
Беліне семсер іледі,
Қобыландының соңынан
Дөңгелетіп жөнелді…
Басын қосып үшеуі
Бір төбеге барады.
Қобыландыдай батырға
Қарлыға сұлу сөйлейді:
«Оған қылар амалы
Кіндігінің тұсында
Кем соғылған төрт көзі -
Жел соғарлық самалы.
Мерген болсаң, батырым,
41
Кіндікті байлап атпасаң,
Басыңа салар қараны».
Қараман естіп бұл сөзді
Тоқтамайды табаны.
Қарлыға менен Қараманды
Ілгері қарай жөнелтіп,
Жолын тосып Көбіктінің
Қобыланды тосып тұрады…
Достарыңызбен бөлісу: |