Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр


Қобыландының Сырлы қала мен Қырлы қаланы алғандағы ерлігі



Pdf көрінісі
бет7/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,71 Mb.
#205537
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

 
Қобыландының Сырлы қала мен Қырлы қаланы алғандағы ерлігі 
…Намаздыгер өткенде, 
Намаз ақшам жеткенде, 
Қазанның Сырлы қаласын 
Қобыланды батыр көреді. 
Бес ағаштың түбінде, 
Қазанның алған жылқыға 
Аңқытып келіп жолықты. 
Жылқыны қырға шығарып, 
Қазанның Сырлы қаласын 
Қайта айналып шабады. 


35 
Қазанның Сырлы қаласын 
Бұзып-жарып Қобылекең, 
Он екі күн дегенде 
Жалғыз жанды құтқармай 
Айдап шықты далаға. 
Сырлы қаланы алады, 
Адамын жөнге салады. 
Қасқарлық таудың басына, 
Бұлаңдаған Бурылмен 
Батыр Қобылан шығады, 
Құртқаның сөзін сынады. 
Жан-жаққа көзін салады, 
Батырдың көзі шалады, 
Қалың қият – көп қосын 
Он екі күн дегенде 
Олар да келіп қалады. 
Өзі жатқан Қазанның 
Қырлы дейтін қаласын 
Қырық мың қолды әскермен 
Алты қабат орының 
Сыртынан орап алады. 
Қараман атты батырың, 
Аламын деп ала алмай, 
Қарғытып ішке ене алмай, 
Үш күн тұрып сыртында 
Болдыра алмастай болған соң, 
Енді атына мінеді, 
Тауда жатқан батырға 
Қараман өзі келеді. 
…Қараман, Қобылан қосылып 
Қосынға келіп енеді. 
Ордың шығып басына, 
Қаланың келіп қасына, 
Қобыландыдай батырың… 
Бурыл атқа «шүу!» деді, 
Алты қабат орынан 
Жетінші қабат қалаға 
Қояндай ырғып жөнеді. 
Ортасына шаһардың 
Бурылы барып топ етті. 
Қалаға Қобылан кіргесін, 
Іркілмей кіріп кеткесін, 
Ене алмай қалды Қараман, 
Ордың сыртын айналып… 
Арыстан туған Қобыланды 


36 
Көп әскерге келді кез, 
Қырық мың атты қызылбас 
Қолына жасыл ту алған… 
Қара қасқа ат мінген, 
Алдынан шықты ер Қазан. 
…Жайықтың бойы қамыс-ты, 
Батырлар қылды намысты. 
Ырғай сапты сүңгімен 
Ырғай, ырғай салысты, 
Итерісіп тұрысты, 
Ат тізесін бүгісті, 
Бүге-бүге тұрысты. 
Тебінгіге тер қатып, 
Қақырғаны қан татып, 
Түкіргені жын татып, 
Қанжарменен қармасты, 
Семсерменен серместі. 
Қанжар қалды қайысып, 
Семсер қалды майысып. 
Екеуінің ақ сауыт 
Шығыршықтан сөгілді. 
Сол уақыттар болғанда, 
Артық туған Қобыланды 
Найзасын ырғап ендірді. 
Қазан аттан құлады, 
Көріп елі шулады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет