Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр



Pdf көрінісі
бет4/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,71 Mb.
#205537
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР 
Қобыланды батырдың дүниеге келуі 
Қарақыпшақ Қобыланды 
Атасы мұның Тоқтарбай, 
Халықтан асқан болды бай. 
Байлығында есеп жоқ, 
Айдалып бағып жайылды 
Төрт түлік малдың бәрі сай. 
Жаз жайлауы - Көздікөл, 
Көздікөлді жайлаған 
Қалың қыпшақ жағалай. 
Тоқтарбайдың дәулеті - 
Бай-кедейдің көңілі жай. 
Қыс қыстауы - Қараспан, 
Ат үйірінен адасқан. 
Қалың қыпшақ тізіліп, 
Қонса қоныс жарасқан. 
Әліп таңба қыпшақтың 
Атағы озған алаштан. 
Сексенге жасы келгенше, 
Бір бала көрмей Тоқтарбай, 
Қайғыменен қан жұтып, 
Ақылынан адасқан. 
…Әулиеге ат айтып, 
Қорасанға қой айтып, 
Қабыл болған тілегі, 
Жарылғандай жүрегі. 
Аналықтай бәйбіше, 
Қабырғасы майысқан. 
Елуге жасы келгенде, 
Көзім ашпай дүниеден, 
Өтемін бе дегенде, 
Сонда көрген арыстан: 
Бір ұл, бір қыз атадан, 
Қыздың аты - Қарлығаш, 
Қобыландыға қарындас. 
 
Қобыланды мен Құртқа қыз 
Естеміспен екеуі, 
Қонып жатса бір тауда, 
Намазшамнан өткенде, 
Құтпан мезгіл жеткенде, 
Құлағына батырдың 
Бір дауыс көп шулайды. 
«Арғы астында сол таудың, 


27 
Бұрқыраған бу шықты, 
Шуылдаған шу шықты. 
Бұл не қылған дауыс?» - деп, 
Естемістен сұрайды, 
Айтпасына қоймайды. 
Сонда Естеміс сөйлейді, 
Сөйлегенде бүй дейді: 
«Арғы астында бұл таудың, 
Қызылбастың елі бар, 
Жасыл байтақ жері бар, 
Айдынды шалқар көлі бар. 
Көктім Аймақ ханы бар, 
Неше мың сан жаны бар. 
Қанша жиған халқына, 
Көрсетіп тұрған сәні бар. 
Құртқа деген қызы бар, 
Жұртына жайған назы бар. 
Ай астында аспанға 
Құрды бақан қақтырып, 
Алтын теңге аттырып, 
Теңгені атып түсірген 
Құртқа сұлуды сол алар. 
Соның дауысы бұл дауыс, 
Көптен шыққан бұл хабар. 
Көңілің ауып, шырағым, 
Бұған болма ынтызар. 
Шарға салып басыңды, 
Бола көрме сен құмар». 
Қанша айтса да Естеміс, 
Барғысы келіп баланың, 
«Түсіремін атып, - деп, - 
Кәміл пірлер болса жар». 
Естеміс сонда сөйлейді: 
«Қой, шырағым, жассың ғой, 
Қабырғаң сенің қатқан жоқ, 
Омыртқаң өсіп жеткен жоқ, 
Жіберуге қорқамын, 
Тілімді алсаң рұқсат жоқ. 
Барғанменен келмес-ті, 
Баланы көзге ілмес-ті, 
Бағып жатқан Құртқаны 
Қырық бес кез Қызыл ер
Шырағым, теңдік бермес-ті». 
«Батаңды бер, көке, - деп, 
Алды-артын орады. - 


28 
Жад қыламын Естеке, 
Жеті кәміл бабаны». 
Барғысы келіп батырдың 
Тоқтамайды табаны. 
Естемістей еріңнің 
Таусылғасын амалы. 
Батасын беріп, қол жайып, 
Жад қылады Құданы. 
Үстіне сауыт кигізді. 
Жанына байлап болатты, 
Беліне садақ ілгізді. 
Тапсырдым деп Жалғызға 
Амандасып жүргізді. 
…Қобыландыдай төрені 
Қазақтың ері келді деп, 
Көктім Аймақ патшасы 
Кезекті бұған береді. 
Кәміл пірлер жебеді, 
Қолына алып толғанып, 
Қозыжауырын жебені. 
Ат үстінен шіреніп, 
Сонда тұрып тартады, 
Кәміл пірлер сенгені. 
Құрулы бақан басында 
Екі бөліп үшырды 
Ай астында теңгені. 
Құртқа көріп батырды, 
Шашу шашып басына, 
Бұралып келіп қасына. 
Нұрына тойып төнгені, 
Көзі көрмей өңгені. 
«Іздеген теңім келді» деп, 
Патшаға салып жеңгені. 
Айтқан серттен қайта алмай, 
Отыз күн ұдай ойын қып, 
Қырық күн ұдай тойын қып, 
Көктім Аймақ атасы 
Қыз Құртқаны бергені. 
…Алтынмен ішін безеген, 
Сырты күміс ақ отау 
Келістіріп түзеген, 
Арттыруға сайланды. 
Қырық түйе қазына, 
Қырық құл мен қырық күң 
Қосып берді қызына. 


29 
Ел-жұртымен қоштасқан 
Құртқа сынды-ай сұлудың 
Жұрт таңғалды назына 
Сөйлеген сөзі базына. 
Көктім Аймақ көрісіп, 
…Атасымен қоштасып, 
Құртқаны алып ұзатып, 
Елге қарай жөнелді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет