Байбөрі баласы Бамсы-Байрақ туралы жыр


Қобыландының Көбіктіні жеңуі



Pdf көрінісі
бет10/27
Дата02.10.2024
өлшемі0,71 Mb.
#205537
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27
Байланысты:
Әдебиет шығармалары. Қыркүйек (1)

 
Қобыландының Көбіктіні жеңуі 
Ертең Шолпан батқанда, 
Қызарып таң атқанда, 
Тау суындай сарқырап, 
Ақ сауыты жарқырап, 
Қобыландының тұсынан 
Көбікті өтіп барады. 
Көбіктіні көрген соң, 
Көтеріліп Қобыланды 
Айғай салып ақырды, 
«Кел, бері!» - деп шақырды… 
Қорамсаққа қол салды, 
Қалмақы ердің қасы деп, 
Нақ кіндіктің басы деп, 
Қыз айтқан жердің тұсы деп, 
Өлер жерің осы деп, 
Қобыланды тартты бір оқты… 
Бір де болса, ірі оқты. 
Жанына азап берілді, 
Азап емей, немене? 
Көбіктінің бөксесі 
Кеудесінен бөлінді. 
Атта қалып бөксесі, 
Оқпен ұшып кеудесі, 
Қобыландыдай батырдың 
Қабыл болды тәубесі… 
Тізе қосып үшеуі 
Көбіктінің көп жылқы 
Гулетіп айдап жөнелді… 
 
Елін жаудан азат еткен ерлер 
Таң атқасын төрт көкжал 
Алшағырдың1 шаһарына, 
Қала аузына келеді. 
Шаһарға жақын келгенде 
Ақсұңқар құстай шүйіліп, 


42 
Қабағы тастай түйіліп, 
Арыстан туған Қобыланды 
Күн шығуға қарамай 
Ат қоюға ойланды. 
Ата-анасы, ел-жұрты, 
Асыра қыпшақ баласы 
Жатқаннан соң байлауда, 
Қақпаның келіп аузына 
Батыр Қобылан ақырды, 
«Алшағыр!» - деп шақырды. 
«Ау, Алшағыр, Алшағыр! 
Сөзіме құлақ сал, Шағыр! 
Менің атым - Қобыланды, 
Әуелі өзің алмай шық, 
Арманда қапы қалмай шық! 
Қара қасқа атың міне шық, 
Оқ өтпес тоның кие шық, 
Қарыңа сүңгі іле шық». 
Хан болғалы Алшағыр 
Асып жүрген айласы 
Мұсылманнан қанша ердің 
Басын жойған ер еді, 
Қобыландының дауысы 
Құлағына келеді… 
Шыдай алмай Алшағыр 
Алтын тұрман ер салып, 
Енді атына мінеді. 
…Сол уақыттар болғанда 
Қобылекең келді бұл жақтан 
Тайбурыл атты ойнатып. 
Бермейміз деп намысты, 
Екі батыр екпінмен 
Жақындасып қалысты. 
Өшігіп жүрген батырлар 
Бір ауыз сөзге келмей-ақ, 
Еменнен найза салысты, 
Біріне-бірі ұмтылып, 
Он саусағы қарысты. 
Қанжарменен қармасты, 
Семсерменен серместі. 
От шығады ұртынан, 
Үмітін үзді Алшағыр 
Шаһары, байтақ жұртынан. 
Қобыландыдай батырың 
Найзасын ырғап ендірді. 


43 
Алшағырдай дұшпанын 
Ат сауырына міндірді… 
…Тоқтар басы көп қыпшақ 
Келіп қонды баяғы 
Алшағыр шауып зарлатып, 
Бөлініп көшкен жеріне… 
Артық туған Қобыланның 
Ісі келді жөніне, 
Келмеді дүшпан шеніне, 
Қалмақтан алған көп олжа 
Әділдікпен батырың 
Жиып алып көп халқын, 
Бөліп берді еліне, 
Риза болды бәрі де 
Қобыланды сынды еріне… 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет