ҚЫЗ ЖІБЕК ЖЫРЫ
Кіріспе
Әлқисса, төменгі Мекке жолында жеті тылсым дария бар еді, осы дария һәммасы
Қара теңізге құяды екен. Осы теңіз жағасында Жүз Жағалбайлы деген ел бар екен. Сол
елде Базарбай деген бір бай бар екен. Базарбай сексенге келгенде, оның кіші қатыны
қырық төртке келгенде бір ұл тауыпты, басқа қатындарынан еш бала жоқ, оның атын
Төлеген қойды. Оның артынан тоғызыншы жылда бір ұл туды, оның атын Сансызбай
қойды. Екеуіне де Базарбай қалың2 бермеді, тірі болса, өздері бір қыз алар, патшаның
қызын алса да, мал жетеді деп. Сол уақытта Төлеген 12 жасқа келді, ешкімнің қызын
жақтырмады, 16 жасқа келді, сонда бұл елге бір саудагер кеп сұрады: бұл Базарбай екі
ұлына неге қалыңдық айттырмаған деп, соның жайын әркімнен сұрап біліп, бір күні
Төлегенге айтады:
- Қыз жақтырмай жүрген болсаң, мен саған қызы жағатын елді айтайын. Алты арыс
Шекті деген ел бар. Ақжайық деген өзеннің бойында болады. Сіз соған барыңыз.
Шектіден бір қыз тауып қайтасыз, - деді.
Төлеген айтты:
- Қанша күнде барамын? - деп. Саудагер айтты:
- Жүз күнде барасың, - деді, - және жетпіс бес күндік бір жолы бар, оның қырық
күншілік шөлі бар, онымен жүре алмайсың, - деді.
Онда Төлеген тұлпардан туған бір көк жорға атты алдырып, алтын-күміс түрман
жасатып, гауһардан тастар орнаттырып, қасына сексен жігіт жолдас алып, қырық нарға
азық арттырып, тоғыз түйеге ділдә, жамбы артып, Наурыз айы туғанда жүрді дейді.
Төлегеннің жар іздеуге аттануы
Базарбайдың Төлеген
Ерте туған көбеген.
Сексен жігіт қосшы алып,
Он бес жігіт басшы алып,
44
Ақжайыққа жөнеген…
Айдың өткен нешесі,
Ай қараңғы кешесі,
Падишадан кем емес,
Ер Төлеген келбеті…
Әулиеге ат айтып,
Қорасанға қой айтып,
Артынан қуып келіпті,
Өлгенде көрген шешесі.
Шешесі келіп сөйлейді,
Сөйлегенде не дейді:
- «Мінгенің аттың аласы,
Менен туған баласың.
Қал дегенде қаласың,
Айтқан тілді аласың!
Қал дегенде қалмасаң,
Айтқан тілді алмасаң,
Құрттың анаң шарасын!
Сансызбай болса жас еді,
Жүреміз кімге алданып?»
Төлеген сонда сөйлейді:
- «Мінген атым ала-ды,
Сенен туған баламын.
Көңіліме түсіп бір қиял,
Сапар шегіп барамын.
Алла нәсіп айдаса -
Бір сұлу қызды аламын.
Алла нәсіп етпесе,
Ендігі сөздің қысқасы,
Мекке таман барамын».
Әлқисса, сонда анасы бұл балам қайтпайын деп талап қылған екен, енді бұған
ризалық батамды беріп жіберейін деп ойлайды:
- Анасы ғаріп жылайды,
Жылайды да толғайды,
Қой десе де баласы,
Оған да сірә болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |