Жаксымбетова Жанна Манатовна
Ана-өмірдің гүлі
Мақсаты: Ананы құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу. Ананың мейірімділігіне баулу.
Кіріспе сөз:
Балалар бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Ана –өмірдің гүлі». Расында да, адамның әдептілігі мен жан дүниенің сұлулығы, ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегіні жылуынан басталады. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ананың нәзік үні,жұмсақ та аялы алақаны, жан жылуымен аялауы бізді әлдилеп жұбатады, көңілімізді сергітеді. Қайран ана өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір-қырсық болса да-бәрібір шексіз сүйеді. Баласы үшін анасы бармайтын құрбандық бар ма? Ана болу-бүкіл өміріңе кететін ұлы рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ол өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін сарқа жұмсайды, бұдан оның жаны бай, нәрлене түседі.Әрине, аңаның да анасы бар. Халық: «Туған –ана емес, асырап, өсіріп, тәрбиелеген-ана», - дейді.
Баланың анаға деген жай махаббаты жеткіліксіз, оны барынша құрметтеп,сыйлау парыз. Әрине, мұндай қасиет іштен тумайды. Оны біртіндеп қалыптастыратын да ананың өзі,үйдегі басқа ересектер аға-іні, апа қарындас, ағайын,туыс, ата және т.б.Осы мәселеде аналардың өзгере де кейде қате жіберіп қояды. Мұның себептері де сан алуан. Мәселен,баланың жайын табам деп, «буынсыз жерге пышақ салып», жанын қинап, әр түрлі машақатқа түсетін аналар да жоқ емес.Балалар да аналарының бастан кешірген қайғы қасіретін жете түсіне бермейді, анаға деген құрмет, оған деген шексіз махаббат табиғи түрде қалыптасып, ыстық сезімге айналуға тиіс.Өйткені, адамгершілік қасиет адамда алдымен жүрекке, сезімге соқпай кетпейді.
Аналарды сүйеміз,
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.
Әлпештеген баласын,
Ана-бақыт,ана-күн.
Әркім сүйіп өзінің
Мақтан етер анасын!
Ерлік еңбек атқарған,
Еңбегімен мақталған,
Ел сенімін ақтаған,
Айналайын, ақ анам!
Бізді өсіріп баптаған,
Жақсы болсақ шаттанған,
«Алтыным» деп мақтаған,
Айналайын,ақ анам!
-Аналар мейрамы-адамзат мейрамы.Тарихқа көз жіберсек, 1910 жылы Копенгагенде социалист әйелдердің халықаралық 2-ші конференциясында Клара Цеткин халықаралық әйелдер күнін атап өтуді мәселе етіп көтерді.Содан кейін де, яғни 1911 жылы Германияда , Австрияда және Данияда, ал біздің елімізде 1913 жылы Петербургте аталып өтті.
Айдана: Ананың берген тағылымымен ешқандай бақ-дәулетке хан қаһары да, батырдың айбары да теңесе алмайды.Осындай құдіретті паш ететін ұлылардың сөз кестесіне назар аударайық
Абай Құнанбаев: «Әйел сұлу болмайды көркіменен,
Мінезіне көз жетпей, көңіл бөлме».
К.Д:Ушинский «Әйелдің өз перзентін үйретіп, өсіруге ұмтылуы қанында бар және оған мұнымен бірге осыған сай қабілеті бар».
В.А. Сухамлинский: «Әйел затының ерлігі мен қажырлылығы ер азаматқа бекзаттық, сұлулық, ақ ниеттілік, адалдық қасиеттерін бітіретініне мен мың сан мәрте көз жеткіздім».
В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы-ананның алақаны, сондықтан да ол сәби үшін ең жылы ұя».
Мәнерлеп оқу сәті /оқушылардың аналарына арнап шығарған өлеңдерін тыңдау/
Мақал-мәтелдердер жалғастыр
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Ананың сүті-бал,
Баланың тілі-бал.
Шығармашылық жұмыс
1. «Менің анам» суреттер көрмесі
2.«Ана» деген сөзге оқушылар өз асоциацияларын жазу керек.
3. “Білімді мыңды жығар, білекті бірді жығар”
(тақтаға гүл жапсырып, күлтелердің артына тапсырмалар жазып, соларға жауап алу керек.)
№1.Алғаш көктемде бүр жарып шығатын қандай гүл? (бәйшешек)
№2.Қалтасы бар жануар, ол қай жерде мекендейді? (кенгуру.Австралия)
№3.Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
№4.Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
№5.Көкөністен дайындалған салқын тағам. (салат)
№6.Тамақтан соң ауыз сүртуге арналған орамал. (салфетка)
№7.Сумоншақтың орысша атауы (бисер)
№8.Нанның кептірілген бөліктері (сухари)
№9.Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын, тігін машинасы)
№10.Қыздың бұрымы дегеніміз не? (өрілген шаш)
№11.Тістегі пломбаны тартып шығыратын кәмпит (ирис)
№12.Жұма сайын пісірілуге тиіс мұсылман наны? (шелпек)
4. «Анаға тілек». Кұмыраны тіктер гүлдерімен толтыру.
5. «Менің анам ең......» қадамдар санау.
Мұғалім:
«Ананың ақ сүтін ақтау» деген тамаша бір сөз бар. Біз осы сөзді қалай жүзеге асырып жүрміз, осыны мықтап ойланайықшы! Анасын ренжіткен адам, өзі сүйген жарын ұнатуы мүмкін бе? Анаға құрмет өмір бақи терең де, шексіз болуы керек.
Ана сыйламаған тас жүрек өмірде ешкімнен сый көрмейді, өзінің қаныпезерлігінен өмірде қатты соққы көреді.
Осымен тәрбие сағатымызды аяқтай келе,адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі сөз-АНА деп білеміз!!
Жаксымбетова Жанна Манатовна
«Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойын
Мақсаты: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, өзінің жауапкершілігін сезіне білуіне және өз бетінше жұмыс істеуге жұмылдыру, Жан-жақты ойлауын, ізденуін, есте сақтау қабілетін, дүниетанымын арттыру.
«Жұлдызды сәт» атты интеллектуалды ойынымызды бастаймыз.
Ал, қанекей, келіндер,
Бір-біріңе еріңдер.
Біліміңді тексеріп,
Ойынға қатысып көріңдер - дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін. Ойынға қатысу үшін қойылған сұрақтарға жауап беру қажет. Ойынға 6 ойыншы қатысады.
1. Қазақстан астанасы қай қала? (Астана)
2. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым? (Президент)
3. Кеңес Одағында алғаш ғарышқа ұшқан кім? (Юрий Гагарин)
4. Қазақтың атақты күрес шебері (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
5. 1- маусым қандай мереке? (Балаларды қорғау күні)
6. ССРО- Германия соғысына қатысқан шығыстың қос шынары ( Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
І.Тіл - өнер
Мақалдың жалғасын табу керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай беріледі.
1. Ең тәтті де тіл,… (ең ащы да тіл)
2. Оқу- білім бұлағы, … (білім- өмір шырағы)
3. Өнер алды… (қызыл тіл)
4. Ашу-дұшпан, … (ақыл-дос)
5. Тіл қылыштан … (да өткір)
6. Отан … (оттан да ыстық)
7. Шебердің қолы ортақ,… (шешеннің тілі ортақ)
8. Отансыз адам- … (ормансыз бұлбұл)
9. Ер жігіт елі үшін туады, … ( елі үшін өледі)
10. Мектеп- кеме, … (білім-теңіз)
11. Жақсы жолдас жанға серңк, … (жаман жолдас малға серік)
12. Қыз елдің көркі,… (гүл жердің көркі)
ІІ.Бәрін білгім келеді
Бұл бөлімде үш ұяшық берілген: пәндер және тақырыптар. Ұяшықты таңдау екі топтың өз еркінде. Ойынды ұпайы төмен топ бастайды.
«Грамматикалық ереже»
20 ұпай. Адамдардың есімдері қандай әріппен жазылады?
30 ұпай. Заттың атын білдіретін сөз табы?
40 ұпай. Қарама-қарсы мағынаны білдіретін сөздер
«Телехабарлар»
20 ұпай. Тек қазақ тіліндегі телеарна
30 ұпай. Балалар ән- би байқауы.
40 ұпай. Жұлдыздар ән байқауы.
Қазақ тілі
20. Түбір дегеніміз не?
30. Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата
40.Көмекші сөзді сөз құрамына талда
Әдебиет
20. Қазақ ауыз әдебиетінің түрлері.
30. «Ұшқан ұя» шығарманың авторы?
40. 12 жыл атауларын ата.
Математика
20.19 бен 7 сандарының қосындысы нешеге тең?
30. 1 тәулікте неше сағат?
40. Түлкі әрбір 6 секундта 4 рет секіреді. Ол 10 рет секіру үшін қанша секунд кетеді?
«Ұлы адамдар»
20 ұпай. Ұлы жүздің биі
30 ұпай. Қазақтың саяхатшысы, ғалымы.
40 ұпай. Абайдың шын аты
ІІІ.Мықты болсаң, тауып көр
Берілген жұмбақты шешіп, жауабын қазақ, орыс, ағылшын тіліне аудару керек.
1.Үй үстінде алтын тас,
Алайын десе табылмас. (жұлдыз; звезда; star [ста])
2.Тұмсығымен қозғалар,
Артында аппақ із қалар. (бор; мел; chalk [чок])
3.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (кітап; книга; book [бук])
4.Білімді мыңды жығады,
Білекті … жығады. (бір; один; one [уан])
5.Сырты тәтті, іші тәтті,
Ортасы сүйек қатты. (алма; яблоко; apple [эпл])
6.Жылт-жылт етеді,
Жылғадан өтеді. (су; вода; water [уата])
ІҮ.Табиғатты танып біл. Дүниетану пәнінен сұрақтар беріледі
1. Табиғаттың жансыз денелеріне нелер жатады?(күн, ауа, су, тас, тау, құм, саз)
2. Табиғаттың жанды денелерін ата?
(Өсімдіктер, жануарлар, адамдар табң жанды денелері)
3. Табиғат құбылыстары деген не?
(Табта болып тұратын өзгерістерді таб. құб. д. аты.)
4. Ауа райын қалай түсінесің?
Суық, жылы, жел бұлттылық, ашық, ала бұлтты, жауын - шашын тб 5. Көкжиек тұстары қалай ажыратылады?(Көкж - ң негізгі 4 тұсы аж - ды. Олар: Оңтүстік. Солтүстік. Батыс. Шығыс
6. Бақшада нелер өседі?
(картоп, сәбіз, орамжапырақ, пияз т. б. өседі) олар көкіністер.
7. Аңдарды ата?
(қасқыр, түлкі, қоян, арыстан, жолбарыс т. б.
8. Құстарды ата?
(қарлығаш, көкек, сауысқан, көгершін, торғай)
9. Өсімдіктер өсуіне не қажет?
(топырақ, су, жылу, ауа, күн көзі қажет)
10. Жабайы аңдарды қалай атайды?
11. Үй жануарларына нелер жатады?
12. Туған күн деп нені айтамыз?
Қорытынды.
Білімнің мініп алып тұлпарына,
Қиналмай шықты білім шыңдарына.
Бүгінгі сайысымыз аяқталды,
Жаксымбетова Жанна Манатовна
«Табиғатқа саяхат» танымдық сайыс
Мақсаты: Табиғат және құстар, жануарлар туралы білімдерін тексеру.
Табиғатқа деген танымдық қабілеттерін, логикалық пен есте сақтау
қабілеттерін дамыту. Дүниетану пәніне қызығушылықтарын
арттыру.
Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Сынып:1-4
Түрі: сайыс
Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, интербелсенді тақта
Барысы
І. Кіріспе сөз:
«Білем» деме, балам!
Білмейтінің көп шығар.
Бәрін білген адам,
Дүниеде жоқ шығар.
Көп білуге ұмтылған,
Көз жұмғанша оқиды.
Көз жұмғанша оқыған
Көп нәрсені тоқиды.
(Өтебай Тұрманжанов)
-Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді ойыншылар! «Білімнің негізі-бастауышта» атты бастауыш сыныптар апталығында өткелі тұрған «Табиғатқа саяхат» ең ақылды балақай ойынына қош келдіңіздер! Бүгінгі сайыс 1-4-ші сынып оқушылар арасында өтеді. Ойын - сайысына 4 үміткер іріктеліп алынды. Олар өз білімдерін көрсету арқылы финалға шығып, ең ақылды оқушы атағын алу үшін бақ сынаспақ.
Жоғарғы орыннан үміткер ойыншыларымызбен танысайық:
1 сынып оқушысы Солдат Меруерт
2 сынып оқушысы Елубай Аяжан
3 сынып оқушысы Бериков Диас
4 сынып оқушысы Ахметжан Аида
-Алдарында тұрған кестеге назар аударындар. Кесте 5 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің ұпай сандары көрсетілген. Бөлім мен сұрақ тандалғаннан кейін , жауап берсен ұпайды өзіне аласын. Ойын аяғында ұпай саналады да жеңімпаз анықталады. Ұпай санын санайтын әділқазы-алқасымен таныс болайық:
..................................................................................
ІІ.Ойынды бастайық.
Су
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
Жануарлар
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
Құстар
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
Өсімдіктер
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
Әр түрлі
|
10
|
20
|
30
|
40
|
50
|
Су
Суды қайдан алуға болады? 10
Жауабы: құдық, көл, бұлақ, өзен, теңіз, көл
Көлде мұз жүрген кезде мұз неге батпайды? 10
Судың 3 күйін ата: 20
Жауабы:қатты, сұйық, бу
Қар мен мұздың температурасы 0°С жоғары болуы мүмкін бе? 20
Тырсылдап түседі, 30
Жер бетіне жетеді.
Жер бетіне түскен соң
Ғайып болып кетеді
Жауабы: бұршақ
Жыл бойы қыс болатын жер? 40
Жауабы: Антарктида
Көлдің көркі құрақ, 50
Таудың көркі / бұлақ/
Халық арасында бұлақты қалай атайды? 50
Жануарлар
1-2 сынып
Үй жануарлары және төлдерін ата 10
Жауабы: жылқы-құлын, сиыр-бұзау, қой-қозы, ешкі-лақ, түйе-бота
3-4 сынып
Асты тас, 10
Үсті тас,
Ортасында жанды бас.
Жауабы:тасбақа
Тікірейіп құлағы 20
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті-қолын жуады.
Жауабы: мысық
Бақытты сәт 30
1-2 сынып
Қай жануардан жылдан құр қалды? 40
3-4 сынып
Неге сиыр мен қасқыр сүтқоректі жануарлар? 40
Жауабы: өз төлдерін емізіп, сүтпен қоректендіреді
Бұл жануар орман тазалықшысы.Ол көбінесе ауру,әлсізденген 50
жануарлармен қоректенеді.Сонымен аурулардың өрмеуін
тыйса,бірақ көп зиян да келтіреді.
Жауабы :қасқыр
Құстар
Қай құс машинамен жарыса алады? 10
Жауабы:түйеқұс
1-2 сынып:
Күндіз соқыр не деген? 20
Түнде қалай көреген? /үкі/
3-4 сынып:
Айналасын бақылап,көргендерін тақылдап,шақ-шақ етіп 20
шақылдап, хабарлайтын қай құс?
Жауабы: сауысқан
1-2 сынып
Тал басында бір үй бар /Ұя/ 30
3-4 сынып
Көк жүзiнде жылжып жай, 30
Керуен құрған тiзiлiп,
Iлгек-iлгек шынжырдай,
Қалмайды олар үзiлiп?
Жауабы:/тырналар/
1-2 сынып:
Құстардың жылы жаққа кету себебі неде? 40
Жауабы:(Күн суытып ,құрт –құмырысқа тығылып қалады,тамағын табу қиын болғандықтан)
3-4 сынып:
Тұмсығы қапшыққа ұқсайды,барлық тамақтарды сол қапшықтан 40
алып қоректенеді.Бұл қай құс?
Жүзе алатын, бірақ ұша алмайтын жалғыз құс 50
Өсімдіктер
1-2 сынып
Көктемнің алғашқы гүлі
Жауабы: бәйшешек 10
3-4 сынып
Өсімдік топтарын ата 10
/шөп, бұта, ағаш/
1-2 сынып
Өсірдім ұлпа қар, 20
Шешуін кім табар? (Мақта)
3-4 сынып
Қызанақ, қияр, қарбыз-неше жылдық өсімдіктер? 20
1-2 сынып
Жасыл ине киімім, 30
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің.
(Шырша)
3-4 сынып
Орман түрлерін ата 30
/жапырақты, қылқанды, аралас/
1-2 сынып
Өсімдік мүшелерін ата 40
Жауабы:Жапырақ, дің, сабақ, бұта, тамыр
3-4 сынып
Жабайы өсімдіктер мен мәдени өсімдіктердің айырмашылығы 40
неде?
1-2 сынып
Қ әрпінен басталатын 3 көкөніс ата 50
Жауабы:қызылша, қияр, қызанақ
3-4 сынып
Бұл өсімдіктің дәмі ащы,түрі көз тартарлық емес,қолға алсаң иісі 50 сақталады.Қазақ халқы оны «Майқара»деп атап,дәрі-дәрмек жасайды.
Жауабы:жусан
Әртүрлі
Бiрақ сөз бiледi, 10
Өз аты онысы.
Соны айтып жүредi.
Және жоқ қонысы.
Жауабы: көкек
Қоңызда неше қанат бар? 20
Жауабы: 4 қанат
Қай жануар мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады ? 30
Жауабы: қоян
Тұрмыс заттарын салып қоюға арналған оюлы киіз қалталар 40
/ыдыс қап/
Әлемдегі ең улы жылан 50
Жауабы:кобра
Сайыстың соңында қорытындысы шығарылып, жеңімпаз анықталады.
Жаксымбетова Жанна Манатовна
«Желтоқсан ақиқаты»
Мақсаты: Оқушылардың ойында елжандылық сезімін қалыптастыра отырып, туған елі мен жеріне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарауға тәрбиелеу.
І.Әнұран орындалады.
ІІ. Әңгімелеу:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің-дей келе, 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күніне арналған «Желтоқсан ақиқаты» атты тәрбие сағатымызды бастайық.
- Балалар, біздің тәуелсіздік алғанымызға неше жыл толып отыр?
- 24 жыл толып отыр.
- Желтоқсан оқиғасына неше жыл толып отыр?
- 29 жыл.
- Тәуелсіз мемлекет ретінде біздің қандай рәміздеріміз бар?
- Туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар.
- Біздің президентіміз кім ?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- Мемлекеттік тіліміз қай тіл ?
- Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі.
- Балалар, біз осы тәуелсіздікке оңайлықпен қол жеткізген жоқпыз.Оның бір көрінісі желтоқсан оқиғасы.
Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен, алға қойған мақсат-мұратымен, тіпті жіберілген кемшіліктерімен де әрбір адамның есінде мәңгі сақталады.
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.Бүкіл бір ұлттың сүйегіне таңба түсіріп, әділетсіз шешім қабылданып, халықтың ар-намысы таразыға салынған сын сағатта дүлей күшке қаймықпай қарсы шыққан жастардың ерен еңбегі ұрпақтан-ұрпаққа үлгі.
Осыдан 29 жыл бұрын, яғни 1986 жылы Алматының бас алаңына жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан.Енді міне, осы желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Бұл желтоқсан көтерілісіне қазақ ел аузында жүрген, тарихта аты қалған Қ.Рысқұлбеков, Л.Асанова, С.Мұхаметжанова, Е.Сыпатаев апаларымыз бен ағаларымыз қатысты.
Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың,
Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.
Қайрат, Ләззат пен Сәбира
Құрбаны болған жаланың.
«Нашақор» деп «ұлтшыл» деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Базары кетіп бір күнде,
Қайғыға халық батқан күн.
Сәбираның оқу орнында ата-анасын шақырып үлкен жиналыс өткізеді. Ұзақ кінәлап, жала жауып «Қызыңыз тентекгенсіз» деген ұстаздарының сөзі жанына аяздай батты Ақ самайлы анасын аяды.
Күтпеген жерден: «Бәріне кінәлі мен, жазалаңдар мені. Оларды оқу орнынан қумаңдар! Шеруді де мен ұйымдастырдым. Бәріне мен жауап беремін» ,- деп кесіп айтқан сөзінен жиналғандар сілтідей тынды. Сәбира жиналысты тастай, сыртқа қарай жүгіре жөнелді.
Сол бойымен намысшыл қыз жатақханасының бесінші қабатынан секіріп кетті. Оның өмірі ерте үзілді. Семсердей өткір айтқан сөздері ол оқыған оқу орнынан бірде бір қазақ қызын қудалатпай, оқуынан қудырмай, жала жапқызбай сақтап қалды.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның
Айналайын, айналайын жас өркені халқымның!
Міне, өмірден тағы бір қыршын жас қызғалдақ осылай кеткен еді.Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановаға өзін-өзі өлтірді деген өтірік жала жабылған еді. Тексере келе Ләззаттың алаңда болғаны анықталады.
Желтоқсан жұлдыздары Қайрат Рысқұлбековке «Халық қаhарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира, Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.
Желтоқсан оқиғасы Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова тәрізді батырларымыздың бар екенін дәлелдеп берді.
Ендеше , сол желтоқсан құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алайық
Арада төрт жыл өткен соң 1990 17-желтоқсанда сол алаңға ескерткіш тақта қойылды.
Видеоролик көрсету: «Желтоқсан желі»
ІІІ.Тарихқа көз жүгірту:
1993 жыл 15 қарашада Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы -Теңге айналымға енді.
· 1994 жылы екінші қазақ ғарышкері Талғат Мұсабаев Союз ТМ6 ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты.
· 1995 жыл 30 - тамызда жаңа Ата Заңымыз бір ауыздан қабылданды.
· 1996 жыл 30 - қаңтарда Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясы өтті.
· 1997 жылы Тіл туралы Заң қабылданды.Еліміздің ата Заңының 7 бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі - қазақ тілі” деп көрсетілген.
· 1998 жыл 10-маусымда жаңа астананың ресми тұсаукесері болды.
ІҮ. «Кім көп біледі?» викториналық сұрақтар
16 желтоқсан қай күн? /Тәуелсіздік күні/
Мемлекетіміздің астанасы қай қала? /Астана/
Тудың авторы кім? /Ш.Ниязбеков/
Елтаңбаның авторы кім? /Ж.Мәлібеков, Ш. Уалиханов/
Әнұранның авторлары кім? /Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев, Ш.Қалдаяқов/
«Желтоқсан оқиғасына» кімдер қатысты? / Қарат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Сәбира Мұхаметжанова, Ләззат Асанова /
Қазақстан Республикасының түңғыш президенті кім? /Н.Назарбаев/
Тұңғыш президент күнін қашан тойлаймыз? /1 желтоқсан/
Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? /Т.Әубакиров/
Бұл суретте көрсетілген қай оқиғаның көрнісі? /Желтоқсан оқиғасы/
Ү. «Бұл қай ғимарат» ойын
-Бейбітшілік және келісім сарайы /пирамида/
-Байтерек
-Ақ мешіт
ҮІ. Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айт
Отан үшін отқа түс - күймейсің
Отан отттан да ыстық
Отан отбасынан басталады
Отансыз адам – ормансыз бұлбұл
Отанын сүйген: отқа жанбайды, суға батпайды
Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.
Ел іші – алтын бесік
Отан үшін күрес — ерге тиген үлес
Қорытынды:"Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса,азаматтық намысың болса,қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында
жан теріңді сығып жүріп еңбек ет.Жердің де, елдің иесі өзің
екеніңді ұмытпа!"
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы
Ән « Қазақстанның көк т
Жаксымбетова Жанна Манатовна
«Ел ертеңі-бүгінгі жас ұландар»
Мақсаты: Оқушыларға сарбаздар, Отан қорғаушылар жайында әңгімелеп беру. Дүниетанымдарын кеңейту. Ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыстануға баулу.Әр оқушының жетістігін көре білу, өнерлі, ақылды, білімді, ұйымшыл болуға баулу.
Көрнекілігі: суреттер, нақыл сөздер ,сынып бөлмесін мерекеге сай безендіру.
Барысы: І Ұйымдастыру.
ІІ.Кіріспе.
7-мамыр –ҚР Қарулы күштерінің Отанды қорғау күні.
Құрлықтағы әскери топтар;
Әскери әуе күштері;
Әскери теңіз флоты;
Ұлан тобы.
Қарулы Күштердің Бас Қолбасшысы –Н.Ә.Назарбаев.
Б.Момышұлы: «Әрбір азамат өз ұлтын сүюі тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі
мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды да сүйе білуге тиіс.»
М.Жұмабаев: « Елге ер қымбат, елге ердің адал жүрегі қымбат».
Анаң- күнің, жүрегің
Ағаң-қамқор,асқарың
Әкең-өмір,тірегің
Інің-мөлдір,аспаның
Сен- бақытты ұлансың
Бәрі саған қуансын!
Әжең-асыл ардағың
Қарындасың- қанатың
Атаң- дана қорғаның
Ел отаның -жаннатың
Сен- бақытты ұлансың
Сайысқа қош келдіңіз, бәріңіз де,
Дос, тума, ұстаз, ата-ана, кәріңіз де.
Елімнің жас ұланы алдыңызда
Тамашалап қол соғып көріңіздер!
Сайысқа қатысатын ұлдарымызды көшеметтейік! Бүгін сынып сұлтаның анықтаймыз.
Сайыс кезеңдері:
1.Таныстыру.
2. Күш-білімде... (Сұрақтар)
3. Ойын: «Кім тапқыр?»
4.Мақал-мәтел сайысы
5 Күштілер сайысы
Сайысты бастамас бұрын оқушылардың дайындап келген өлеңдерін тыңдайық.
Енді ортаға сымбатты, өнерлі, ақылды, білімді жас ұландарымызды шақырайық. Қарсы алыңыздар!
І. Таныстыру.Сәлемдесу.
Сәлемдесу – игі дәстүр киелі,
Сөзбен қарап, кейде шешер шиені.
Жақсы сөзге жан семірер қашанда
Жолданады сайыскерлер сәлемі.
ІІ. 2. Күш-білімде... (Сұрақтар)
Білімменен бүгін міне, ән қосты,
Сұрақпенен жауаптарды талдасты.
Алғырлығын тағы бізге дәлелдер,
Ортамызға шақырайық жас досты.
Сұрақтар
1) Қазақ халқының тарихында қандай хандар өткен?
2) Атақты билерді ата.
3) Жігіттің жұрты нешеу? Ата.
4) Тыйым сөздерді айтып көр.
5)Ұлттық ойындарды ата.
6) Туған жер, Отан туралы мақал-мәтелдер айт.
7) Отан туралы өлең айтып бер.
8/Қазақстан мемлекеті тәуелсіздікті қашан алды?
9/Отанымыздың рәміздерін ата
10/7 мамыр қандай мереке?
11/Тәуелсіздік күні қашан тойланады?
12/Шығыстың қос шынары атанған кімдер?
13/Ұлы Отан соғысының батырларын ата.
ІІІ. Ойын: «Кім тапқыр?»
Берілген сұрақтарға қолдарыңыздағы әріптен басталатын сөздер айтып жауап бересіздер.
( Б, С, Д, Ж, Н, О, Қ, А, М)
1. Сіздің есіміңіз кім?
2. Сіз неше жастасыз?
3. Қандай ойынды ұнатасыз?
4. Сіздің сүйікті тағамыңыз?
5. Сіздің досыңыз кім?
6. Сізге қай әнші ұнайды?
7. Мерекелік тілегіңіз...
ІҮ. Мақал-мәтел сайысы
1. Бала тілі- бал
2. Еңбектің наны тәтті,жалқаудың жаны тәтті
3. Отан оттан да ыстық
4 .Жігітке жеті өнер де аз
5. Еңбек түбі-береке
6. Бұлақ көрсең көзін аш
7. Ауру қалса да әдет қалмайды
8. Өнер алды-қызыл тіл
9 .Жері байдың елі бай.
Ү.Күштілер сайысы
Қолмен күштесу.
Ұпайлар санын санап, жеңімпаз баланы анықтау, марапаттау.
Қорытынды.
Көз тойғысыз қазағымның жері бар,
Ну орман, тауы, өзені, көлі бар.
Қазағымның жерін, елін қорғайтын
Жас жеткіншек, ұланы бар, ері бар.
Міне, осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
Жаксымбетова Жанна Манатовна
«Тапқыр болсаң. талас жоқ» интеллектуалдық сайыс сабақ
Мақсаты : Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,шығармашылық өз
бетімен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру ,логикалық ойлау,есте сақтау қабілетін дамыту
1 топ «Алғырлар» тобы
2 топ «Білгірлер» тобы
3 топ «Зейінділер» тобы
Жүргізілетін жұмыс түрлерімен таныстыру
I-тур : « Кім жүйрік»
а.Топбасшысына арналған сұрақтар
II-тур: « Ойлан,тап!»
Ана тілі пәні
а.Құпия хаттарға жауап беру
ә.Мәтіннен үзінді:
б. Айшықты сөздер.
III-тур : « Кім жылдам ?»
Қазақ тілі
IV-тур : « Сен білесің бе?»
V- тур: « Қас –қағым сәт»
а.«Логикалық тапсырмалар
Білген сайын келеді біле бергім,
Біле беру емес пе тілегі елдің.
Бүгін осы сайыста жеңіске жет.
Білімді,әрі білікті жас жеткіншек.
I-тур « Кім жүйрік »
1-тапсырма.
Топбасшысына арналған сұрақтар
1 топ:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. ( қазақ тілі)
2. Қ.Р. ақшасы қашан енгізілді? ( 15.11.1993 ж)
3. Түйе атасы кім? (Ойсылқара)
4. Күйді орындаушы адам ( күйші )
5. Заттың атын білдіретін сөз табы ( зат есім)
2топ
1. Әліппенің атасы кім? (Ахмет Байтұрсынов)
2.Әнұранның сөзін кім жазған?( Ж.Нажмиденов, Н.Назарбаев)
3..Қ.Р. тұңғыш ғарышкері кім? ( Т.Аубакиров)
4.. Көру мүшесі не?
5. Қазақстанмен шекаралас 5 мемлекет? (Ресей, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
3топ
1. Рейхстагқа ту тіккен қазақ? (Р.Қошқарбаев)
2. Абылайдың шын аты кім? ( Әбілмансұр)
3. Абайдың анасы кім? (Ұлжан)
4. Орман дәрігері? ( тоқылдақ)
5. Әнұранның әнін жазған кім? ( Ш.Қалдаяқов)
4 топ
Ғарышқа ең алғаш ұшқан адам? (Юрий Гагарин)
Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?
Суретші ата? (Ә. Қастеев)
Қ.Р. тәуелсіздігі қашан жарияланды? ( 16.12.1991)
Заттың қимылын білдіретін сөз табы? (етістік)
II Тур «Ойлан,тап!»
1 тапсырма Құпия хаттарға жауап беру
I -топ
Құрметті достар!Менің көршімнің бір баласы бар.Өзі өтірікші,көзбе-көз өтірікайта қояды.Маған күнде келіп ойнағысы келеді.Мен өтірік айтқанды жаным сүймейді.Менің онымен ойнағаным дұрыс па?
II-топ
Құрметті оқырмандар! Менің бір досым бар.Өзі мақтаншақ.Ойнап жүргенде
үй-ішін айтып ,алған ойыншықтарын көрсетіп мақтанады.Және өзінен кіші
балаларды үнемі ренжітеді.Мен онысын ұнатпаймын.Бірақ ойынды жақсы
ойнайды.Мен осы баламен дос болайын ба,айтыңдаршы?
III-топ
Құрметті достар.Менің бір сыныптасым бар.Ол үнемі сыныпқа сотка алып
келеді де,біздерге көрсетіп мақтанады.Мен оның соткасын көріп,өзім де сондайын алғым келеді.Ал менде оны алатын ақша жоқ.Сендер айтыңдаршы менің не істегенім дұрыс?
4 топ
Құрметті достар:Мен өз сыныптасымен бірге бір адамнан ақша ұрлап алдым. Мен ол ақшаны анама далада тауып алдым дедім. Менің жасаған әрекетім дұрыс па?
2-тапсырма
Мәтінен үзінді:аты,авторы
1топ
бір күні құрбақа, тышқан, құмырсқа-үшеуі кімнің мекені жақсы, жайлы қонысы бар екенін білмекші болып жолға шықты. (Кімнің мекені жақсы?)
2 топ
Қарынбас қарынды тысқа алып шықтыөқ. Сол кезде қара шыбындар қарынға да, Қарынбастың басына да үймелепті. (Шибұт, Қылмойын, Қарынбас)
3-топ
Шал Қазбайдың ауылына келеді. Қазбай шалды күтіп алды. Шал Қазбайдан «Піс қазаным» сұрайды. (Ұр, тоқпақ)
4-топ
Ерте-ерте, ертеде бұл оқиға орманда болған еді. Ашық алаңқайға кіп-кішкентай ескі үйшік тұрған. (Үйшік)
3-тапсырма
«Айшықты сөздер»
Бұл тапсырмада бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі.Бұл сөздермен ана тілі пәнінен шығармаларда танысқанбыз. Әр топқа 2 сөз тіркесі беріледі.
Ойланып,мағынасын айтуларың керек.
1.Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2.Бетінен оты шықты(ұялу)
3.Ит өлген жер (алыс)
1.Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2.Көзді ашып-жұмғанша (тез,лезде)
3.Таяқ сілтем жер (жақын)
1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2.Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3.Қой аузынан шөп алмас (жуас)
III-тур « Кім жылдам ? »
1 тапсырма. "Сиқырлы сандар"
1 топқа. Сөйлемдегі сөздерге дыбыстық талдау жаса.
Ұлының ақылды сөзіне көңілі толған ана елжіреп,оның маңдайынан сүйеді.
2 топқа. Сызба бойынша сөйлем құрап,қыстырма сөзді тап.
3 топқа. "Сыйлық"
2-тапсырма
Мақалды жалғастыр.
1-топ
1.Тіл тас жарады,
тас жармаса... (бас жарады)
2.Бал тамған тілден..(у тамады)
3.Тауды,тасты жел бұзар,адамзатты ..(сөз бұзар)
2-топ
1.Өнер алды -...(қызыл тіл)
2.Айтылған сөз-...(атылған оқ)
3.Жылы-жылы сөйлесең,жылан... (інінен шығар )
3-топ
1.Өз үйім...(өлең төсегім )
2.Батыр туса ел ырысы,...(Жаңбыр жауса жер ырысы)
3.Асыл тастан шығады,..(Өнер жастан шығады )
4 топ
1.Жақсы сөз-.. (жарым ырыс)
2.Шебердің қолы ортақ,шешенің... (тілі ортақ)
3. Оқу инемен.....(құдық қазғандай )
IV-тур « Сен білесің бе?» Жұмбақты шешіп, екі тілге аудару.
1. Әттең,даусым тілім жоқ,
Құшағымда білім көп.(кітап-книга)
2. Бірін-бірі қоштаған,
Бір үйден көрдім,
Қырық екі дос-жаран.(әріп-буква)
3. Қалқиып екі құлағы,
Елеңдеп,қорқып тұрады. (қоян-заяц)
4. Жұқа тақтай бөлшегі
Ұзындықтың өлшемі. (сызғыш-линейка)
5. Жолбарыстан аумайды,
Тышқандарды аулайды.(мысық-кошка)
6 .Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы.(түлкі-лиса)
7. Қоймасын қыс ақтарып,
Жерді жапты ақ мамық.(қар-снег)
8. Жеп көріп ем өзім мен,
Жас шығарды көзімнен.(пияз-лук)
9. Қолы менен қаламы жоқ,
Бірақ сурет салады.(аяз-мороз)
V-тур « Қас-қағым сәт»
Білім шыңына шығу шығу үшін сұрақтарға жауап береміз.
1.Ағашта 9 құс қонып отыр. Аңшы 1құсты атып түсірді. Ағашта неше құс қалды?
2. 1аяқпен тұрған қораздың массасы 5кг. 2аяқпен тұрса массасы қанша болады?
3. 1метрде неше см бар.?
4. 1тоннада неше кг бар?
5.8-дің квадраты нешеге тең.
6.Алманың жартысы неге ұқсас.
7.1кг мақта ауыр ма, 1кг темір ауыр ма?
8. Кез-келген санды 0-ге көбейткенде не шығады.
9. Әріпті өрнек дегеніміз не.
10. х/70=9 теңдеуін шеш.
Қорытынды.
Тауды биік деме сен,
Талаптансаң шығарсың.
Қарсылас мықты деме сен,
Білімді болсаң шығарсың- дей келе сайысымызды аяқтаймыз.
Жеңімпаз топты анықтау. Дипломдармен мадақтау.
Казангапова Сулушаш Аугановна
1001 мақал,101 жұмбақ.
Мақсаты: оқушыларды халқымыздың сөз өнері мақал-мәтелдердің мағынасын ұғып, ойда сақтап, көп білуге үйрету.Қазақ елін, қазақ тілін қастерлеуге, ой-өрісін кеңейтуге, шешендік өнердің қыр-сырын ұғына білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: мақал-мәтелдер жазылған плакат
Әдісі: Интербелсенді тақта,
Түрі: сайыс
Барысы:
1-бастаушы:
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұқтардай пірім менің,
Тұнығым,рухани жан азығым.
Ол бүлінсе,менің де бүлінгенім.
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп,тірілді елім.
2-бастаушы:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп, өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұрттан да қалдырмай,жабындыға алдырмай барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткізді. Бұл бәрімізге қымбат мұра, бай қазына! (Ғ.Мүсірепов) дей келе
1-бастаушы:
-Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі өткізгелі отырған «1001 мақал,101 жұмбақ» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
-Ойынға 3 мақалшы, 3 жұмбақшы қатысады. Осылардың ішінен «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтауымыз керек.» ойынымыз ІІІ турдан тұрады.
І тур.
Мақалшылар: а) Әрқайсысы өздерінің білетін мақалдарын айту.
ә) Жүргізуші 1 жолын айтады, олар жалғастырады.
Оқу – білім бұлағы. (білім өмір шырағы)
Ақыл тозбайтын тон (білім таусылмайтын кен)
балалы үй базар (баласыз үй қу мазар)
Батыр туса ел ырысы (жаңбыр жауса жер ырысы)
Атаңның баласы болма (адамның баласы бол)
Еңбектің наны тәтті (жалқаудың жаны тәтті.)
Досы жоқ адам (тұзы жоқ тағам)
Сөз сүйектен өтеді (таяқ еттен өтеді)
Сөз тапқанға (қолқа жоқ)
Қыз өссе елдің көркі (гүл өссе жердің көркі)
Кім аз ұпай жинады, сол ойыннан шығады.
б) бір оқушы мақал айтады, екіншісі соның ішінен бір сөз алып, мақал айтады. Қайсысы таппайды, сол ойыннан шығады. Соңында біреу қалады.
Көремендер көзайымы.Мақалдар айтқызу. 1.Отан 2.Өнер 3. Дос
ІІ тур.
Жұмбақшылар:
1. Жүргізіуші жұмбақ жасырады, Кім аз шешеді, сол ойыннан шығады.
Ж ұ м б а қ.
1.Көліксіз өмір сүрмейді, Ешқашан жаяу жүрмейді. (Ер тоқым).
2.Ақ көйлекте көк желек, Орманда орны бір бөлек. (Қайың).
3.Сауыттан мықты шапаны, Жәндіктің нағыз шабаны. (Тасбақа).
4.Есек құлақты, Мысық аяқты. Түйе ерінді, Ешкі құйрықты. (Қоян).
5.Бұдан кір қорқады, Судан бұл қорқады. (Сабын).
6.Өзі арық, сөзі әріп. (Қалам).
7.Отқа жанбас, суға батпас. (Мұз).
8.Тіріден өлі туады, Өліден тірі туады. (Жұмыртқа мен балапан).
9.50 аяқты екі қолды, 50 аяқпен салады жалғыз жолды. (Ара).
10.Сөз үйретсең қайталайды, Өздігінен айта алмайды. (Тоты құс).
Кім аз ұпай жинады, сол ойыннан шығады.
2. Екі оқушы шығып, бір-біріне үйден жаттап келген жұмбақтарын жасырады. (5)
Көрермендер көзайымы. Үш жұмбақ жасырамын.
Аспай түскен,Қайналып піскен.(Жеміс).
ІІІ тур.
Жұмбақшы мен мақалшы шығады.Жүргізуші жұмбақшыға бір жұмбақ жасырады.Ол шешеді.Ал оның жауабынан мақалшы айтады. Кім дұрыс айтса, сол жеңеді.
а) Жалт-жұлт еткен,Жылғадан өткен.(Су)
Судың да сұрауы бар.
ә) Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды.(Күн).
Жақсы ай мен күндей әлемге бірдей.
б) Қимылдаса қос шебер
Қыруар-қыруар іс өнер.(Қол).Көз қорқақ, қол батыр.
в) Ұзын, ұзын, ұзын жол,Ұшына жеткен бар ма екен.
Түбі терең қара су, Түбіне жеткен бар ма екен.
Түбіне жетіп бұл судың, Қанып ішкен бар ма екен. (Білім).
Оқу- білім азығы, Білім- ырыс қазығы.
Қорытынды,бағалау.Жеңімпаздарға сыйлық беріледі.
1-бастаушы:
Тілім менің!
Ұлы Абай, Мұқтардай пірім менің,
Тұнығым,рухани жан азығым.
Ол бүлінсе,менің де бүлінгенім.
Тілім менің!
Тілім үшін мың өліп,тірілді елім.
2-бастаушы:
Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп, өткізсе де, батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұрттан да қалдырмай,жабындыға алдырмай барлық жинаған сөз байлығын, күйі мен жырын бізге жеткіз-ді. Бұл бәрімізге қымбат мұра, бай қазына! (Ғ.Мүсірепов) дей келе
1-бастаушы:
-Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі өткізгелі отырған «1001 мақал,101 жұмбақ» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
-Ойынға 3 мақалшы, 3 жұмбақшы қатысады.Оларды ортаға шақырамыз.
2-бастаушы:
- Осылардың ішінен «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтауымыз керек.» ойынымыз ІІІ турдан тұрады.
І тур.
Мақалшылар: а) Әрқайсысы өздерінің білетін мақалдарын айтады. /санын санап отыру/
ә) Жүргізуші мақалдың басын айтады, олар жалғастырады.
Оқу – білім бұлағы. (білім өмір шырағы)
Ақыл тозбайтын тон (білім таусылмайтын кен)
балалы үй базар (баласыз үй қу мазар)
Батыр туса ел ырысы (жаңбыр жауса жер ырысы)
Атаңның баласы болма (адамның баласы бол)
Еңбектің наны тәтті (жалқаудың жаны тәтті.)
Досы жоқ адам (тұзы жоқ тағам)
Сөз сүйектен өтеді (таяқ еттен өтеді)
Сөз тапқанға (қолқа жоқ)
Қыз өссе елдің көркі (гүл өссе жердің көркі)
Кім аз ұпай жинады, сол ойыннан шығады.
б) бір оқушы мақал айтады, екіншісі соның ішінен бір сөз алып, мақал айтады. Қайсысы таппайды, сол ойыннан шығады. Соңында біреу қалады.
Көремендер көзайымы.Мақалдар айтқызу. 1.Отан 2.Өнер 3. Дос
ІІ тур.
Жұмбақшылар:
1. Жүргізіуші жұмбақ жасырады, Кім аз шешеді, сол ойыннан шығады.
Ж ұ м б а қ.
1.Көліксіз өмір сүрмейді, Ешқашан жаяу жүрмейді. (Ер тоқым).
2.Ақ көйлекте көк желек, Орманда орны бір бөлек. (Қайың).
3.Сауыттан мықты шапаны, Жәндіктің нағыз шабаны. (Тасбақа).
4.Есек құлақты, Мысық аяқты. Түйе ерінді, Ешкі құйрықты. (Қоян).
5.Бұдан кір қорқады, Судан бұл қорқады. (Сабын).
6.Өзі арық, сөзі әріп. (Қалам).
7.Отқа жанбас, суға батпас. (Мұз).
8.Тіріден өлі туады, Өліден тірі туады. (Жұмыртқа мен балапан).
9.50 аяқты екі қолды, 50 аяқпен салады жалғыз жолды. (Ара).
10.Сөз үйретсең қайталайды, Өздігінен айта алмайды. (Тоты құс).
Кім аз ұпай жинады, сол ойыннан шығады.
2. Екі оқушы шығып, бір-біріне үйден жаттап келген жұмбақтарын жасырады. (5)
Көрермендер көзайымы. Үш жұмбақ жасырамын.
Аспай түскен,
Қайналып піскен.(Жеміс).
...
ІІІ тур.
Жұмбақшы мен мақалшы шығады.Жүргізуші жұмбақшыға бір жұмбақ жасырады.Ол шешеді.Ал оның жауабынан мақалшы мақал айтады. Кім дұрыс айтса, сол жеңеді.
а) Жалт-жұлт еткен,Жылғадан өткен.(Су)
Судың да сұрауы бар.
ә) Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды.(Күн).
Жақсы ай мен күндей әлемге бірдей.
б) Қимылдаса қос шебер
Қыруар-қыруар іс өнер.(Қол).Көз қорқақ, қол батыр.
в) Ұзын, ұзын, ұзын жол,Ұшына жеткен бар ма екен.
Түбі терең қара су, Түбіне жеткен бар ма екен.
Түбіне жетіп бұл судың, Қанып ішкен бар ма екен. (Білім).
Оқу- білім азығы, Білім- ырыс қазығы.
-Бүгінгі сайысымызда қатысушылардың ішінен «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпарды анықтай отырып, «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» ителлектуалдық ойынымыздың жеңімпазы - ....сынып оқушысы .............................. құттықтаймыз.
Казангапова Сулушаш Аугановна
“Алғырлар,тапқырлар”интеллектуалдық ойын.
Мақсаты: 1.Дүниетану пәні бойынша білімдерін сынау.Пәнге деген қызығушылы-ғын ояту. Ойын арқылы оқушылардың ой-өрісін шыңдау,бірлесе іздеуге төселдіру.
2.Ой-өрісін шыңдай отырып,танымдық қабілеттерін,есте сақтау қабілеттерін дамытып,белсенділіктерін арттыру.
3.Қиындықты жеңе білуге, бір-бірінің ойын,пікірін тыңдауға,табандылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта,тапсырмаларға арналған парақтар,топ аттары жазылған парақтар.
Барысы:
Армысыздар ұстаздар,оқушылар!
Дүниетану пән апталығына арналған сайысымызды бастаймыз .
“Алғырлар ”тобы
Бір мектепте оқимыз бәрімізде,
Достық сөзі әрқашан дәрі бізге
Шақырамыз келіңдер жарысуға,
Күш, өнер, білімменен алысуға.
“Тапқырлар”тобы:
Біз дайынбыз жарысуға,достарым,
Көрсетеміз бізде қандай күш барын.
Сайыс 5 айналымнан тұрады: Әділқазылар алқасын сайлау.
1-айналым “Тездет,бірақ қателеспе!”
Әр топқва 5 сұрақтан қойылады.Бір сөзбен “иә” немесе “жоқ” деп жауап береді.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
“Алғырлар” тобына:
1.Өмір сүру үшін адамға ең қажетті нәрселер: үй,киім,көлік,теледидар(жоқ,тамақ,ауа,су,жарық,жылу)
2.Көкжиектің 4 тұсы бар. (ия,Солтүстік,оңтүстік,батыс,шығыс)
3.Судың 4 күйі бар.(жоқ, сұйық,қатты,бу)
4.Топырақта неғұрлым шірінді көп болса,солғұрлым ол құнарсыз болады. (жоқ,құнарлы)
5.Шарбы,будақ,қабатты бұлт түрлері (иә)
“Тапқырлар” тобына:
1.Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі-карта.(иә)
2.Адам денесінің тірегі бас. (жоқ,қаңқа)
3.Гранит дала шпаты,кварц және слюда бөлшектерінен тұрады. (иә)
4.Пайдалы қазбалар қасиеттеріне қарай 4-ке бөлінеді (жоқ)
5.Құрамында металлдар бар қатты тау жыныстары кенді пайдалы қазба (иә).
2-айналым “Ұшқыр ой”
Берілген сөзден бірнеше сөз ойлап табуларың керек.
Алғырлар: Жолбарыс Тапқырлар: Арыстан
3-айналым “Ойлы болсаң,озып көр” . Таңдаған ұпайлары бойынша сұрақтарға жауап беру.
“Алғырлар” тобына:
20-Топырақты шайылудан және желдің ұшырауынан қалай сақтау керек?
30-Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата.(жантақ,сексеуіл,
40-Шахталардың маңына бос жыныстарды төбе етіп үйіп тастайды.Бұл төбелерді не деп атайды?Ол қай жерде көп? (терррикон,Қарағанды қаласының маңында)
“Тапқырлар” тобына:
20-Тұмсығы етті,кеңсірігі дөңес,танауы салбыраған,денесі сымбатты,аяғы жіңішке және мықты.Тобымен жайылады,шөп жейді,ұдайы көшіп жүреді.Ол не?(Ақбөкен)
30-Топырақтағы микроорганизмдер тіршілігі.
40-Тауда тіршілік ететін жануарларды ата.(арқар,барыс,таутеке)
4-айналым “Тапқыр болсаң,талас жоқ”. Шрифтограмма шешу.10 ұпай.
“Алғырлар” тобына: “Тапқырлар” тобына:
ке-тау-те бө-кен-ақ
ға-жор-шы-лар ті-рек-сүт-қо-лер
ба-жол-рыс ба-құр-қа
5-айналым “Жұмыла көтерген жүк жеңіл”. Жарнама жасау.10 ұпай.
“Алғырлар” тобына: “Тапқырлар” тобына:
“Демалыс орны” “Сусын”
-Осымен ойынымыз шарықтау шегіне жетті.
Жарыс заңы ежелден,
Жеңімпазды анықтау.
Жеңімпаз болу шарты сол,
Еңбектеніп,жалықпау,-деп сөз кезегі әділқазыларға беріледі.Жеңімпаздарды марапаттау.
Казангапова Сулушаш Аугановна
«Ана тілім-ардағым»
Мақсаты:Оқушылардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін дұрыс меңгеріп, таза сөйлей білуге, ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші: Қымбатты ұстаздар, оқушылар, мектебімізде қазақ онкүндігі өтіп жатқаны баршамызға белгілі. Бүгін сыныптар арасында өтетін «Ана тілім-ардағым» танымдық ойынымызға қош келдіңіз-дер!
Тілден асқан асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден асқан теңіз жоқ.-дей келе бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырайық.Оқушылар өздерін таныстырады.
2а сынып
3а сынып
4а сынып
Жүргізуші:Сайыскерлеріміздің білімін, шешендік шеберліктерін бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстырайық.
Сайысымыз бес турдан тұрады. Әр жауап 5 ұпаймен белгіленіп отырылады. Сұрақ барлығына бірдей қойылады. Кім бірінші қолдарын көтерсе, сол оқушы жауап береді.Сұрақтар қазақ тілі, әдебиеті пәндері бойынша қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |