Алғы сөз
Сыныптан тыс жұмыстардың мақсаты-қазіргі заманға сай ұлтжанды, әр іске жауапкершілікпен қарайтын, өздеріне деген сенімі мол оқушыларды тәрбиелеу.
Осы мақсаттардың іске асырылуы сыныптан тыс жұмыстарында кең өріс алады. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері көп.
Бірақ бәрінің де мақсаты-баланың функционалдық сауаттылығын арттыру. Тек оны жүргізгенде ескерілетін нәрсе: оқушылардың жас ерекшелігі, жүргізілгелі отырған шараның мазмұны, тәрбиешінің өз мүмкіншіліктері.
Біріншіден, осындай мерекелік шараларды өткізу барысында балалардың патриоттық сезімі оянып, қоғамдық дүниетанымы қалыптасады.
Екіншіден, шараларға қатыса отырып, олардың эстетикалық талғамы арттып, аудитория алдында жүріп-тұру, би билеу, ән, тақпақ айту дағдылары қалыптасып жетіледі.
Үшіншіден, оқушылардың білімге, өнерге деген қызығушылығы оянып, танымдық ой-өрісі кеңейеді.
Сыныптан тыс шаралар топтамасы-бастауыш сынып ұстаздарына және тәрбиешілерге көмекші құрал болып табылады.
Байдулина Баян Омархановна
ЖАСА, ЖАЙНА, ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ!
Мақсаты:1. Оқушыларға Қазақстан туралы және тәуелсіздік ұғымы туралы баяндап, білімдерін кеңейту. 2. Өз сыныптастарының пікірін тыңдап, ойын жеткізе білуге дағдыландыру. 3.Тәуелсіз еліміздің мемлекеттік нышандарын мақтан тұтуға, құрметтеуге, әрқашан биік ұстауға, Отанына, халқына адал болуға тәрбиелеу.
Түрі:сайыс
Көрнекілігі: бейнефильм, интербелсенді тақта,тәуелсіздікке байланысты ақын-жазушылардың сөздері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші: Жыр ғұмыр, жан азығым, Әнұраным,
Мен сені естімесем сағынамын.
Алтынға айырбастамас ата-анамдай,
Туғалы сенсің менің танығаным.
Шексіз көк аспанды жамылады,
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі.
Бірігіп бір жүрекпен шырқайтұғын
Әнұран – Мемлекеттік халық әні
(Қазақстан Республикасының Гимні орындалады)
Жүргізуші: Құрметті оқушылар! Туған халқымыз тәуелсіздік алды, өзге елдермен терезесі теңелді. Ата-бабаларымыз сан ғасыр бойы аңсаған, армандаған тәуелсіз ел атандық. Тарихымыздың беттеріне 1991жыл алтын әріппен жазылды. Біздің туған жеріміз, алтын бесігіміз - кең-байтақ Қазақстан. Егеменді еліміздің шаңырағының астында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп келе жатыр.
(Бейнефильм көрсету арқылы төмендегі өлең жолдары оқылады)
Жүргізуші: Құрбандарым, жазықсыз құрбандарым,
Бет бағдарын бақиға бұрғандарым.
Қаралы жылдардай боп қарауытып,
Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.
Кеудемдегі қоламта-қоздатқаным,
Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.
Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан
Жалтақтап кете барған боздақтарым, - деп тәуелсіздік құрбандарының рухына тағзым етіп 1 минут еске алайық.
ІІ. Негізгі бөлім.
І кезең.ТӘУЕЛСІЗДІК дегенді қалай түсінеміз, не білеміз?/ Әр топқа парақшалар таратылады, сол парақшаға жазады/.
Тәуелсіздік
ІІ кезең. Білгенге маржан. /Сұрақтарға жауап/
І топ:
1. Дүниедегі ең терең көл қалай аталады? (Байкал)
2.Астана қаласының нышаны? (Бәйтерек)
3. Етістік нені білдіреді? (қимылды)
4. Астанадағы басты ғимарат. (Президент сарайы)
5. Бір тәулікте неше сағат бар?(24 сағат)
6.Мәтін дегеніміз не? (мағына жағынан байланысқан екі не одан да көп сөйлем)
7. Астана қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
8. Сын есім нені білдіреді? (заттың түрін, түсін, сапасын)
9. Ұзындығы 9 см, ені 7 см тіктөртбұрыштың ауданы нешеге тең? (63см кв.)
10. Айналадағы дүние тұстары нешеу? (төртеу)
ІІ топ:
1.Қазақстан Республикасының рәміздері қашан қабылданды?
(1992 жылы 4 маусым)
2. Сайыс бағасы. (ұпай)
3. Уақыттың өлшем бірліктерін ата (сек., мин.,сағ., тәул., апта, ай, жыл, ғасыр)
4. Су алатын жер (құдық)
5.Ұзындық өлшем бірліктерін ата.(мм,см,дм,м,км)
6.Ұяң дауыссыз дыбыстарды ата (б,в,г,ғ,д,ж,з)
7.Астананаң бұрынғы атаулары. (Ақмола, Целиноград)
8.Ең кіші төрт таңбалы сан (1000)
9.Бәйтеректің биіктігі неше метр? (97 метр)
10.Азайғыш 70, азайтқыш 14. Айырманың мәні нешеге тең? (56)
Өлеңдер оқу
Әнұраны елімнің Ортақ бізге бір Отан, Байтақ дала – жерім менің,
Шақырады бірлікке. Төбемізде бір аспан Арта берсін даңқың сенің.
Егеменді халқымның Барлық ұлттың баласы, Көкбайрағың желбіресін,
Болашағы бірлікте Достығымыз жарасқан Егеменді елім менің.
Азат өлкем күндей күлген шығыстан Қандай бақыт қуанышты күн бүгін,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан. Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Ата-бабам аңсап өскен бақытым Арман еткен, қыршын кеткен ағалар,
Айналайын, Қазақстан-гүлстан. Аңсап өткен өз елдігін теңдігін!
Әр қазақтың есінде сақталады, Егеменді – ел болудың белгісі,
Желтоқсандық өрендер ақталады. Басқа жұртпен тең жұлдызы, тең күні.
Ел намысын қорғаған сарбаздарым, «Егеменді» деген сөздер естілер, Ерліктерің мәңгілік сақталады. Ата жұрттың арғысы мен бергесі.
Он алтыншы желтоқсан
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше боп мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
Жүргізуші.
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар»деген бабам,
Бірлікпен бірге соқсын жүрегіміз, - дей отырып, «ЖАСА, ЖАЙНА, ТӘУЕЛСІЗ ЕЛІМ!» атты сынып сағатымызды аяқтаймыз.
Байдулина Баян Омархановна
Шын дос – асыл қазына» (сайыс)
Мақсаты:Адамның бойында болатын достық сезім қасиеттері де қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу. Достық сезімді бойларына сіңіріп, оған басшылық жасай білуге тәрбиелеу, досқа деген адалдық, шексіз ықылас сезімдерін бағалай білуге және адал достықты жалған достықтан айыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: әңгімелесу, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: қанатты сөздер
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Қайырлы балалар! Жалпы дос дегеніміз не, қалай дос болу керек екені бәрімізге белгілі. Бірақ кейбіреулер шындығында дос деген сөздің мәніне жетпейді. «Достық - өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашанда барлық басқа игілікке түгел ие бола тұрса да, дос – жарансыз өмірді қаламақ емес» деп Аристотель атамыз айтқандай бүгінгі сабағымызды жалпы дос туралы талқылайтын боламыз.
Балалар достық деген не, оны қалай түсінеміз, соны айырып алайып алайық. Сендер қалай ойлайсыңдар? Дос деген не? (оқушылар жауабы)
Оқушылар: Дос дегеніміз екі адамның бір – біріне деген қарым – қатынасы.
Дос деген қиналғанда жанынан табылатын, көмектесетін жанашыр жан.
Мұғалім: Достық туралы ақын-жазушылар, атақты ғұлама данышпандар артында көп нақыл сөздер қалдырып кеткен осы сөздерді оқып беріп кетейін:
Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар елпектеп...
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер өсектеп.
(Махамбет Өтемісұлы)
Әркімнің жолдас болсын сүйген досы,
Біріксе айырылмасын көңіл қошы!
(Баубек Бұлқышев)
Өзіңе қарай дос таңда,
Күшіңе қарай жүк көтер
(Жүсіп Баласағұни)
Жолдасын таппаған ер азады,
Басшысын таппаған ел азады
(Мұхтар Әуезов)
Не жетедінағыздосқа, асылға,
Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда.
Қиналады — сен қиналсаңболғаны,
Ұйықтамасаң — ұйықтамайдыолдағы
(Уильям Шекспир)
І.Таныстыру.
- қатысушылар екі топқа бөлінеді;
- қатысушылар топтың атауы, ұранымен таныстырады.
Ітоп – «Бірлік» тобы
ІІтоп – «Мирас» тобы
ІІ. Достық ,өмірлікадалсырласың
Д – дүниедегі
О - озықойлы
С – сабырлы
Т – тұрақты
Ы – ыстық
Қ – қарым – қатынас
Бұлбөлімдеоқушылар достың бойындаболатынжақсықасиеттерменжаманқасиеттердіжүректіңішінежазу.Қайтопкөпжазғанынжазғансөздерсанынақарапұпай беру.
ІІІ. Бәйге
(достықүйінқала )
Балалардостарыңқаншалықтыкөпболса, достықжайлымақал - мәтел, нақылсөздерді де соншалықтыкөпбілесіңдердепойлаймын. Бұлтапсырмамызбойыншадостықтуралымақал - мәтелдіңжартысынайтамын да, жартысынжасырамын. Қалғанынтауыпсолтабылғансөздердіашаотырып, достықүйінқалапшығамыз. Алдыменүйдіңнөмірінтаңдапалыңдар.
«Бірлік» тобынаберілгенмақал–мәтелдердіңізінжалғастыру
Ақылсыздостан,..... ( ақылдыдұшпанартық)
Дұшпанға да доскерек,... (палуанға да күшкерек)
Достыңорны - төр,... (дұшпанныңорны – көр)
Досыкөппенсыйлас, ... (досыазбенсырлас)
Айрылмастайдосыңа, .... (қайрылмастайсөзайтпа)
Жамандостан,.... (жауартық)
«Достық» тобынаберілгенмақал–мәтелдердіңізінжалғастыру
Мыңдосыңболса да,....... (біреуініңорныартық)
Доскөтереркөңілді,....... (мал көтерерөнімді)
Досыңдыжамандама,..... ( доссызқаларсың)
Шындосбасыңаырза, ....... (кейдосасыңаырза)
Досегіз,...... (дұшпансегіз)
Жақсыдоспайдасынтигізбесе, ....... (зиянынтигізбейді)
Дұшпанкүлдіріпайтады, .......... .(досжылатыпайтады.)
(Екі топ бірдейжауапбергенжағдайдақойылатынқосымшамақал–мәтел )
1. Кемшіліксіздосіздегенадам.......... (доссызқалады)
2. Жаңылмайтынжақжоқ, ........... (сүрінбейтінтұяқжоқ)
3. Киімніңжаңасыжақсы, ......... .(достыңкөнесіжақсы)
4. Көпақшаңболғанша,.......... (көпдосыңболсын)
5. Досыжоқпенсырлас,.............. (Досыкөппенсыйлас)
6. Досыжақсының-........ (өзі де жақсы)
7. Досбасқақарайды,.... (Дұшпанаяққақарайды)
8. Ақылсыздостан .... (ақылдыдұшпанартық)
9. Досыңмыңболса да..... (-аз)
10.Дұшпаныңбіреуболса да..... ( -көп)
11. Доссызадамтамырыжоқ.... ( ағашпентең)
12. Білімдімендосболсаң,..... (Сасқандаақылынайтар.)
13.Білімсізбендосболсаң,.... (Топ ішіндебетіңқайтар)
14. Досы көпті,..... (Жау алмайды)
ІҮ.Ситуациялық сұрақтар:
«Бірлік» тобына қойылатын сұрақ
1. Бір күні көптен бері кездеспеген досыңмен жолығып кездесіп қалдыңдар. Әңгіме – дүкен құрып дәмханада отырғанда кенет анаңның “тез қайт”- деп бұйырғаны есіңе түсе кетті. Сен осы кезде не істер едің?
«Достық» тобына қойылатын сұрақ
1. Сенің ең жақын досың өзінен кіші баланың ұялы телефонын тартып алды. Сынып жиналысында оны талқылап жатыр. Ол сенен көмек күтіп отыр. Сен не айтаредің?
Қорытынды:
Қиынкездердебір-бірінекөмеккөрсетіңдер.
Досыңдыалдамай, оғанадал бол.
Досыңдықорлама.
Досыңменқызықтышақтардыбөлісебіл.
Досыңды барда да сына, жоқта да сына.
Досыңныңкемшілігінкешіребіл.
Байдулина Баян Омархановна
Не? Қайда? Қашан? интеллектуалды ойыны
Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін саралап, жан-жақты толықтыру.
Пәндер бойынша оқушылардың білім деңгейлерін бақылау,білімді оқушыларды анықтау,білімді,тапқыр,ізденімпаз оқушылар қатарын көбейту. Ой-өрісін, дүние- танымын кеңейту. Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана алатын зерделі тұлғаны тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі,әдебиеттік оқу, математика
Көрнекілігі: Ойын үстелі, қара жәшік,зырылдауық
Ойын барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
Қайырлы күн, құрметті оқушылар !
Ғылымның сырын ұғына
Шығыңдар білім шыңына,
Ұқыптылық пен зеректік
Жеткізер сіздердей өренді,
Жеңістің мынау шыңына- деп бүгінгі тәрбие сағаты «Не? Қайда? Қашан?» деп аталатын білім сайысына қош келдіңіздер!
Адамзат тарихында қай кезеңде болмасын ғұламалар ғылым мен білім мәселелеріне ерекше көңіл бөлген. Пайғамбардың хадистерінде білім алуға ұмтылу әрбір мұсылманның парызы делінген. Қазіргі ғаламдық заманда 50 елдің қатарына қосылу үшін білімнің аса қажет екенін Елбасы Н. Назарбаев та жолдауларында баса көрсетті. Қазақстан Республикасы өркениетті ел болу үшін ең бастысы- білім. Білімді болу жүйелі түрде үйренудің, оқығанды зердеге, миға тоқудың нәтижесі. Бүгінгі сайысымыздың ұраны:
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды жығады.
Сынып екі топқа бөлінеді.
Ойын ережесімен таныстыру:
Сендердің алдарыңда зырылдауық қойылған ,айналдыру арқылы сұрақ таңдалып алынады.Әр тапсырманы ойлануға 2 минут уақыт беріледі.Егер тапсырманың жауабы толық болмаса есепке алынбайды. Сұрақ әр топқа кезекпен қойылады
Нақты толық дұрыс жауаптар ғана есепке алынады.
І.«Шынығу» кезеңі:
1. Жеті үйрек ұшып бара жатыр. Аңшы екеуін атып түсірді. Неше үйрек қалды?
Жауап: екеу, өйткені қалғаны ұшып кетті
2. Бөлмеде төрт бұрыш бар. Әр бұрышта қара мысық отыр. Әрбір қара мысыққа қарап үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық? Жауап: төртеу
3.Кесе, ішінде су бар,егер ішіндегі судың бәрін ішіп қойсақ, ішінде не қалады?
Жауап: Судың бәрін ішіп қойсақ ішінде ауа қалады.
4.Пифагор туралы не білесіңдер? Ол кім? Жауап: Ол көбейту кестесін жасаған әйгілі математик.
5. Елеуішпен су әкелуге бола ма? Болса қалай әкелуге болады? Жауап: Болады,қар мен мұз күйінде
6. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі?
Жауап: -Жолда жүру ережелерін жақсы білетін жасы 14 –ке толған балаларға ғана көше бойымен жүруге рұқсат етіледі.
ІІ.Қара жәшік.
1. Қара жәшікте жатқан зат грек тілінен аударғанда "ойын сүйегі" деп аталады. Оның атын Пифагордың шәкірттері енгізген болатын, қазір бұл зат балаладың ойындарында кеңінен пайдаланылады. Қара жәшікте жатқан не.? Жауап: кубик
2. Қазіргі заман жаңа технологиялар заманы. Кез келген қиын сұрағыңды бүкіл ел болып, тіпті дүние жүзі болып шешуге көмектеседі. Осының бәрі ненің көмегімен жүзеге асырылады. Жауап: интернет
3. 188 санын екіге қалай бөлгенде 100 сандарын алуға болады. Жауап: ортасынан бүктеу керек
4.Ағашты тазалайтын орман санитары / тоқылдақ/
5.Әлемдегі ең үлкен жануар. /кит/
6. Ұша алмайтын құстар /тауық,түйеқұс, пингвин/
7. Жұмыртқа баспайтын құс? /көкек/
8. Жүрегі ең кішкентай аң / арыстан/
ІІІ.Логикалық сұрақ
Қария қалаға келе жатып қаладан шығып келе жатқан аттары бар үш жігітті кездестірді, әрбіреуінің жанында бір тазыдан байлаулы. Неше тірі жан қалаға бара жатыр? Жауап: Жалғыз қария ғана
«С»-дан басталатын сегіз сөз.
Ол сөздер төмендегі заттардың атауы болсын:
1.Сұйық зат
2.Зат немесе құбылыс атауы
3.Дақыл атауы
4.Жеміс аты
5.Қарудың аты
6.Жоғары оқу орнының оқушысы
7.Өсімдік атауы
8.Студентке төленетін айлық
С
С
С
С
С
С
С
С
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың. Қиындықтан өткізер! –деп, бүгінгі « Не? Қайда? Қашан?» деп аталатын атты білім сайысымызды аяқтамыз.
Жаксымбетова Жанна Манатовна
“Жерді аялайық”
Сабақтың мақсаты: оқушыларды жердің қадірін, байлығын бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамқорлық, жанашырлық сезімге баулу.
Жер, жалпы табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс – мекені, алтын ұя тал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау – баршамыздың міндетіміз. “Жерді аялайық” тақырыбындағы білім сайысы осы міндетті шешуге бағытталады.
Сайыстың тәртібі бойынша қатысушыларды алты адамнан 2 топқа бөлдім: ұлдар және қыздар тобы. Сұрақ қатысушылардың барлығына жалпы берілді. Қойылған сұрақтарға қай топ дайын болса, сол топ жауап беруге келісілді. Бірінші сұраққа ұлдар тобы жауап берді.
1-сұрақ. Халқымыздың тұнғыш ғалымы кім және ол кісі табиғат туралы не айтқан?
Ұлдар тобы. Халқымыздың мақтанышы болып саналатын ғалым, этнограф, зерттеуші Шоқан Уәлиханов, ол кезінде былай деген екен: “Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? Қазақтар дүниеге үлкен мән берді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерледі. Осы айтылғандарды құрмет тұту адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі.”
2-сұрақ. Бұл айтылғандарды пысықтау үшін қандай жыр жолдарын тілге тиек етуге болады?
Қыздар тобы.
Қасиетті сөз береді “Кие” деген,
Киеліге жоламас күйе деген
Ең алдымен бұл сөзді сүйеді екен.
Тірі нәрсе – шөп деген, көгал деген
Көкті жұлса, болады обал деген,
Ата – анамыз жыланға үйге кірген
Ақ сүт құйып басына, “Жоғал” деген.
3-сұрақ. Халық табиғаттағы өздері қастерлейтін жерлерді қалай атаған?
Ұлдар тобы. Халық табиғаттағы қастерлейтін жерлерді “Әулие бұлақ”, “Әулие ағаш” деп, қарлығаш, аққу, ұлар, т.б. құстар мен жануарларды жақсылықтын жаршысы, бақыттың басшысы, тіршіліктің иесі деп олардың ұясын бұзбауға, балапандарын жәбірлеп, өздерін өлтіруге мүлдем рұқсат етпеген, балапандайтын, төлдейтін кездерінде құстар мен жабайы андарды аулауға тыйым салған.
4-сұрақ. Қорқыт атаның артында қалған қандай өсиет сөздерді білесіздер?
Қыздар тобы. Қорқыт атаның өсиет сөздерінде айтылатын “Қара тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын” деген ұғымдар – айналадағыңды аялай біл деген аталы сөз. “Қарағайдың түбінен үйіріп алған қобызым” деген өлең жолдарында үлкен мән бар.
5-сұрақ. Қашаған ақын адам өмірінде орманның қаншалықты маңызды екенін қалай толғаған?
Ұлдар тобы:
Жаның сая табатын
Орман болған бұл - ағаш,
Қорыққанда жалғызға
Қорған болған бұл – ағаш,
Найзасына батырдың
Сап та болған бұл – ағаш,
Кәріп пенен қастерге
Қуат болған бұл – ағаш.
6-сұрақ. Халық табиғаттың ғажап көркі саналатын орман – тоғайды қай өлеңмен қастерлеген және орманды неге теңеген?
Қыздар тобы. “Қараорманым” деген өлең жолдарын арнап, былай жырлаған:
Киінген келіншектей оқалы орман
Секілді жанға сая, малға қорған
Бабамыз бауырында малын бағып
Үй салып, құрық алып, уық жонған.
Осында табиғаттың бар ақылы
Көркейген келбетінен дала сыны.
Ақ қайын, жасыл – желек қарағайлар,
Секілді көзіміздің қарашығы.
7-сұрақ. Табиғатты қорғау туралы ананың қандай өсиет сөздері бар?
Қыздар тобы.
“Ұя бұзба! Балапанға тиме” деп,
Ұрсушы еді, менің анам, күйгелек
“Жас шыбықты сындырма” деп ұрсатын,
Шыққанымда “тұлпарымды” сүйрелеп,
“Ұя бұзба! Бұзба” деймін балама
Өсиетің қандай ғажап, жан ана!
8-сұрақ. Заманымыздың мақтанышы, тау – кен зерттеуші геолог, тұнғыш ғалым, академик Қ.И.Сәтбаев туралы не деген?
Ұлдар тобы. “ Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген азамат бөгде жердің алтын тасын да мақтап жарытпақ емес”. Оның тағы да табиғатқа арнаған мынадай мақалдары бар. “Жер – байлық көзі”, “Жер – ырыс кеңдігі”, “Жері байдың – елі бай”.
9-сұрақ. Жоңғар шапқыншылығы кезінде ел туған жерінен босып, көше жөнелгенде кім үйін жықпай, жұртта отырған? Оның себебін қалай түсіндіруге болады?
Қыздар тобы. Қарлығаштың ұясында балапаны болғандықтан, үйін жықпай, жұртта отырған Төле би еді. Сондықтан оны “Қарлығаш әулие”, “Қарлығаш би” деп атап, ерекше құрметтеген.
10-сұрақ. Халық даналығында халқымыздың табиғатқа жанашырлық қасиетін аңғартатын аңыздың бірі, асқан ақыл иесі Төле би атамыздың қандай жыр жолдарын білесіздер?
Ұлдар тобы.
Жалбарынар жайым жоқ жан алдында.
Балапандар бар қанша қарауымда.
Сол жетімдер ұшуға жарағанша,
Сыртқа шықпай тұрамын қарауылда.
“Қарлығаш би” атандым сол ұшін де,
Осылармен бір менің өресім де,
Батыр болсаң, жайратып жүре бер, сен,
Жалғыз шалды кездескен жол үстінде.
11-сұрақ. Жезқазған қаласында экологиялық мәселені басты орынға қоюға мүмкіндіктер бар ма?
Қыздар тобы. Экологиялық мәселені басты орынға қоюға себептер жеткілікті десе болады. Мәселен, жаз айларында жиі болатын қапырық ыстық пен қыстың қытымыр аязы тіршілігіңізге қолайсыздық әкелетіні белгілі. Жезқазған қаласы республикадағы ірі қалалардың бірі екенін мойындайтын болсақ, келешекте ұлттық өнер – нақышы бар әдемі биік тұрғын үйлер салынып, жасыл желекке оранған көшелері бой түзеу керектігі мәлім, ал қала орталығына жасыл желек қатарын көбейту орнына бұранғы егілген ағаштарды қорғаудың өзі ойдағыдай емес екенен қалай түсінуге болады? Сондықтан қала басшылары экологиялық мәселені жандандыру шараларын жасап, оны жүзеге асыруы тиіс.
12-сұрақ. Жер – ана толғауынан қандай өлең шумақтарын білесіздер?
Қыздар тобы.
Қайран далам. Меніңдағы жүрегім тілім – тілім,
Алаңсыз ата – бабам сайраңдаған,
Көсіліп жатырсын –ау, қайран далам.
Толассыз қапылыстың, жарылыстың
Уытын өн бойына жайған далам.
Аң – құсың безіп кетті пана таппай,
Меніңдағы жүрегім тілім – тілім,
Жазылмайтын мәңгіге жарақаттай,
Армансыз ата – бабам сайраңдаған,
Қоңырсып жатырсын – ау, қайран далам.
Өрт шалып өзегіңді тұрған кезде,
Тыныштық бола қойсын, қайдан маған?
Ұлдар тобы. Нулы жерінің нуын, сулы жерінің суын, аққулы көлімнің сәнін алатындай не жазды, қасиетті Абай жері?
Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде 2000 – жылға дейін арнаулы жоспар жасалғаны белгілі. Бұрын табиғаттың мұқтажына кім назар аударып еді. Табиғат байлықтарын пайдалану мәселелеріне министрліктердің жауапсыз қарауы салдарынан еліміздің бірқатар аймақтары экологиялық дертке душар болды. Басқарудың тиімді экономикалық әдістерін енгізу арқылы, Арал мен Балқаш аралығындағы адам мен табиғаттың өзара
Тыңайтқыштарды ұтымды пайдаланып, қоршаған ортаға лас заттарды бөліп шығаруға жол беріліп, Балқаш көлінің суында мыс, мырыш, бор және азот қоспалары шамадан тыс артып кетті. Аралдан алынған 1000000 текше метр су текке рәсуа болып жатыр. Бұл суды ұтымды пайдаланса, Арал теңізін аман сақтап қалуға болады демекпіз.
14-сұрақ. Табиғат туралы қандай жұмбақтар білесіздер?
Қыздар тобы.
Құрғак жерде сақтайсын,
Онсыз тамақ татпайсын.
/тұз/
Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді.
/күн/
Бір нәрсе бетінде жоқ, ой менен қыр,
Өзіңнің кіндігінен айналып жүр.
Өзіне назар салып қарасаңыз,
Келбеті жер жүзінің көрініп тұр.
/глобус/
“Айт” десе, жүгірмес,
Су тисе, сілкінбес.
/шөп/
Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады
Қыста жақсаң – жаның рахат табады .
/ағаш/
Жер көрдім қаласы бар
Үйлері жоқ мекендейтін,
Көл көрдім, өзең көрдім,
Сулары жоқ тереңдейтін.
/карта/
Үлкен – улкен түйені
Тастапты адам шөгеріп.
Өркеші бұлтқа тиеді,
Бауыры жатыр көгеріп.
/тау/
Әдемі түнде мен жүрсем жүреді бірге.
/ай/.
15-сұрақ. Табиғат туралы қандай мақал – мәтелдер білесіздер?
Ұлдар тобы. Тұған жер - алтын бесік. Жер – ырыстың кіндігі. Жер – ана, ел – бала. Тозған жерде тоқшылық болмайды. Көлдің көркі – құрақ, таудың көркі – бұлақ. Бір ағаш кессең, он ағаш отырғыз. Орман көп болса, олжаң көп. Дана көптен шығады, дәрі шөптен шығады.
1 – бастаушы.Жас достар, табиғатты сүйіңдер!
Табиғат – Отан байлығы.
«Заман – ай» әні хормен орындалады.
2 – бастаушы. Табиғатты тарылтпайық.
Мөлдір кәусар тынысын.
Пәк табиғат!
Жүрегімнің тамылжыған жырысың.
Ей, адамдар!
Қалай ғана қатыгездік жасайсың.
Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың.
Отанын, туған жерін сүйетін ұлтжанды азаматтар тәрбиелеуде танымдық ой әрекеттерін дамытатын тәрбие сағаттарының маңызы зор.
Қорытынды: Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет, қош сау-саламат болыңыздар!!!
Кері қайту
Достарыңызбен бөлісу: |