Байдулина Баян Омархановна жаса, жайна, ТӘуелсіз елім!



бет3/11
Дата25.08.2017
өлшемі2,52 Mb.
#26127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

І тур Бәйге


2кл Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? ата(қатаң,ұяң,үнді)

3клҚазақ тілінде неше дауысты дыбыс бар?(12)

4кл Сөздің түпкі мағыналы бөлшегі қалай аталады?(түбір)

2клҚазақ тілінің әліпбиі неше әріптен тұрады?(42)

3кл Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?(2: дара сын есім,күрделі сын есім)

4клЖалғаудың неше түрі бар?(4: көптік,септік,тәуелдік,жіктік)

2клҚазақ тілінде буынның неше түрі бар?(3:ашық,бітеу,тұйық)

3клСын есім қандай сұрақтарға жауап береді?

4клСын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?(2: дара сын есім,күрделі сын есім)

ІІ тур Полиглот


Жүргізуші: Бұл ойында мақал-мәтелдің түсіп қалған сөздерін тауып, үш тілдегі баламасын айтады.бір сұраққа жауап беріп, бір нұсқасын айтса 5 ұпай, қазақша,орысша,ағылшыншасын айтса 15 ұпай жинайды.

1.Өнер алды – қызыл ….



(Тіл-язык-Ianguage)

2.Тіл…жарады…жармаса бас жарады.



(тас-камень-stone)

3…тамған тілден у да тамар.



(бал-мед-honey)

4. …кілті –тіл. (білім-знание-knowline)

5. … аласынан сөз аласы жаман (көз-глаза-еуе)

6. Жалқаудың жаны тәтті, еңбектің … тәтті.



(нан-хлеб-beed)

7. Таяқ еттен өтеді, … сүйектен өтеді.



(сөз-слова-word)

Жүргізуші: Ұпайы аз екі оқушы сайыстан шығады.Қошеметпен шығарып салайық.

ІІІ тур Әдебиет әлемі

1. Сүйемін туған тілді-анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Шыр етіп жерге түскен минутымнан,

Құлағыма сіңірген таныс үнін.

Қай ақынның өлеңі? (Сұлтанмахмұт Торайғыров)

2. Туған тілім-тірлігімнің айғағы,

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Қай ақынның өлеңі? (Әбділда Тәжібаев)

Ұпайы аз оқушыны қошеметпен шығарып салады.



ІҮ тур «Шешендік өнер»

Жүргізуші: бұлсайыста сайыскерлеріміздің бүгінгі танда өте кең таралған тіл мәселесі жайында «Ана тілім -ардағым» тақырыбына қатысты сайыскерлеріміз тіл туралы білетін өлеңдерін мәнерлеп оқып береді.Сайыскерлеріміздің шешендік, тыңдаушыларын баурап алу, өзін-өзі ұстай білу өнерін тамашалаймыз. Ұпайы аз оқушы сайыстан шығарылады.

Ү тур «Жорға»

Жүргізуші: Бұл турға ұпай саны бойынша алда келе жатқан екі оқушы қатысады. Ойыншыларымыз 1 минут ішінде 10 сұраққа жауап береді.



Бірінші сайыскер

1-сұрақ

Қазақ тілінде неше септік бар? (7)



2-сұрақ

Абайдың шын аты кім? (Ибрахим)



3-сұрақ

Қазақ тілінде сөйлемнің неше тұрлаулы мүшелері бар,ата. (2)



4-сұрақ

“Менің атым Қожа”шығармасының авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)



5-сұрақ

“Төбе шашы тік тұру” тұрақты сөз тіркесі қандай мағына береді? (қорқу)



6-сұрақ

“Әсемпаз болма әрнеге” өлеңінің авторы? (Абай)



7-сұрақ

Сын есімнің сұрақтарын ата? (Қандай?Қай?)



Екінші сайыскер

1-сұрақ

“Жапон балладасын” кім жазды? (Ғабит Мүсірепов)



2-сұрақ

Зат есімнің сұрақтарын ата? (Кім?Не?)



3-сұрақ

Қазақ тілінде сөйлемнің неше тұрлаулы мүшесі бар? (2)



4-сұрақ

“Қас пен көздің арасында” тұрақты сөз тіркес қандай мағына береді? (Жылдам,лезде)



5-сұрақ

Сөмкеге бақа салатын қай кейіпкер? (Қожа Қожаберген Қадыров)



6-сұрақ

“Аухау-аухау,шөре-шөре” деп нелерді шақырамыз? (бұзау,лақ)



7-сұрақ

Етістіктің сұрақтарын ата? (Қайтті?Қайтеді?Не істеді?)



Сайыстың қорытындысы шығарылып, ойын жеңімпазы марапатталады.

Жүргізуші: Ана тілің-арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте, - деп Қадыр ағамыз жырлағандай, ана тілінің мәртебесін көтеріп, құрметтейік! Жасай бер, ана тілім-қазақ тілім!


Казангапова Сулушаш Аугановна
Қолөнер – мол өнер

Мақсаты: Оқушылардың ұлттық қолөнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп,

оның дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, эстетикалық талғамын арттыру.



Белсенді тақтада: ою түрлері,ою бейнеленген қолөнер бұйымдары

Көрнекілігі: шарлар, буклеттер,кітаптар

қолөнер көрмесі :оның бір бөлігі балалардың қолынан шыққан

бұйымдар.Екінші,негізгі бөлімге қолдан тоқылған кілем,текемет,сыр-

мақ,алаша т.б. бұйымдар қойылады.

Өнегелі сөздер мен мақал – мәтелдер:

1.Балам өнерлі болсын десең,

Өнегеңді көрсет.

2.Қолөнер – мол өнер.

3.Өнер талаптан туады.

4.Өнерліден үйрен,

Өнерсізден жирен – деген сөздер жазылып ілінеді.

Өткізу жоспары

І. Кіріспе сөз.

ІІ. Ою еліне саяхат.

ІІІ. Көрмеге шолу.

ІҮ. «Он саусағы майысқан,

Шебер болар ма екенбіз» атты жарыс:

1. Мақал-мәтелдер сайысы.

2. Ою ою.

3. Ою жапсыру және тігу.

Ү. Рефлексия: /Бүгінгі ертеңгілікте алған әсерлері және қорытынды ой-пікірлерін

тыңдау/

Тәрбие сағатының барысы:

І.Кіріспе сөз.



Мұғалім: Қолөнер қолмен істеліп жасалатын жұмыс.Халық тұрмысындағы өру,ою,зергерлік тігу,тоқу,жону,құрастыру бәрі де халықтың қолөнеріне жатады.

Ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа көбірек тараған қолөнерінің бір түрі ою-өрнек.Өйткені,ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ.А.Македонский: “Қай үйге кірсем де жердегі киіздің бетінен оюдың бір ғана түрін көрем.Сөйтсем мен қазақтың киіз кітабының үстінде дем алып отырған екем.Бұл қазақ деген халықтың адамгершілігін күннің мейірімділігімен теңеуге болады екен”. – депті.



ІІ. Бүгінгі тәрбие сағатында ою еліне саяхатты 2-сынып оқушылары жасайды.

1-оқушы: Мүйіз оюы ертеден бізге дейін сақталып жеткен басты өрнектердің бірі.





2-оқушы: Қошқар мүйіз -әл ауқатымыз жақсы,молшылықтамыз деген белгі.Мүйіз оюдың бірнеше түрі болады:арқар,сыңар,сынық, қос мүйіз.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет