Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020


Дәріс » терминінің екі мағынасы бар: ол  форма



Pdf көрінісі
бет11/93
Дата13.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#157950
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93
Дәріс
» терминінің екі мағынасы бар: ол 
форма 
және 
әдіс
. Дәріс 
қашанда жаппай ӛтеді. Ол кӛрнекілік және демонстрациялау қҧралы ретінде 
компьютерді пайдалану арқылы ӛткізіле алады, ол ҥшін дәріс компьютерлік 
сыныпта ӛтуі керек. Оқушыларда компьютерде алдын ала дайындалған 
конспектілері болған кезде (мысалы, гипермәтін немесе презентациялар 
тҥрінде) танымдық қызметтің ӛзін-ӛзі басқару деңгейі жоғарылап
маңыздысын жаза алмай қалу ҥрейі жоғалады. Оқушылар конспектінің 
баспалық тҥрін де ала алады. А.И.Бочкин атап ӛткендей, егер қағаз бетінің 
сол жағында негізгі мәліметтің тезистері, оң жағында оқушының ой-пікірін 
жазуына орын қалдырылса конспекті оңтайлы болар еді. Бҧл әдіс оқушының 
жеке әрекет етуіне, ойлау қабілетін дамытуға ӛз әсерін тигізеді.
Семинар 
фронтальды формадан жеке жҧмыс жасауға ауысу тҥрі болып 
табылады, сол себепті информатиканы оқытуда ӛз маңызын сақтап қалып 
отыр.
«Кӛзбе-кӛз» компьютерлік әдістің дербестігін алдын алуда ҧжымдық 
жҧмыс формалары да семинарда іске асады. Семинарда 
рөлдік ойындарды 
қолдану да ӛте орынды, себебі оларды талқылап отыру керек.
Оқушы семинар жҧмысының қорытындысы қалай шығарылатындығын 
білуі тиіс. Оқушы нені тапсыру керектігін білу ҥшін, ықтимал бақылау 
нәтижелерінің тізімін келтіріп кетейік:
1) тҥзетілген, енгізуге дайын алгоритм мәтіні;
2) ЭЕМ-сіз толтырылған алгоритмді орындау кестесі;
3) бағдарламамен болатын диалог жобасы;
4) нҧсқаулық бойынша сҧрақ жауаптары;
5) ӛзінің немесе ӛзгенің бағдарламасының нҧсқаулығы;
6) ӛзінің немесе ӛзгенің бағдарламасына ой-пікірі;
7) бағдарлама жҧмысынан кҥтілген нәтижені сипаттау;
8) ойынға қатысушыларының рӛлдік әрекетін сипаттау, белгіленген 
қателіктерді анықтау.
Жобалы оқыту түрі. 
Оқытудың бҧл тҥрі, оқушылардың 
шығармашылық әрекеттеріне негізделеді. Жобалы оқыту тҥрінің белгілері 
келесідей:
- жобаға дайындықтың ҧйымдастырушылық кезеңінің болуы – ӛзіндік 
таңдау мен шешім нҧсқасын әзірлеу, бағдарламалық және техникалық 
қҧралдарды таңдау, ақпарат кӛзін таңдау;
- жоба қатысушылары арасынан лидерді таңдау (ҧйымдастырушы, 
ҥйлестіруші), рӛлдерді ҥлестіру;
- ӛзін-ӛзі сараптау және ӛзін-ӛзі бағалау кезеңінің болуы (қызмет 
рефлексиясы), нәтижені қорғау және орындау деңгейін бағалау;
- әрбір топ жеке жобаны әзірлеумен айналыса алады немесе ҧжымдық 
жобаны әзірлеуге қатысу мҥмкіндігі бар.


22 
Экскурсиялар 
– информатиканың ӛндірісті басқаруын немесе ЭЕМ-ді 
қолданатын мамандықтарды кӛрсету ҥшін ҧйыдастырылады. Бҧл сабақ не 
курс басында, не соңында ӛткізіледі.
Сабақ1
. Педагогика бойынша классикалық оқу қҧралдарында – 
сабақ 
(басқа да оқу формаларымен толығып отыратын) 
оқытудың негізгі 
ұйымдастырушылық формасы ретінде қарастырылады. 
1 2.4-бӛлімде қарастырылды.
Мектепте жиі қолданылатын ҧйымдастырушылық форма 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет