Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020



Pdf көрінісі
бет74/93
Дата13.11.2022
өлшемі1,47 Mb.
#157950
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   93
Зертханалық жҧмыс №9 
«ГРАФИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ӚҢДЕУ» БӚЛІМІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
 
Жоспары: 
1.
Графиктік ақпаратпен жҧмыс істеу технологиясы
 
Әдістемелік нұсқау
Компьютерде бейнені ҧсыну проблемасы екі – растырлық және векторлық 
тәсілдері арқылы шешіледі. Растырлық тәсілде бейне бір тҥсті кішкентай 
элементтерге –бейнепиксельдерге бӛлінеді, олар қосылғанда жалпы бір сурет 
пайда болады. Растрлық бейнеақпарат – кішкентай элементтердің тҥстері 
бойынша, рет-ретімен орналасуы. Векторлық тәсілде – кез келген бейне 
геометриялық элементтерге: тҥзу кесінділерге, эллипісті доғаларға, тік 
тӛртбҧрыштың, шеңбардің фрагменттеріне және т.б. бӛлінеді. Мҧндай тәсілде 
бейнеақпарат – дисплей экранымен байланысты координаталар жҥйесінде, 
аталған элементтердің математикалық сипаттамасы болады. Векторлық тәсіл 
сызбаны, схемаларды, штрихты суреттерді ҧсынуға қолайлы. Векторлық тәсіл 
әмбебап екені ӛзінен ӛзі тҥсінікті, ӛйткені ол бейненің сипатына байланыссыз 
қолданыла береді. Қазіргі уақыттағы дербес компьютерде тек растрлық 
дисплейлер қолданылады. Бейнеақпарат – компьютердің жадында сақталынған 
бейне туралы экранға жаңғыртылатын ақпарат. Бейнежады – экранға бейнені 
жаңғырту уақытында, бейнеақпаратты сақтайтын жедел жады. Бейнежадыдағы 
ақпарат (бейнеақпарат) – экранның әр пикселінің тҥстері кодтарының жиыны. 
Яғни, бейнені кӛрсету тҥстерді кодтаумен байланысты. Дисплей экранында тҥрлі 
тҥстер алудың физикалық принципі негізгі ҥш тҥсті: қызыл, жасыл, кӛкті 
араластыруға негізделген. Демек, пиксель тҥсінің кодында әрбір негіздік тҥстің 
ашықтық ҥлесі (орысш. – интенсивность) туралы ақпарат болуы керек. 
Оқушылардың назарын тҥстің коды мен негізгі тҥстер қоспасындағы қҧрамның 
байланысына аударған жӛн. Егер ҥш тҥс қҧраушылардың барлығының ашықтығы 
бірдей болса, онда олардың қоспасынан 8 (2
3
) әртҥрлі тҥс алуға болады.
Компьютерлік графиканы қолдану қосымшаларына: ғылыми, іскерлік
конструкторлық, кӛрнекілік (иллюстрациялық), кӛркем және жарнамалық 
графика жатады. Компьютерлік графикалық технологиялар мына негізгі 
салаларда қолданылады:


107 

пайдаланушының графикалық интерфейсі;

арнайы әсерлер (орысш. – спецэффекты), кӛзбен шолу әсерлері (орысш. – 
визуальные эффекты, VFX), цифрлы кинематография;

цифрлы теледидар, дҥниежҥзілік тор, бейнеконференция;

цифрлы фотография және фотографияларды ӛңдеу мҥмкіндіктерінің ӛсуі;

цифрлы суреттер;

ғылыми және іскерлік деректерді гафика тҥрінде кӛрсету;

компьютерлік ойындар, виртуалдық шындық жҥйелері (мысалы, ҧшақты 
басқарудың жаттығу қҧрылғысы);

автоматтандырылған жобалау жҥйелері;

компьютерлік томография;

кино және теледидар ҥшін компьютерлік графика;

лазер графикасы.
Компьютерлік графика — бҧл оқушылардың нақтылы кӛзбен кӛруін қажет 
ететін ақпараттық технологиялар аймағы. Сондықтан компьютерде компьютерлік 
графиканың әртҥрлі ӛнімдерін: бояулы суреттер, схемалар, сызбалар, 
диаграммалар, анимациялық және ҥш ӛлшемді графика ҥлгілерін кӛрсету ӛте 
маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет