Байырғы қазақ өлшемдері



бет2/4
Дата23.04.2024
өлшемі30,46 Kb.
#201222
1   2   3   4
Байланысты:
матем реферат
гост казак тили, ПЗ 6 тақырып, shagraeva bb organikalyk khimiia esepterin shygaru tsilderi, Ашықтұқымды және жабықтұқымды өсімдіктердің тіршілік циклі, Биология кабинетінің қызметі
Ұзындық өлшемдері
Қазақ ұзындық өлшемдерін – бір елі, бір сүйем, сынық сүйем, бір қарыс (кере қарыс), бір қадам, бір құлаш, әудем жер, айғай жетер жер, көз көрім жер, бір шақырым жер, қозыкөш жер, көш жер, тай шаптырым, құнан шаптырым, атшаптырым жер т.б. деп атайды. Бұдан сырт биіктік өлшемдерін «кісі бойы», «арқан бойы», «құрық бойы» деп атайтыны да бар. Бұл ұзындық өлшемдердің ең қысқасы – елі. Саусақтың көлденеңін «елі» деп атайды. Сонда бір елі дегені – 1,5см, екі елі дегені – 4-5 см, төрт елі дегені – 8-9 см, бес елі дегені 10-11 см-ға тура келетін көрінеді. Әдетте, жылқы сойғанда жылқының семізарығы қазысының қанша елі шыққандығымен өлшенеді.
Айталық, жылқының арықтауын «бұлт қазы», «пышақ сырты болды» деседі. Мұнысы жарты см немесе онан да жұқа дегенді білдіреді. Ал тәуір қазыны – екі елі, ең семізін «төрт елі» немесе «табан қазы» деп атайды. Сондағы екі елі дегені – 5 см, табан қазы дегені 10 сантиметрдің айналасына тура келеді. Сол тәрізді сынық сүйем – 14-15 см, бір сүйем – 18-19 см, бір қарыс 20-21 см-ға тура келеді. Міне, осы «елі», «сүйем», «қарыс» деп аталатын өлшемдер қазақ өмірінде өте үлкен роль атқарған. Айталық, киім пішу, киім тігу, сырмақ жасау, тұскиіз кестелеу, үй ағаш жасау, киіз басу және қолөнер бұйымдарын жасаудың бәрі де осы өлшемдер бойынша орындалып отырған.
Ол көбінде сол өңірдегі белгілі бір өнер иесінің қарыссүйемдерімен өлшеніп отырғандықтан, тегіс, бірыңғай, олпысолпысы аз, бір зауыттан, бір қалптан шыққандай көрікті әрі әдемі болып жасалған.
Қазақта құлаш пен қадамның ролі де өте зор болған. Әдетте, құлаш – 1,5 метр, қадам бір метр шамасына тура келеді. Арқанжіп есуде және басқа кейбір ұзындық өлшеу жұмысында көбірек құлаш өлшемі қолданылған. Мысалы, тең жіп көбінде екі құлаш төңірегінде дайындалады. Мұнысы үш метрге тура келеді. Ал арқан 5-6 құлаш төңірегінде еселеді. Мұнысы 9-10 метр шамасына тура келеді. Жер өлшеуде көбірек табан және қадам өлшемі қолданылған. Бір табанның ұзындығы – әдетте, 30-40 ссм, ал бір қадамның ұзындығы 1,30-1,50 метрге тура келетін көрінеді.
Қадам өлшемі ханзудың ежелгі халықтық өлшемінде де қолданылған екен. Мысалы, Санши өлкесінен шығатын «Санши метрологиясы және өлшемі» журналының 1993 жылғы №1 санында мынадай деректер келтірілген. «Чйн хандығы дәуірінде бір қадам – 6 чы, бір чы 0,231 метр деп есептеліп, бір қадам 1,39 метрге тура келеді» делінген. Осы есеп бойынша Таң дәуірінде бір қадам – 1,5 метр, Сұң дәуірінде – 1,536 метр, Манчиң дәуірінде – 1,6 метр, Минго дәуірінде 1,665 метр деп есептелген.
Қазақтағы қашықтық өлшемнің біріне атшаптырым өлшемі кіреді. Әдетте, атшаптырым жер 40-50 километрлік қашықтықты көрсетеді. Тай шаптырым, құнан шаптырым, 10-20 километрге тура келеді. Ал атшаптырымның ең қашығы – аламан бәйге. Ұзаққа жіберілетін мұндай бәйгелер көбінде 70-100 километр қашықтықтан жіберілетіндігі мәлім. Мұнан да ұзақ жолды қазақ «атқа бір күндік жол», «10 күндік жол», «3 айлық жол…» деп айтады. «Айшылық алыс жолдарды алты-ақ күнде басады» дейтін халық жырлары да содан туған.
Мысалы, Манчиң деректеріне қарағанда, кезінде Абылайдың сауда тоғанақтары Үрімжіге – 3 айда, ал Қабанбайдың сауда тоғанақтары бір айда келеді екен. Осыған қарап Көкшетау мен Үрімжі арасын – 3000 километр, Алакөл мен Үрімжі арасын 1000 километр деп шамалауға болады.


Елі — сұқ саусақтың еніне тең ұзындық бірлігі, шамамен 2 см тең өлшем. Қатар орналасқан екі саусақтың қалыңдығы - екі елі, үш саусақтың қалыңдығы - 3 елі, төрт саусақтың қалыңдығы - 4 елі болып аталады.
Буын – ортаңғы саусақтың ұшынан оның ортаңғы буынына дейінгі аралыққа тең ұзындық (шамамен 5 – 6 см) бірлігі. Сәулетті сарайлар мен түрлі ғимараттардағы ою-өрнектің мөлшері осы буынмен өлшенген. Ол тігін, киім пішу жұмыстарында да қолданылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет