Байырғы қазақ өлшемдері


Айшылық жол - атпен жүргенде бір айда жетуге болатын қашықтықты білдіретін өлшем. Шамамен 2500-3000 км. Көш жер



бет4/4
Дата23.04.2024
өлшемі30,46 Kb.
#201222
1   2   3   4
Байланысты:
матем реферат

Айшылық жол - атпен жүргенде бір айда жетуге болатын қашықтықты білдіретін өлшем. Шамамен 2500-3000 км.
Көш жер - көштің бір күнде жүріп өтетін қашықтығы, шамамен 20-30 км.
Қозы көш жер - көш кезінде қозылардың өз жүрісімен жүріп өтетін аралығы, шамамен 5-6 км болады.
Уақыт, мезгіл өлшемі
Қазақта уақыт мезгілдерін анықтайтын, жіктеп айыратын халық теңеулері мен өлшемдері өте бай. Ғалым Н.Уалиев өз еңбегінде мынадай атауларды келтіреді: таң, таң атқанда, таң құланиектенгенде, таң бозарып атқанда, таң сімірі, ереуіл таң, көгала таң, рауан таң, сабах, құлқын сәрі, сәскемәл, сәске, ерте сәске, ұлы сәске, қан сәске, сиыр түс, қозы түс, түс әлеті, түсімәлі, талма түс, талмау түс, анық түс, тал түс, шалқар түс, түс қия, бесін, айна бесін, қожа бесін, екінді, іңір, іңір қараңғысы, намазшам, ақсам батпай, құптан мезгіл, түннің бір ұйқысында, түннің екі ұйқысында, түн жарым, түн ортасы, түн ортасы ауған кез, таң қараңғысы.
Шамалық өлшемі
Шамалық өлшем – бір шымшым, бір атым, бір шөкім, бір түйір, бір шыны, бір қасық, бір шөміш, бір табақ, бір астау, бір шелек, бір қазан, бір тұлып, бір асым, бір күрек, бір таба, бір шара, бір жұтым, бір ұрттам, бір тістем, бір кесек, бір жапырақ, бір тамшы, бір дағар, бір мөшек, бір үйір, бір топ, бір қора, бір үзім, бір буда, бір ошар, бір көжелік, бір шайлық, бір уыс, бір жайым, т.б. сөздерімен аталады. Халқымыз ғасырлар бойы осы өлшемдерді қолдана отырып, өздерінің күнделікті жұмыстарын орындап, сауда-саттық істерін жүргізіп келген. Бұлардың ішінде «бір түйір», «бір шымшым», «бір тамшы», «бір атым», «бір ұрттам» деген сияқтылар осы шамалық өлшемнің ең аз шамасын көрсетеді. Бәлкім, қазіргі өлшеммен есептегенде миллиграмдық, грамдық өлшемдерге тура келуі мүмкін. Айталық, тарының түйірі, бидайдің бір түйірі, бір тамшы су, міне, осылар миллиграмдық өлшемге тура келуі ықтимал. Ал «бір асым», «бір дағар» деген сияқты шамалық өлшемдер едәуір мол дүниені көрсетеді. Қазақтың: «Құлахмет, ендеше, Құлахмет, Құлын сойса, болады бір асым ет” деген халық өлеңі бар. Бұған қарағанда, бір құлынның еті де бір асым етке кіретін көрінеді. Сол сияқты бір дағарға 100 килограмм астық сияды деп есептесек, бұл да едәуір мол өлшем. Әдетте қазақтың бір үйір жылқы дегені – 15-20 жылқы, бір қора қой дегені – 300-500 тұяқ. Бұл да аз сандар емес. Қазақтар көбінде малды нақ санақ бойынша санап дағдыланған. Мысалы, «10 мың қой біткен ірі бай», «5000 жылқы біткен жылқылы бай» деп аталады. Малға қатысты алыс-беріс те осы сан бойынша жүргізіліп отырған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет