ДЗ фармакокинетикалық өзара әсерлесуі Фармакокинетикалық өзара әсерлесулер дегеніміз –сіңірілу, тасмалдану, биотрансформация және экскрециялану кезеңдерінде ДЗ бір–бірімен өзара әсерлесуі. Фармакокинетикалық өзара әсерлесу салдарынан сезімтал мүшелер мен тіндердегі рецепторларға әсер ету үшін қажетті препараттың концентрациясы өзгереді.
ДЗ сіңірілу жылдамдығы препараттың әсерін тез алу керек болған, жедел жағдайларда өте қажет.
ДЗ сіңірілу толықтығының үлкен маңызы бар, өйткені, ол препараттың енгізілген мөлшері мен оның қандағы концентрациясы арасындағы қатынасына әсер етеді.
Асқазан мен ішектердің қышқылдығының жоғарлауы немесе төмендеуі ДЗ молекуласының ионизациясының және олардың липидтерде еру қабілетінің өзгеруіне әкеледі, оның салдарынан олардың сіңірілуі де өзгереді. Ішек қабырғасындағы липидті мембраналар арқылы иондалмаған, майда жақсы еритін заттар жақсы өтеді. Мысалы: антацидтер асқазан рН ортасын жоғарлатып, қышқылды ДЗ ионизациялану дәрежесін арттыра отырып, олардың липидтерде еруін төмендетіп, сіңірілу үрдісін баяулатады. Антацидтер тікелей емес антикоагулянттардың, кейбір сульфаниламидтердің нитрофурантоиннің, салицилаттардың, фенилбутазонның сіңірілуін тежейді