1. Экономикада қызмет атқару барысында конвергентті сектор - байланыс және ақпараттық технологиялардың – инфокоммуникация - деп аталатын индустриясы бар, ол телекоммуникациялар мен ақпараттық технологияларға, қондырғыларға, желілерге және басқа өндірістік ресурстарға, соның ішінде ақпаратқа негізделген қызметтерді көрсететін сала.
Конвергентті түрде байланыс пен информатиканың бірігіп дамуы - инфокоммуникациялық қызметтер - бұл тек технологияларға, жүйелер мен желілерге ғана емес, сонымен қатар қызметтерге, бизнес-процестерге және нарық құрылымына алуан түрде әсер етеді, өндіріс пен сатудың (бизнестің) экономикалық моделін және байланыс пен информатика қызметтерінің дәстүрлі қасиеттерін жаңа қасиеттерге айналдыруды анықтайды.