2. ИКТ саласындағы басқарудың мағынасы мен маңызы
Басқару деген, бұл өндірістің өнімділігін жоғарлату мен жалпы үнемдеу үшін, өндірістегі коллективке, жеке-дара жұмысшыға арнайы бағытталған үздіксіз әсер етуші шара, ал сол арқылы материалды затты еңбек элементіне әсер етуі.
Басқару мақсаты: бәсекелестік, тай-таластажеңіп шығу (аман қалу), ең жоғары пайда алу, белгілі нарыққа шығу.
Басқарудың негізінде жүйелі әдісі жатыр, ол үш күрделі құрылымды қарастырады: басқарушы субъект, басқарылатын объект және сыртқа орта. Басқарушы субъект ол жеке басшы, әйтпесе топталған басшылар болуы мүмкін. Басқарылатын объект, ол, басқарылатын жүйе - жеке жұмысшы, топтасқан адамдар және фирманың жалпы қызметкерлері болу мүмкін.
Басқару процесі – бұл жалпы барлық өндірісті басқару – жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау – комплекстерді қарастыратын процесс.
Жоспарлау дегеніміз мақсатты анықтап, осы мақсатқа жетудің жолдары мен мүмкіншіліктерін атап өтіп, осыларды жүзеге асыру.
Ұйымдастыру – бұл құрылымды құру, ынталандыру, ішкі тербеністі іске асыру.
Бақылау – бұл алынған нәтижені қойылған мақсатпен салыстырып өлшеу. Атқару қызметінің нәтижесін байқау, зерттеу, талдау – бақылауға жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |