Желінің жұмысқа қабілеттілігін және барлық Абоненттер үшін Қызметтерге теңдей қол
жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ жекелеген тұлғалардың басқа
Абоненттерге және үшінші тұлғаларға залал келтіру әрекеттерінің салдарын барынша азайту
үшін Оператор трафиктің кейбір түрлерін, соның ішінде Peer-to-Peer трафикті (торрент-
жүктемелерді) шектеуі мүмкін, сондай-ақ пирингтік файл алмасу желілері (BitTorrent және
басқ.) пайдаланылған жағдайда желіге қол жеткізу жылдамдығын шектеуі мүмкін. Сондай-ақ
байланыс арналарына түсетін жүктемелерді ретке келтіру үшін Оператор Қызметтердің
техникалық параметрлерін өз бетінше реттеуі мүмкін, соның ішінде трафиктің (дауыстық
және интернет-трафиктің) әртүрлі басымдықтарын орнатуды қоса алғанда.
3.2.
Осы Шарт бойынша Абонент қол жеткізетін қызметтер, соның ішінде акцияларды, арнайы
ұсыныстарды, бонустарды қоса алғанда:
1)
олардың тікелей тағайындалу мақсатына ғана пайдаланыла алады – дауыстық деректер,
хабарламалар беру және интернет-трафик;
2)
заңнамада және/немесе Шарттың талаптарында көзделген жағдайларда Оператормен
тоқтатыла тұруы немесе тоқтатылуы мүмкін, соның ішінде Абонентпен жасалған Шарттың
бұзылуын қоса алғанда, соның ішінде:
-
call-орталықтарда, сату орталықтарында, сервис орталықтарында, Абоненттік
бөлімдерде, әлеуметтік желілерде және Оператор мен Абонент өзара әрекеттесетін
өзге жағдайларда/орындарда Абоненттің жалпыға белгіленген этикалық тілдесу
нормаларын бұзуы (соның ішінде Оператордың жұмыскерлері мен өкілдеріне жаман
сөздер айту, қоқан-лоқы көрсету, тіл тигізу).
-
Абоненттің Шарт бойынша өз құқықтарын теріс пайдалануы (рұқсатсыз жаппай
SMS таратылымдары, лотереялар, Қызметтерді қайта сату, трафикті имитациялау
және генерациялу, нөмірлерді әдейі ауыстыру және т.б.)
3)
Интернет желісіне қол жеткізу қызметін қоспағанда, тарифтік жоспарлардың, бонустардың,
акциялардың шарттарымен, Оператор тікелей көздеген және жол берген жағдайларды
қоспағанда, Абонент немесе өзге үшінші тұлғалар коммерциялық мақсатта (пайда табу
мақсатында) пайдалана алмайды;
3.3.
Роуминг барысында төлем роумингтік әріптестердің шарттарына сәйкес жүргізіледі, олармен
Абонент өз бетінше танысып шығуы тиіс. Мұндай қызметтердің ақысын төлеуді Абонент осы
Шарт бойынша таңдалған төлем әдісіне сәйкес жүзеге асырады. Көрсетілген қызметтердің
құнын есептеу – роумингтік әріптестерден ақпараттың келіп түсуіне қарай жүзеге асырылады.
Роумингтік әріптестердің шарттарына қарай, роуминг-әріптестердің дербес шоттан қаражатты
шығынға жазу жөніндегі ақпараттың келіп түсуі 30 (отыз) күнге дейін кешігуі мүмкін.
Абонент роуминг бойынша көрсетілген Қызметтердің құнын - роуминг бойынша іс жүзінде
көрсетілген қызметтер көлемінде төлеуге міндетті.
Достарыңызбен бөлісу: