Байланыс қызметін көрсету туралы жария шарт Құрметті абоненттер!



Pdf көрінісі
бет8/9
Дата18.01.2022
өлшемі242,29 Kb.
#129433
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
1591262769 kaz.-publichnyy-dogovor-tele2.pdf
treatise169244, analiz uchebnikov, ЖАРЫҚБАЕВ Қ. Жалпы психология
7.

 

Оператордың құқықтары 

Оператордың келесі құқықтары бар: 

7.1.

 

Қысқа  мәтіндік  хабарламамен  немесе  өге  әдіспен  Абоненттің  Қызметтерді  әрі  қарай  алуы 



мақсатында  аванстық  төлем  жасау/шотты  төлеу  қажеттілігі  туралы  Абонентке  хабарлауға 

құқылы,  егер  Абоненттің  дербес  шотындағы  ақшалай  қаражат  толығымен  пайдаланылған 

болса және/немесе шот уақытылы және/немесе толығымен төленбеген болса; 

7.2.


 

Абонент  Қызметтердің  ақысын  төлемеген немесе  уақытылы  төлемеген  жағдайда  (аванстық 

төлем жасамаған және/немесе шоттарды төлемеген жағдайда), хабарлама жіберу және/немесе 

алу дерегіне қарамастан абонентке Қызмет көрсетуді біржақты тәртіпте тоқтату;  

7.3.

 

Егер  абоненттің  дербес  шотындағы  ақшалай  қаражат  Қызметтерді  ұсыну  үшін  жеткіліксіз 



болса, Абонентке Қызмет көрсетуді тоқтата тұру. Қызмет көрсетуді жалғастыру – Абоненттің 

дербес шотына ақшалай қаражат келіп түскеннен кейін орын алады;  

7.4.

 

Тиісті  ақпаратты  Оператордың  сайтында  жариялай  отырып  немесе  қысқа  мәтіндік 



хабарламалар жіберу жолымен немесе Оператор үшін қолжетімді басқа әдістермен Шарттың 

талаптарына, сондай-ақ Қызмет көрсету шарттарына өзгертулер немесе толықтырулар енгізу. 

Егер  Абонент  өзгертілген  шарттармен  келіспейтін  болса,  Абонент  Оператормен  жасалған 

Шартты бұзуы тиіс; 

7.5.

 

Тарифтік  жоспар  және  (немесе)  қызмет  жойылған  жағдайда  Абонентті  өз  қарауы  бойынша 



өзге  тарифтік  жоспарға  немесе  қызметке  ауыстыру,  егер  де  Абонент  ағымдағы  тарифтік 

жоспардың және (немесе) қызметтің жойылатындығы туралы хабарлама алғаннан кейін басқа 

тарифтік жоспарға немесе қызметке өтпеген болса; 

7.6.


 

Оператордың сайттарында тиісті ақпарат орналастыру арқылы бұл туралы Абонентті хабардар 

ете  отырып  Оператордың  қосымша  қызметтерін  тегін  ұсыну.  Абонент  Оператордың 

анықтамалық-ақпараттық  қызметіне  жүгіне  отырып,  сондай-ақ  Оператордың  сервис 

қызметтерінің  (автоматты  қызмет  көрсету  жүйесі,  USSD,  SMS)  көмегімен  ажырату  арқылы 

Оператордың тегін қызметтерінен бас тартуға құқылы. Қызметтерді ажырату туралы ақпарат 

Оператордың сайттарында орналастырылады; 

7.7.


 

Оператордың желісі арқылы үшінші тұлғалардың көрсететін қызметтері үшін төлем ұстау; 

7.8.

 

Абонентте қол жеткізілген Қызметтер үшін берешек болған жағдайда, берешекті өндіріп алуға 



үшінші  тұлғаларды  тарту,  бұл  ретте  Абонент  Оператордың  осындай  тұлғаларға  осы  Шарт 

аясында алынған және берешекті өндіріп алу үшін қажетті ақпаратты  (соның ішінде дербес 

деректер мен қызметтік ақпаратты қоса алғанда) ұсынатынымен келіседі;  

7.9.


 

Оператормен  анықталатын  Қызметтерді  Абоненттің  келешек  төлемдері  есебіне  ұсыну. 

Ұсынылған Қызметтердің құнын төлеу – өзінің дербес шотын Абоненттің толтыруы жолымен 

және Оператордың аталған шоттан ұсынылған Қызметтердің құнын шығынға жазуы жолымен 

жүргізіледі, бұған Абонент Қызметті қосу жолымен өз келісімін береді;  

7.10.


 

Оператордың анықтамалық-ақпараттық қызметіне келетін кіріс қоңырауларын жазуды жүзеге 

асыру.  Абонент  Оператордың  қызметіне  қатысы  жоқ  мәселелер  бойынша  бірнеше  рет 

жүгінген жағдайда немесе Оператордың жұмыскерімен әдепсіз тілдескен жағдайда Оператор 

оның анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсетуге қол жеткізуін шектеуге және/немесе онымен 

жасалған Шартты бұзуға құқылы; 

7.11.

 

Шарт бұзылған, қолданылу мерзімі тоқтатылған және/немесе абоненттік нөмір алынған сәттен 



бастап  3  (үш)  жылдың  ішінде  абоненттің  дербес  шотынан  ақшалай  қаражаттың  қалдығын  

шығынға жатқызып, оны өз табысына айналдыру, егер Абонент жоғарыда көрсетілген кезеңде 

оған ақшалай қаражаттың қалдығын қайтару туралы өтініш ұсынбаған болса;  

7.12.


 

Қате төлем жасаған тұлғалардың, төлем жүйелерінің, банктің немесе өге уәкілетті тұлғалар 

мен ұйымдардың талап етуіне байланысты рұқсатсыз төлемнің салдарынан алынған ақшаны 

Абоненттің дербес шотынан шығынға жазу; 




7.13.

 

Көрсетілетін Қызметтердің лимитін белгілеу. Лимиттің көлемі алдыңғы кезеңдерде Интернет 



желісіне қосылудың қарқындылығына, шоттардың уақытылы төленуіне және/немесе кепілдік 

жарнасының  көлеміне  қарай  есептеледі.  Көрсетілген  Қызметтердің  құны  белгіленген 

лимиттен  асқан  жағдайда,  Оператор  Қызмет  көрсетуді  тоқтата  тұруға  құқылы,  ал  Абонент 

Оператордың іс жүзінде көрсеткен Қызметтері үшін төлем жасауға міндеттенеді; 

7.14.

 

Операторға  бағынбайтын  жағдайлар  мен  техникалық  параметрлерге  байланысты 



Қызметтердің  әртүрлі  шектеулерін,  соның  ішінде  SMS  көлемін  (160  латын  немесе  70 

кириллица символы) қолдану және тиісті тарифтеуді жүзеге асыру; 

7.15.

 

Дербес  шотта  ақша  аяқталған  сәтте  Абоненттің  байланыс  қызметтерін  пайдалануы 



салдарынан  Оператордың  алдында  Абоненттің  берешегі  туындауының  алдын  алу  үшін, 

Абоненттің дербес шотында ақшалай қаражатты резервтеу. Резервтеу – абоненттердің заңды 

мүдделерін қорғау және қолданыстағы заңнаманы сақтау мақсатында LTE желісінде 30мб, 3G 

және  2G  желілерінде  15мб  және  1  минут  сөйлесу  құнына  тең  сомада  жүргізіледі.  Соманы 

резервтеу  –  ағымдағы  интернет-сессия  жабылғаннан  кейін  және/немесе  сөйлесуден  кейін 

артынша  болдырмай тасталады және Абонентке  резервтеу сомасын дербес шотына қайтару 

жүзеге асырылады; 

7.16.


 

Оператордың  алдында  Абоненттің  берешегі  бар  болған  жағдайда  абоненттік  нөмірді 

Көшіруден бас тарту;  

7.17.


 

Абонент Қызметтерді пайдалану шарттарын, Оператордың желісі арқылы көрсетіліп жатқан 

үшінші тұлғалардың қыметтерін, Шарттың талаптарын немесе Қазақстан Республикасының 

заңнамасын бұзған жағдайда Абонентке қызмет көрсетуді тоқтата тұру немесе тоқтату; 

7.18.

 

Абонентке кредиттік немесе аралас есеп айырысу тәртібімен кредиттік лимит ұсыну туралы 



шешім  қабылдау,  Абонентке  кредиттік  лимиттің  жоғарғы  шегін  белгілеу,  сондай-ақ  оны 

өзгерту  немесе  Абонентке  кредиттік  есеп  айырысу  тәртібін  пайдлануға  ұсынудан  біржақты 

тәртіпте бас тарту; 

7.19.


 

Оператор келесілер үшін жауапкершілік көтермейді: 

7.19.1.

 

Оператордың  желісін  пайдалану  арқылы  Абоненттерге  көрсетілетін  үшінші 



тұлғалардың, соның ішінде контент-провайдерлердің сервистері мен қызметтері, соның ішінде кез-

келген үшінші тұлғалардың қызметтерінің мазмұны мен сапасы, ұсынбауы немесе ұсынуы;  

7.19.2.

 

кездейсоқ,  тікелей  емес  залалмен  байланысты  Абоненттің  болжалды  шығындары, 



соның  ішінде  Абоненттің  пайданы  жоғалтуымен,  іскерлік  белсенділігінің  үзілуімен  және 

Оператордың  Қызметтерін  пайдалану  кезінде  туындайтын  басқа  материалдық  жоғалтуларымен 

(уыстан шығарып алған пайда) байланысты залалмен шектелместен; 

7.19.3.


 

Операторға  бағынбайтын  себептермен  орын  алған  Оператор  желісінің  жұмысының 

олқылығы,  сондай-ақ  осы  шарт  талаптарының  өзге  жолмен  орындалмауы  немесе  тиісінше 

орындалмауы,  соның  ішінде  үшінші  тұлғалардың,  мемлекеттік  органдардың  әрекеттерін  және 

еңсерілмейтін күш жағдайларын (форс-мажор) қоса алғанда; 

7.19.4.


 

телефон  нөмірлерін  қате  терумен  байланысты  Абоненттің  шығындары,  егер  олар 

Оператордың  техникалық  қызметтерімен  тіркелген  болса,  сондай-ақ  теңгерімді  қате  толтыру 

барысындағы және теңгерімді толтыру карталарын жүктеу барысындағы Абоненттің қателіктері; 

7.19.5.

 

Абоненттің  зақымданған  немесе  сәйкес  келмейтін  абоненттік  құрылғыларды,  соның 



ішінде  Оператордың  жиілікті  диапазонын  қолдамайтын  құрылғыларды  пайдалануы  салдарынан 

Оператордың Қызметтері сапасының болжалды нашарлауы; 

7.19.6.

 

басқа операторлардың және үшінші тұлғалардың байланыс желілерінің сапасы, сондай-



ақ  Оператордың  қызметтері  басқа  компаниялармен  ұсынылатын  қызметтермен  бірге  ұсынылған 

жағдайда  (соның  ішінде  хостерлер,  сайттардың  меншік  иелері,  сондай-ақ  Қазақстан 

Республикасының  аумағынан  тыс  жерде  орналасқан  серверлердің/сайттардың  қызметтерін 

пайдаланған жағдайда, және т.б.);  

7.19.7.

 

үшінші  тұлғалармен  (контент-провайдерлер,  басқа  абоненттер  және  басқ.)  жүзеге 



асырылатын және/немесе бастамашылық етілетін SMS-таратылымдар және олардың мазмұны; 

7.19.8.


 

Қызметтер арқылы Абоненттің үшінші тұлғаларға келтірген кез-келген зияны және кез-

келген түрдегі ақпараттың таратылуы;  

7.19.9.


 

абоненттік құрылғыны және Қызметтерді пайдалану кезіндегі кез-келген жоғалтулар, 

шығындар, жазатайым уақиғалар, Абонент денсаулығының зақымдануы немесе оның өлімі; 



7.19.10.

 

осы тармақ болмаған жағдайда қандай да бір құқықтық негіздемелер бойынша 



Операторға қуыным ұсынуға әкелуі мүмкін болатын кез-келген себептермен немесе немқұрайлықпен 

абоненттің жасаған кез-келген әрекеттері немесе қателер; 

7.19.11.

 

Абонентпен  көрсетілген  электорндық  мекенжайға  шоттың  жағдайы  туралы 



ақпаратты,  тәптіштелген  шоттарды  жіберумен  байланысты  Қызметті  абонент  таңдаған  жағдайда 

тәптіштелген шоттағы ақпарат болып табылатын абоненттің құпия ақпаратының жылыстауы. 

7.20.

 

ҚР Азаматтық кодексінің 8 және 11 баптарының талаптарын орындау мақсатында және 



Абоненттің  Қызметтерді  саналы  түрде  пайдалану  үшін,  бір  Абонент  -  жеке  тұлға  пайдалануға 

берілген  абоненттік  нөмірлер  санына  Оператор  лимит  белгілеуге  құқылы.  Егер  Абонентке 

Қызметтерді кәсіпкерлік қызмет үшін пайдалану қажет болса, Абонент корпоративті топты Оператор 

белгілеген шарттарымен сәйкес тіркеуі керек 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет